Луганскіде ресейшілдер областық әкімшілік, прокуратура, милиция және телеорталықты басып алды.
Шығыс Украинадағы ресейшіл сепаратистер Георгий лентасын тағып жүр. Бұл белгілеріне бола оларды келеке етіп, қоңызға теңейтіндер де бар.
Украинада жүргізілген сауалнама нәтижесі бокстан әлем чемпионы және УДАР партиясының жетекшісі Виталий Кличконың Киев мэрі сайлауында жеңіске жетуі мүмкін екенін көрсетті.
Украинада президент сайлауына бір ай уақыт қалды. Бірақ ел астанасынан үлкен науқанның ешқандай белгісін көре алмайсыз.
Донецкіде облыстық телерадиокомпанияны басып алған ресейшіл сепаратистер аймақта ресейлік телеарналар хабарын таратуды талап етті.
Луганскіде мемлекеттік қауіпсіздік кеңсесін басып алған топ аймақта «Халық республикасы» құрылғанын жариялады.
Ресей қорғаныс министрлігінің «Қырымды қайтарғаны үшін» медалі назар аудара қоятын дүние емес. Бірақ оған жазылған сөз түрлі сауал тудырды.
Азаттыққа Украинадағы жағдай туралы сұхбат беріп, Ресей саясатын сынаған алматылық белсенді украин мәдени орталығынан қуылғанын айтады. Қазақстан халқы ассамблеясы оны жоққа шығарады.
Шығыс Украинада журналистер, жергілікті саясаткерлер, қарапайым азаматтар жоғалып жатыр. Баспасөзді қорғайтын халықаралық ұйым жоғалып кеткен, қаза тапқан, сепаратистер қамауында отырған адамдар тізімін жариялады.
Қырымда тәуелсіз қоғамдық ұйымдардың жұмысына қауіп төндіретін Ресей заңдары күшіне енді. Ал түбектегі еуропашыл белсенділер бірігуге әзір екендерін айтады.
Тағы