ЕО Беларуське адам құқықтары мен демократия талаптарын бұзғаны үшін салған санкцияларының біразын алып тастап, Минскімен ынтымақтастық жобасын әзірледі. Бұл Беларусь авторитарлық режимін онан сайын еркінсітеді деп уайымдайтындар бар.
Қазақстанда теңге девальвациясынан соң көптеген тауар, азық-түлік пен қызмет түрлерінің бағасы Қырғызстанмен салыстырғанда арзандаған. Қырғыз кәсіпкерлері тауарды енді Алматыдан тасуға көшті.
Армениядағы референдумда сайлаушылардың көбі биліктің президенттен парламентке өтуін қолдап дауыс берді. Бірақ референдум нәтижесіне дау айтушылар да бар.
Ресейде өткен аймақаралық жиында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтағы күрделі жағдайды «сыртқы ықпалдан» деп түсіндірді.
Қазақстанға келе жатқан жүк көліктері Ресей кеденінен өте алмай 9 күн тұрды. Қазақстан шенеунігі Ресейдің халықаралық конвенцияны орындамайтынын және онысын түсіндірмейтінін айтады.
Ресей президенті Владимир Путин бұрынғы Совет одағы кеңістігінен долларды ығыстырып шығару туралы заң жобасын ұсынғанда ТМД елдерінің көпшілігі бұған аса таңырқай қойған жоқ.
ЕАЭО-на кірген соң Қырғызстанда үшінші елдерден әкелінетін тауарлар қымбаттады. Енді Қазақстанда да баға қымбаттауы мүмкін деген қауіп айтыла бастады.
Қазақстандық өнімді Ресейге сату қиындығына енді Ресей нарығына Қазақстан арқылы заңсыз түскен өнімдерді жою проблемасы қосылды.
Қырғызстанмен арадағы кедендік бақылаудың алынуы қазақстандық тауардың бәсекеге қабілетіне сын болады дейді сарапшылар.
Уфадағы БРИКС пен ШЫҰ саммиттері кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу жетекшілігіндегі Еуразия одағы мен халықаралық ұйымдар әріптестігі туралы сөз қозғады.
Арменияның полиция басшысы Еревандағы наразылық шеруінде ерекше көзге түсті. Оның шерушілерге айтқан қаһарлы сөздеріне кейбіреулер ашуланса, енді біреулер күлкіге айналдырды.
Қырғызстанның "Дордой" базарындағы дағдарысты саудагерлер ЕАЭО-ға қосылу шартының толық бекімеуінен көреді. Ал Қазақстан кәсіпкерлері шекарадағы кеденнің алынуын күтіп отыр.
Тағы