Оңтүстік Қазақстан облысында жылына ВИЧ инфекциясын жұқтырған ондаған әйел балалы болады.
Халықаралық кәсіподақтар ұйымы конфедерациясы (ITUC) Қазақстан билігін сотталған Әмин Елеусінов, Нұрбек Құшақбаевты босатуға шақырды.
Ақтау cоты жатаханада тұрып жатқан оралмандарды шығару және олардан материалдық шығын өндіру туралы талап арызды қараусыз қалдырды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев "елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің туғанына 80 жыл толуын мерекелеу туралы" қаулы шығарды.
Азаматтық белсенді Алмат Жұмағұлов бүгін тағы тергеуге шақырылған. Адвокатының сөзінше, оған қатысты бұлтартпау шарасы өзгеруі мүмкін.
Сот Махамбет Әбжанды үш жарым жылға соттап, жәбірленуші пайдасына 2,5 миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Сарапшылар Атамбаевтың дипломатиялық тілден гөрі, қарапайым тілде эмоциямен сөйлегені халықаралық саясатта «пайда әкелмегенін» айтады.
Қазақстанды үзбей басқарып келе жатқан президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева елдегі билік тұрақтылығы мен болашақты болжау мүмкіндігі – "алдағы көп жылға" жоспар құруға жол ашатын "зор бақыт" деп мәлімдеді.
"Қылмыстық реформа мониторингі мен адам құқықтары комитеті" қоғамдық ұйымы жетекшісі Светлана Ковлягина Қазақстандағы азаптауға қатысты "алаңдатарлық" ахуалға байланысты тұтқындар шағымдана алатындай қауіпсіз тетіктерді іске қосу қажет деп санайды.
Макка Қаражанова 1966 жылы Ресейдің Орынбор қаласында дүниеге келген. Отыз жылдан бері Украинаның Харьков қаласында тұратын жеке кәсіпкер екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақ жауынгерлерін анықтаумен айналысатын белсенді ретінде танылған.
Қарашаның 21-інде Зимбабве президенті Роберт Мугабенің "отставкаға кеткенін" парламент спикері Джейкоб Муденда ресми түрде жария етті. Сарапшылар "саяси тұрғыда Зимбабвеге айтылған сынның Қазақстанға да қатысы бар" дейді.
Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты Білім және ғылым министрлігінен алынып, Мәдениет министрлігі қарамағына уақытша берілуі мүмкін. Институт қызметкерлері бұл бастамаға қарсы.
Тағы