Донецк: қоршауға дайындық
Украина әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы шайқастар Донецк маңына тақап келеді. Қалада қалған тұрғындар қоршау ұзақ уақытқа созылуы мүмкін деген қауіппен азық-түлік пен май шам қорын қамдап жатыр. Осыдан бірнеше апта бұрын ғана қала саябақтарында адамдар серуендеп, дүкендер мен дәмханалар жұмыс істеп тұрған еді. Қазір көшелер негізінен бос қалған, вокзалда қаладан кетуге асыққан адамдар кезігеді. Сепаратистерге жергілікті халықтың қаншалықты қолдау танытып отырғаны түсініксіз. Кейбір тұрғындар шегіне соғысып жүрген қарулы көтерілісшілерді жақтап сөйлеп, украиналық әскердің Донецкінің орталығындағы тұрғын үйлерді нысанаға алғанына наразылық білдіреді. Енді бір тұрғындар қалада камуфляж киген қарулы адамдардың пайда болғанына реніш айтады.