Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты Білім және ғылым министрлігінен алынып, Мәдениет министрлігі қарамағына уақытша берілуі мүмкін. Институт қызметкерлері бұл бастамаға қарсы.
Тәжікстанда мемлекеттік және жекеменшік радиоларға президент Эмомали Рахмонның шығармаларын оқу міндеттелді.
Атамбаев "көршіге сабақ" болатын ісіне өкінбейтінін айтты.
Петропавлдық белсенді Өмір Есқали «Октябрь төңкерісінің 100 жылдығы» құрметіне ұйымдастырылған көрменің өтуіне қарсы.
17 қарашада таңертең Қырғызстанның Шу облысындағы Қазақстанмен арадағы шекара бекеттерінде 500-ге жуық жүк көлігі жиналып қалған.
Қапшағай қаласының соты "қаржы жымқырды және салықтан жалтарды" деген айыппен сотталған Сейітқазы Матаевты қамаудан босатты.
Ақмола облысы Ақкөл ауданында Сара Назарбаева атындағы "табиғи парктің" жобасы таныстырылған.
Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылында төрт оқушы орамал таққаны үшін бір айдан бері сабаққа бармай жүр.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында өзінің ешкімнен кешірім сұрамайтынын мәлімдеді.
Адвокат Айман Омарова, Сирияға кеткендердің қайта оралған бала-шағасын зардап шегуші ретінде танып, қоғамға бейімдеу керегін айтады.
Баласы "соғыс аймағында қаза тапқан" Орынкүл Қаратаева, Қазақстан үкіметі "келіні мен төрт немересін кері қайтаруға көмектессе" дейді.
Оралдың тұрғыны, 29 жастағы әйел төрт баласымен 13 қарашада Грозныйға арнайы рейспен жеткізілген.
Тағы