Сайлауда жеңілгенін мойындамаған Дональд Трамп штаттардағы Республикалық партия басшыларына қысым жасай бастады. Дегенмен Ақ үйге шақырылған Мичиган штатының өкілдері "сайлау заңы бұзылған жоқ" деді, ал партия өкілі "биліктегі президенттің демократияға қайшы әрекетін" өткір сынға алды.
Вашингтонның Ауғанстаннан екі мың сарбазын алып кету туралы шешімі қарама-қайшы пікір тудырды. Бірі әскер санының бұлай азаюы экстремистік топтарды жігерлендіреді десе, бірі шиеленісті шешуге оң әсер береді дейді.
Ресей медиасы Трамп штабы айтқан "дауыстарды жаппай ұрлауға" көп мән берді, бірақ олар бұған нақты дәлел жоқтығын ескертпеді.
АҚШ-тың жаңа сайланған вице-президенті Камала Харрис саяси карьерасын Калифорниядағы қылмыскерлерді іздеуден бастаған.
АҚШ-та тұратын қазақстандықтар Азаттыққа белсенді сайлаушылар, саяси науқанға қатысты қызу талқы мен сайлау нәтижесі жаппай тәртіпсіздікке ұласуы мүмкін деген қауіп туралы әңгімелеп берді.
АҚШ-та президент сайлауының қорытындысы әлі шыққан жоқ. Бірақ демократ Джо Байден озып келеді. Ал республикашыл Дональд Трамптың сайлау штабы кейбір өңірде нәтиже бұрмаланды деп, санақты тоқтату үшін сотқа арызданды. Бұған қарсы тұрғындар демонстрацияға шықты.
Қытайдың алып экономикасы пандемияның ауыр зардабын артқа тастап, қайта бас көтергенде, Орталық Азияның әлжуаз елдері барған сайын күшейіп бара жатқан Пекинге экономикалық және саяси тұрғыдан кіріптар болып қалуы ықтимал.
Тағы