Мысырда қамалған алты студент елге оралды, Белсенділер түрмедегі Талғат Аянмен кездесті, құқық қорғаушы Рамазан Есіргепов Парижге кетті.
Мәскеудің Симоновский аудандық соты Алексей Навальныйге митинг өткізу тәртібін қайталай бұзды деп, 300 мың рубль (4900$) айыппұл салды.
Қазақстанда жаңа босанған аналардың 98% баласын бірден емізеді. Бірақ нәресте бір жасқа толғанда бұл көрсеткіш 15% болып азаяды.
Қытайға оқуға түскен ондаған қазақстандық студент Алматыдағы Қытай консулдығына визаға құжат тапсыра алмай жүргендерін айтып шағымданады.
Қазақстандық студенттерді шетелде даярлау жүйесі кейін олардың елде жұмыс істеуіне қатысты туатын жанжалдарға үнемі түрткі болады.
Қазақстан СІМ Египетке сол елде қамауда отырған алты қазақстандық студенттің жағдайын түсіндіруді сұрап, ресми қарсылық нотасын жолдады.
Алматының Алмалы аудандық сотында 1 тамызда азаматтық белсенді Олеся Халабузарьдің ісі бойынша сот басталып, жылдам аяқталды.
Бүгін сотта Асылжан Жампозов істің әкесіне қатысты эпизодтарын қарауды тоқтатуға қарсылық танытты. Ол әкесін ақтап шығуды көздеп отыр.
Қырғызстанда қазан айында өтетін президент сайлауына кандидат ұсыну аяқталуына санаулы күн қалды. Осы жолғы сайлаудың ерекшелігі қандай?
Өмірбек Жампозов ісі қайта тергеуге жіберілді. Лариса Харьковаға қатысты үкім шықты. Сот Анна Белоусованың шағымын қанағаттандырмады.
"Ата Мекен" мүшелері Өмірбек Текебаевты мемлекеттік тіл бойынша емтиханға жіберуді талап етті. Әйтпегенде партия мүшелері аштық жарияламақ.
Өмірбек Жампозовтың бұрынғы әріптестері марқұмды «талапшыл да сыпайы басшы болған» деп сипаттайды.
Тағы