АҚШ-Иран бітімі жарияланғаннан екі күн өткенде тұрақсыздық қайта оралды. Израильдің Ливанға соққы жасауы, Парсы шығанағындағы шабуылдар және Ормуз бұғазының толық ашылмауы атысты тоқтату келісімінің бұзылу қаупін күшейтіп отыр.
АҚШ-тың түрлі президенті тұсында Таяу Шығыс бағытында дипломат болып қызмет еткен ардагер елші Джоуи Худ ақпанның аяғында басталған соғыстың алғашқы бес аптасынан АҚШ та, Иран да ауыр сабақ алғанын айтады.
АҚШ пен Иран Пәкістанның араағайындығымен атысты екі аптаға тоқтатуға келісті. Бұл бітім соғыстың ушығуын тежеп, тараптарға бейбітшілік жөнінде келісім жасауға қосымша уақыт беріп отыр.