6 шілдеде "Хабар" телеарнасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы сегіз сағаттық деректі фильмнің екі сағаттық нұсқасын көрсетті. Сыншылар Қазақстанның экс-президенті туралы кезекті фильм диктаторлардың дәстүріне сай келетінін айтады. Азаттық тілшісі фильмді көріп, ең қызық жерлерін тізіп шықты.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев президент болып тұрған кезде облыс орталығы мәртебесінен айырылып, Шығыс Қазақстан облысы құрамындағы қала болып қалған Семейде "Абай арена" деген спорт кешенінің атауын "Елбасы аренаға" айырбастауға келіспейтіндер бар.
Бүгін, 19 наурыз Қазақстанды отыз жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттіктен кеткеніне, Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болғанына екі жыл толды. Осы аралықта елде қандай өзгерістер болды?
Орталық Азияда династия құру идеясы бұрыннан бар. Жақында Сердар Бердімұхамедов түркімен үкіметінде үш бірдей ықпалды лауазымға ие болды. Бұл оның әкесі, президент Гурбангулы Бердімұхамедов билікті ұлына қалдыруы мүмкін деген болжамды күшейтті.
Қазақстан астанасында экс-президент, қазір қауіпсіздік қызметі мен билеуші партияны басқаратын Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы бір музей ашылды. Жаңа музей оның атындағы кітапхананың жанынан салынған.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "Ядролық сынақтан азат әлем үшін чемпион" мәртебесі берілгені туралы хабарламасы "елбасы" көп атақ-дәрежеге ие елде екіұшты пікір туғызды.
Орталық Азия президенттерінің елді аралағанда қарапайым тұрғындардың қонағы болуын сарапшылар бедел көтеру үшін қолданатын саяси технологияға жатқызады.
8 шілдеде халыққа үндеуінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пен пневмонияға шалдыққандардың күрт көбеюіне пандемияға "тойтарыс беруге әзір болмаған" денсаулық сақтау министрлігі мен "сақтық шараларын орындамаған" тұрғындарды кінәлады. Тоқаевтың сөзін ел қалай қабылдады?
Нұр-Сұлтанда 6 шілдеде - Астана күніне орай қаланың үш жерінен салют атылды. Мереке елде коронавирус пен пневмония өршіген сәтпен және елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келді. Нұр-Сұлтандағы отшашу әлеуметтік желіде сынға ұшырады.
Қазақстанды отыз жылға жуық басқарып, былтыр президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев 6 шілдеде 80 жасқа толды. Мемлекеттік биліктің бір тармағына әлі де ықпалын жүргізіп отырған Назарбаев қандай мұра қалдырды? Азаттық Назарбаевтың замандастары мен кейінгі буын өкілдерінен сұрап көрді.
Түркіменстанда сұрапыл дауылдан соң екі ай өтсе де, одан қатты зардап шеккен екі аймақтың тұрғындары үйін әлі қалпына келтіре алмай жатқанын айтады. Елдімекендерде жарық жиі сөнеді, телефон, интернет байланысы жоқ.
Тағы