2014 жылы Ресей аннексиялап алған Қырым түбегінің билігі аймақ тарихындағы алғашқы үш жылдық бюджет жобасын қабылдады. Құжатқа сәйкес, федералдық орталық бөлетін субсидиялардың ұлғаюының арқасында бюджет тапшылығы мүлде болмауы тиіс. Жоспарға сәйкес, аймақ кірісіндегі субсидия үлесі жыл сайын өсіп, 2020 жылға қарай 79 пайызға жетеді. Бірақ сарапшылар пікірінше, Қырымның экономикалық даму перспективасы тіпті Мәскеудің қолдауына қарамастан бұлыңғыр болып қала береді.