Ресейге жаңа санкциялар салынса, Қазақстан мұнай экспортының жаңа маршруттарын іздеуге мәжбүр болады. Бірақ Украина дағдарысы қазірдің өзінде экономиканың кейбір салаларына әсер етті.
Азаттыққа көлемді сұхбат берген Молдаваның сыртқы істер министрі Наталья Герман Украинадағы дағдарыс, Молдованың ЕО-ға қосылуы, орыс тілді БАҚ рөлі туралы пікірімен бөлісті.
Украинада елдің екіге жарылуы биыл Пасха мерекесі кезінде айқын білінді. Православ украиндардың бір бөлігі Мәскеу патриархатына қарасты, ал екіншісі - Киевке қарасты шіркеуге барып дұға қылды.
Донецкідегі синагогада антисемитшіл буклеттердің таратылуы елдегі саяси кикілжіңге жергілікті еврей қауымдастығын мәжбүрлеп араластырғысы келетіндердің бар екенін дәлелдейді.
Ресей Украина дағдарысына қатысты үнемі жалған ақпарат таратып келеді. Мәскеудің беделді институтының профессоры халықтың неліктен оған сенетінін түсіндірді.
Украина дағдарысын Женевада талқылаған Ресей, АҚШ, ЕО және Украина өкілдері жағдайды тыныштандыру жолдарын белгіледі. Азаттық тілшісі құжатты шолып шығып, іске асуы мүмкін және орындалуы қиын тұстарын анықтады.
Украиналық саяси сарапшы Иван Лозовой Харьков және Луганск қалаларына барып қайтты. Азаттыққа сұхбат берген ол Украинадағы жағдайды ушықтырып отырған Донбасс олигархтары жайлы айтты.
Украина билігі «армия елдің шығысында тәртіп орнатады, терроризмге қарсы операция жүргізеді» деп мәлімдеді. Бірақ тәртіп орнатудың орнына қарулы күштер Краматорск қаласында алты БТР-інен айырылды.
Донецкіде Украинаның біртұтастығын қолдау жиынына қатысушылар көлемі 1350 шаршы метр мемлекеттік туды жайды.
Украина астанасында тұрғындарға соғыс басталса, не істеу керегін түсіндіретін хабарландырулар пайда болып, бір тәулікке жетпей қайтадан алынып тасталды.
Чехияның Острава қаласындағы қонақ үй қожайыны Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне наразылық білдірудің ерекше түрін ойлап тапты. Ол Ресей азаматтарын қонақ үйіне кіргізбейді.
Украинаның шығысындағы Славянск қаласына барған Украина әскері жергілікті ресейшіл тұрғындар жағына шықты.
Тағы