АҚШ санкциясына ілінгелі Ресейдің «Калашников» автоматының саудасы, керісінше қыза түскен. Ресей «Вашингтонның бұл шешімі ең алдымен америкалық тұтынушыларға кесірін тигізеді» дейді.
Украина дағдарысы туралы осы елдің өзінен тікелей хабар алу қиындап барады. Оның үстіне, интернетке шыққан ақпараттар жоғалып кетіп жатыр.
Әлем назары Малайзия жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан адамдарды жерлеу рәсіміне ауып тұр. Ал Украинадағы ұшақ құлаған жерді зерттеуге кедергі көп. Апат себебін анықтау қиын болатын сияқты.
Украинаның шығысында террорға қарсы операция (АТО) жүргізіп жатқан жауынгерлер ресейліктермен соғысып жатқандарын айтады.
Донецкідегі сепаратистер Украина әскерінің шабуылына дайындалып жатыр. Қарулы қақтығыстардан қаланың су жүйесі зақымданды. Халық енді сусыз қалудан қорқып отыр.
Malaysia Airlines жолаушылар ұшағы құлаған Украинаның Донецк облысындағы жерге малайзиялық сарапшылар келді.
Куала-Лумпурдегі Ресей мен Украина елшіліктеріне келген ондаған адам ұшақ апатын анықтау үшін әділетті тергеу жүргізілуін талап етті.
Украинада құлаған Malaysian Airlines компаниясының жолаушылар ұшағын ресейшіл сепаратистер атып түсіргенін дәлелдейтін айғақтар көбейді. Ал Мәскеу халықаралық тергеу жүргізуге кедергі келтіріп отыр.
Кремльдің Украинадағы дағдарысқа қатысты ұстанымы Ресейге тікұшақ таситын әскери кеме сатпақ болған француз үкіметін айнытты.
Ресей президенті Владимир Путин малайзиялық Boeing 777 ұшағының Украинадағы апаты жайлы үндеу жариялады. Апат орнынан қазірге дейін 270 адамның сүйегі табылғаны хабарланды.
Украинада құлаған ұшақта қаза болғандарға байланысты Нидерланд консулдығына көңіл айтып, гүл шоқтарын қою жалғасып жатыр.
Украина үкіметі Луганск облысын бақылауына алу үшін әрекет етіп жатыр. Бірақ Ресеймен шекаралас сепаратистік аймаққа билік жүргізу оңайға түспейтін сияқты.
Тағы