11 қыркүйекте америкалықтар 9/11 лаңкестік шабуылының 20 жылдығын атап өтті. Еске алу шараларына АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден мен үш бұрынғы президенті қатысты.
2001 жылы 11 қыркүйекте террористер өздері басып алған төрт жолаушылар ұшағын Дүниежүзілік сауда орталығының қос мұнарасына, Пентагон мен Пенсильвания жазығына бағыттап, 3 мың адамның өмірін қиды. Тарихта 9/11 деген атпен қалған қанды шабуылдан кейін әлем қалай өзгерді, не нәрсе өзгеріссіз қалды?
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Конгреске арналған баяндамасында Қытай, Мьянма, Эфиопия, Ирак, Сирия және Оңтүстік Судан елдеріндегі геноцид және жауыздық әрекеттерін атап өтіп, АҚШ-тың оған қарсы қандай шара қабылдап жатқаны туралы есеп берді.
АҚШ өлім жазасын кесуге федералдық деңгейде мораторий жариялады. Бұл - өз аумағында әлі күнге дейін өлім жазасы орындалып келе жатқан жалғыз Батыс елі. Amnesty International ұйымы әлемде өлім жазасының азаю тенденциясы байқалатынын айтады.
16 маусымда АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин Женевада кездеспек. Екеуі бұған дейін 2011 жылы Мәскеуде кездескен еді. Қазір Мәскеу мен Вашингтонның арасы онша емес. Екі президенттің кездесуі қарым-қатынасты жақсарта ма? Сарапшылар көп үміт артудың қажеті жоқ дейді.
2011 жылы 2 мамырға қараған түні АҚШ әскери жасағының түнгі рейді кезінде Усама Бен Ладен мерт болды.
Пекин Ауғанстандағы ықпалын күшейтуге қамданып жатыр, бірақ елде аласапыран басталып кетсе, оған белшеден батқысы жоқ.
Сарапшылар АҚШ Ауғанстаннан әскерін әкетсе, Иранның аймақтағы ықпалы күшейетінін айтады. Бірақ мемлекетте бұрқ ете түсуі мүмкін кез келген озбырлық Тегеранға қиындық туғызып, соның салдарынан Иран жағдайды уысынан шығарып алуы да ықтимал.
АҚШ Ауғанстанға 20 жыл бұрын кіргізген әскерінен қалған 2,5 мың сарбазды бұл елден әкетпек. НАТО да өз әскерін әкететінін мәлімдеді. Сарапшылар Ауғанстан үкіметі күштерінің "Талибан" экстремистеріне қарсы тұруға шамасы жетпейді деп алаңдап отыр.
Вашингтонның жаңа санкциялары АҚШ банктеріне Ресей мемлекеттік облигацияларын тікелей сатып алуға тыйым салады. Ақ үйдің лауазымды шенеунігі бұл Путин режимін АҚШ халқы есебінен қаржыландыруды тоқтату үшін жасалған шара дейді. Сарапшылар санкцияның қалай әсер ететіні әзірге белгісіз екенін айтады.
АҚШ-тың Миннеаполис қаласында бұрынғы полицей Дерек Шовиннің ісі жөнінде сот процесі басталды. Оған афроамерикалық Джордж Флойдты өлтірді деген айып тағылып отыр. Бұл өлім былтыр бүкіл ел аумағына тараған наразылық толқынына әкелді.
10 ақпан күні АҚШ сенаты президенттіктен кеткен Трампқа импичмент жариялау мәселесін тергей бастайды. Бұл процесс кемі бір аптаға созылмақ. Заңда қызметінен кеткен президентке импичмент жариялау қарастырылған ба? Қарастырылса, істі аяғына жеткізу үшін сенат қалай дауыс беруі керек? Түсіндіреміз.
Тағы