Presidents_candidates

Үміткерлерге қойылатын талаптар: ТМД тәжірибесі

Бұған дейін Қазақстанда саяси партиялар мен ұйымдардан бөлек, қарапайым азаматтар да өзін өзі ұсынып, президент сайлауына қатыса алатын. Бірақ Сайлау туралы заңға жаңа өзгерістер енуі мүмкін. Онда президент үміткерлеріне қойылатын талаптар онан сайын күшейтіліп, азаматтар өзін өзі ұсынуы алынып тасталған. Егер жаңа заң жобасы мақұлданса, онда Қазақстан пост советтік елдердегі өзін өзі ұсынуға тыйым салған Өзбекстан, Тәжікстаннан кейінгі үшінші ел болады. Осы орайда Азаттық ТМД кеңістігіндегі елдерде президенттіктен үміткерлерге қойылатын талаптарды салыстырып көрген еді.

Жалпы пост советтік кеңістікте үміткерлерге қойылатын талаптардың жоғары екенін сарапшылар бұрыннан айтып келеді. Пост советтік елдер арасында үш мемлекетте кандидаттардың жасы 40-тан басталуы шарт: Қазақстан, Молдова және Түркіменстан.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, үміткерлер үшін елде тұру ұзақтығы 15 жыл болуы тиіс деген шарт қатаңдау. Бұл жағынан алғанда ең демократиялық ел – Грузия болып шықты. (Картаны тұтас көру үшін ұлғайтуды басыңыз)