«Прокурор мен тергеушіні жаралап, өзін-өзі өлтірген» Өмірбек Жампозовты сот «бөтен мүлікті иелену» айыбы бойынша кінәлі деп танып, «қазасына байланысты» жазадан босатты. Өзге бес айыпталушы түрлі жазаға тартылды. Олардың адвокаттары сот шешімімен келіспейді.