Қазақстандық интернет қолданушылар Украинаның бұрынғы бас прокуроры Пшонканың «Қазақстан азаматтығын алғаны» туралы хабарды қызу талқылады. Астана ол қауесетті жоққа шығарды.
Мәскеу Қырымды Киевке бермейтінін айтады. Ал Украина билігі мен азаматтық қоғамы Қара теңіздегі бұл түбекті өзіне қаратып алудың стратегиясын ойластыруға кіріскен.
Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы шайқастар таяп қалған Донецкіде қалған жұрт азық-түлік пен май шам қорын қамдап жатыр.
Ресей медиа-магнаты Михаил Лесин АҚШ сенатының қырына ілікті. Сенаторлар оның Лос-Анджелестен қымбат пәтер алуға ақшаны қайдан тапқанын тексеруді сұрады.
Кремль Украинадағы соғысты «көрші елдің ішкі мәселесі» дейді. Бірақ Украинада жүрген немесе шекара маңындағы Ресей сарбаздарының суреттері Мәскеу мәлімдемесін теріске шығарады.
«SOS әскері» мен «ДХР әскери комиссариаты» ұйымдары Украинадағы соғыста қай жаққа көмектесіп жатыр?
Ресейшіл сепаратистердің дәрмені құрып, басарға тауы қалмай барады. Бірақ олардың жетекшісі тығырықтан шығар жолды білетін сияқты. Ол сепаратистерге бейпіл сөз айтуға тыйым салды.
АҚШ пен ЕО осы аптада Ресейге байланысты жаңа санкциялар қабылдады. Қазақстандық мамандар көрші мемлекетке қарсы бұл шараның өз елдеріне қандай әсері боларын болжайды.
АҚШ пен Еуропа Одағы Украинаның шығысындағы қарулы сепаратистерді қолдап отырған Ресейге бірнеше сала бойынша тағы санкциялар салды.
Донецкіде он қабатты тұрғын үйге түскен снарядтан бір адам қаза тапқан. Снарядтар көпқабатты екі тұрғын үйдің пәтерлерін бұзған.
Киевтік театр режиссері Павел Юров пен суретші Денис Грищукті Славянск қаласында Игорь Стрелков басқарған ресейшіл сепаратистер 70 күн бойы тұтқында ұстады.
Twitter әлеуметтік желісіндегі жаңа бағдарлама АҚШ, Украина мен Ресей үкіметінде Украинаға қатысты даулы деректерді «Википедия» сайтына өзінше өңдеп бергісі келетіндер барын көрсетті.
Тағы