ЕҚЫҰ бақылау тобы Украинаның шығысындағы малайзиялық жолаушылар ұшағы құлаған жерге келді.
«Aviation Safety» журналының редакторы Джозеф Бернсайд Азаттыққа сұхбатында малайзиялық ұшақ құлаған жерден сарапшылар қандай айғақтар іздейтіні жайлы айтты.
Ресейліктердің көбі әлем жаңалықтарын мемлекеттік телеарналардан біледі. Шілденің 17-сі күні Украинаның шығысында құлаған Малайзияның жолаушылар ұшағы туралы оларға не айтылды?
2008 жылы Ресей мен Грузия арасы шиеленіскен кезде Францияның сол кездегі президенті Николя Саркози бітімгер болды. Бірақ ол келісімнің шарттарын Ресей орындаған жоқ.
Украина аспанында Boeing 777 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған соң ол елдегі қарулы қақтығыстың бақылаудан шығып кеткені жайлы айтыла бастады.
АҚШ Ресейге жаңа санкциялар салатынын хабарлады. Санкциялардың үшінші легі алдыңғысынан анағұрлым қатал. ЕО да Мәскеуге қысымды күшейтетінін мәлімдеді. Бұдан нендей нәтиже шығуы мүмкін?
Украина шығысында Малайзия жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына қатысты әлемде түрлі реакция болып жатыр. Қазақстанмен қоса, бірнеше ел ұшақтарына Украина арқылы ұшуға тыйым салды.
Малайзияның Malaysia Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 777 ұшағы белгісіз зымыран шабуылына ұшырап, Украинаның Донецк облысындағы Торез қаласы маңына құлағаны хабарланды.
Еуропадағы адам құқығы жөніндегі сот қырым татарлары жетекшісі Мұстафа Жемилевтің ұлы Хайсер Жемилевті босатуды талап еткенмен, оны әлі Қырымда тұтқында ұстап отыр.
Мәскеу екі журналистің өліміне қатысы бар деген күдікпен тұтқында ұстап отырған украиналық әскери ұшқыш Савченконың жақындарымен және Украинаның ресми өкілдерімен жүздесуіне рұқсат бермейді.
Украинаның шығысындағы қарулы қақтығысқа өз еркімен барған армениялық азамат ол жақтан неге кетіп қалғанын айтты.
Ресейдің мемлекеттік телеарналары «Прагадағы өнер галереясына Украинадағы ресейшіл сепаратистерді қолдауға арналған көрме қойылғанын» үлкен жаңалық етіп хабарлады.
Тағы