11 жыл бұрын Алматы маңындағы Шаңырақ ауылы тұрғындары полицияның үйлерін бұзу әрекетіне ұйымдасып қарсы шыққан еді.
Азаматтық белсенділер Берік Жағыпаров пен Асқар Қошанов "ұсақ бұзақылық жасады" деген айыппен бес тәулік әкімшілік қамауға алынды.
Тәжікстанның Согдия облыстық салық комитетінің басшылығы, өздерінің қымбат көліктерді қалай алғандарын түсіндірмек болды.
Алты баласы бар Елена Потапова тұрақты тіркеуі жоқтықтан пәтер кезегіне тұра алмай, "көпбалалы ана" мәртебені де ала алмай жүргенін айтады.
Харькова "кәсіподақтың 15 миллион теңгесін жымқырды" деп айыпталып отыр. Ол "ешқайда кетпейтіні" туралы қолхатпен бостандықта жүр.
Белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов "тек шындықты сөйлейтін" ұстаным-көзқарасы билікке жақпайтынын айтады.
Ресейлік құқық қорғаушы Виталий Пономаревті Қырғызстанға кіргізбей жатыр. Оның шекара маңындағы бекетте отырғанына үш күн болды.
Қытайда туып-өскен этникалық қазақ Фархат Бимаш Астанада өтіп жатқан EXPO көрмесіне сол елдегі «Шанхай» бишілер тобын бастап келген.
Шілденің 10-ы күні Алматы қаласында қамауда отырған Жанболат Мамай өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іспен танысуды бастады.
Азаттыққа Петропавлда түрмеде отырған белсенділер Талғат Аян мен Макс Боқаев, құқық қорғаушы Вадим Курамшинмен кездесуге рұқсат бермеді.
Шымкент соты бизнесмен Тоқтар Төлешовпен бірге сегіз адамға қатысты істі қарай бастады. Төлешов "экономикалық қылмыстар жасады" деп айыпталған.
Қазақстанда жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер шілденің 1-інен бастап міндетті медициналық сақтандыру қорына жарна аудара бастады.
Тағы