Башқұрт тобы Ay Yola шығарған Homay әні Ресейде де, шетелде қатты тарады. Ән әсіресе Қазақстан секілді түркітілдес елдерінде танымал бола түсті. Бірақ біреулер бұл ән "башқұрт мәдениетін әлемге паш етті" десе, басқалары Ay Yola тобының мүшелері Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысын қолдайды деді.