Accessibility links

Ұшақ құлаған жерде


Ұшақ құлаған жерде
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:53 0:00

Малайзиялық сарапшылар Malaysia Airlines әуе компаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағы құлаған Украинаның Донецк облысындағы жерге келді. 17 шілде күні жолаушылар ұшағы құлағаннан бері малайзиялық тергеушілер ЕҚЫҰ бақылаушыларымен бірге бұл жерге алғаш рет келіп отыр. Ұшақ құлаған аймаққа қойылған күзетке жалпы қанағаттанатындарын білдірген сарапшылар апатты зерттеуді өзге елдердің мамандарымен бірлесіп жүргізетіндерін айтты. 22 шілде күні сепаратистер жетекшілерінің бірі Александр Бородай ұшақ құлаған жерге тергеушілердің еш бөгетсіз баруына келісті. Украина президенті Петр Порошенко апат болған аймақта 40 километрлік радиуста атысты тоқтату туралы мәлімдеді. БІрақ ұшақ қаңқалары құлаған тұстан 15 километрдей жерде орналасқан Шахтерск кентінің тұрғындары сейсенбі күні елдімекенге әскери қарудан соққы берілгенін айтады.

XS
SM
MD
LG