АҚШ-тың жаңа сайланған вице-президенті Камала Харрис саяси карьерасын Калифорниядағы қылмыскерлерді іздеуден бастаған.
АҚШ-та тұратын қазақстандықтар Азаттыққа белсенді сайлаушылар, саяси науқанға қатысты қызу талқы мен сайлау нәтижесі жаппай тәртіпсіздікке ұласуы мүмкін деген қауіп туралы әңгімелеп берді.
АҚШ-та президент сайлауының қорытындысы әлі шыққан жоқ. Бірақ демократ Джо Байден озып келеді. Ал республикашыл Дональд Трамптың сайлау штабы кейбір өңірде нәтиже бұрмаланды деп, санақты тоқтату үшін сотқа арызданды. Бұған қарсы тұрғындар демонстрацияға шықты.
Қытайдың алып экономикасы пандемияның ауыр зардабын артқа тастап, қайта бас көтергенде, Орталық Азияның әлжуаз елдері барған сайын күшейіп бара жатқан Пекинге экономикалық және саяси тұрғыдан кіріптар болып қалуы ықтимал.
АҚШ TikTok әлеуметтік желісі жұрттың деректерін "Қытай биілігімен бөліседі" деп сезіктенеді. TikTok оны терістейді. Қазақстан бұл желіге қарсы шыға ала ма?
Гонконгтан АҚШ-қа қашқан қытай ғалымы, вирусолог дәрігер Янь Лимэн Қытай басшылығын коронавирустың жаңа түрінің таралуы туралы ақпаратты жасырды деп айыптады.
АҚШ-та расизмді айыптаған наразылар 7-президент Эндрю Джексонның Ақ үй маңында 170 жылдан бері тұрған ескерткішін құлатпақ болды. Нью-Йорк мэрі 26-президент Теодор Рузвельттің музей алдындағы ескерткішін көшіруге келісті. Қазіргі президент Дональд Трамп наразылардың әрекетін құптамайтынын айтты.
17 маусым күні АҚШ президенті Дональд Трамп Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым жасаған Қытай шенеуніктерге санкция салатын заңға қол қойды.
Тағы