Осыдан 9 жыл бұрын, 2011 жылы мамырдың 26-сы күні Жаңаөзен қаласындағы “Өзенмұнайгаз” компаниясының үш мыңнан астам мұнайшысы жұмыс жағдайына наразылық танытып, жұмыс тоқтатты.
2011 жылы 16 желтоқсанда полиция Жаңаөзенде наразылық білдіріп тұрған мұнайшыларға оқ атты. Ресми дерек бойынша, оқиғадан 17 адам мерт болып, жүздеген адам жараланды. 8 жыл бұрынғы оқиға қалай болып еді?
2011 жылғы желтоқсанда қайғылы оқиғадан кейін Жаңаөзен, Шетпе мен Ақтауға барған Азаттық тілшісі түсірген фотосуреттер.
Жаңаөзен оқиғасы жайлы "Қоңыз" романының авторымен сұхбат.
Жаңаөзенде 2011 жылы полиция ереуілшілерге оқ атқанда жараланған және қаза тапқан адамдарды көрген жергілікті жасөспірімдердің алды қазір отбасын құра бастады. Олар есеңгіреу халінен айыға алмай біраз жүргендерін айтады. Солардың бірі Азаттыққа өз жағдайын баяндап берді.
Халықаралық кәсіподақтар конгресінің Копенгагендегі жиынында Қазақстандағы жағдай туралы баяндаған тәуелсіз кәсіподақ өкілі Құспан Қосшығұлов Азаттыққа сұхбат берді.
Құқық қорғаушылар Мақсат Досмағамбетовтің қазасы қамау орындарындағы азаптауды тоқтату үшін сабақ болуы тиіс деп санайды.
1 қазанда Жаңаөзен халқы 2011 жылғы ең ірі мұнайшылар ереуілінің лидері Мақсат Досмағамбетовпен қоштасты. Жаңаөзен оқиғасына қатысты алты жылға сотталып, жазасын өтеп шыққан ереуілшілер белсендісі 29 қыркүйекте 36 жасқа қараған шағында ауруханада көз жұмған.
Жаңаөзен оқиғасына қатысты алты жылға сотталып, жазасын өтеп шыққан ереуілшілер белсендісі Мақсат Досмағамбетов 36 жасқа қараған шағында ауруханада көз жұмды.
Жаңаөзен оқиғасы кезінде туыстарынан айырылғандардың отбасы мен жараланғандар әлеуметтік қолдау мен жұмыс сұрап, президентке ашық хат жазды. "Өзенмұнайгаз" компаниясы жұмысқа алуға мораторий жарияланғанын, аутсорсингке мұқтаждық жоқтығын айтады.
Алты жыл бұрын Жаңаөзенде болған ереуілден соң сотталған мұнайшылар белсендісі Мақсат Досмағамбетовтің түрме жазасы бүгін аяқталды. Ол бұл ереуілдің құны өзі үшін өмірімен өлшенгенін айтады.
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында 2011 жылы полиция оғынан қаза болғандардың туған-туыстары құран бағыштап, марқұмдарды аза тұтты. Араларында қаралы күні дастархан жаюға шамасы келмеген үйлер де бар. Мұнайшылар адамынан айырылған отбасыларына өздері қаржы жинап, көмек көрсетті.
Тағы