Accessibility links

ЕҚЫҰ сарапшылар ұшақ құлаған жерге келді


ЕҚЫҰ сарапшылар ұшақ құлаған жерге келді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:23 0:00

ЕҚЫҰ арнайы бақылау тобы 20 шілде күні Украинаның шығысындағы Грабово селосына келді. Олармен бірге қарулы сепаратистер еріп жүрді. Осы маңға құлаған Малайзиялық жолаушылар ұшағы әскери «жер-әуе» зымыранымен атып түсірілген деген болжам бар. Украина үкіметі мен сепаратистер ұшақ құлаған жерге халықаралық бақылаушылардың еркін баруын қамтамасыз етуге уәде еткеніне қарамастан, ЕҚЫҰ миссиясының қызметкері Александр Хуг атыс естіліп жатқан бұл ауданға келген халықаралық сарапшылар өміріне қауіп барын айтты. Жексенбі күні сепаратистер жетекшісі Александр Бородай ұшақ құлаған орыннан табылған 196 жолаушының сүйектері 15 километр жердегі Торез станциясына жеткізіліп, тоңазытқыш вагондарға салынғанын мәлімдеген. 17 шілде күні Украинаның шығысында құлаған малайзиялық жолаушылар ұшағында болған 298 адам түгел қаза тапты.

XS
SM
MD
LG