Қазақстандағы АЭС құрылысы ресми түрде басталды. Оны ресейлік "Росатом" корпорациясы салып жатыр. Ал елдің екінші және үшінші атом станциясын Қытайдың ұлттық атом компаниясы салмақ. Ресей мен Қытай Қазақстанда салатын АЭС жобаларының қандай айырмасы бар?
Ақорда өткен аптада бастаған ауыс-түйісті әлі жалғастырып жатыр. Қаңтар оқиғасында оқ тиіп, арбаға таңылған тұрғын Алматы әкімдігін сотқа берді. Молдовадағы сайлауда ресейшіл партия жеңіліп қалды. АҚШ-та шіркеуде атыс болып, төрт адам қаза тапты.
Қазақстанда жаңадан құрылған жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі басшысы тағайындалып, оқу-ағарту министрі қызметіне жаңа адам келді. Ел президенті Нью-Йорк сапарынан оралғалы бері жасап жатқан ауыс-түйістерді Ақорда өкілі "әдеттегі ротация" деп атады.
"Орда" басылымы екі апта бұрын адам өліміне айыптаған министр Мұрат Нұртілеу қызметінен кетті. Депутаттар президент шешіміне неге пікір айта алмайды? Тоқаев Қазақстанда салынатын екінші, үшінші АЭС-тердің орнын анықтауды тапсырды.
Қытайлық компанияның әшкере болған құжаттарымен танысқан зерттеушілер Қазақстан Қытайдың әйгілі цензура құралын сатып алған елдердің бірі деп мәлімдеді. Ол ұнамсыз нәрсені бұғаттайтын және интернетті толық өшіріп тастауға мүмкіндік беретін цензура технологиясы. Астана мұны жоққа шығарды.
Қытайлық Geedge Networks жекеменшік компаниясының қолға түскен 100 мың құжатымен танысқан зерттеушілер Қазақстан Қытайдың атышулы цензура құралын сатып алған елдердің бірі деп мәлімдеді. Астана мұны жоққа шығарды.
Тоқаев Ресей мен Украина соғысында араағайын болмасақ та, келіссөз өткізуге дайынбыз деді. Қазақ мұнайы тасымалдайтын Каспий құбыр желісі тағы дрон шабуылына ұшырады. Ресейдің ықпалы күшті экономикалық одақ шартын Қазақстан үкіметі өзгерте алмай отыр.
Жоғарғы сынып оқушылары "Қазақстан тарихы" сабағында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы тақырып өтеді. Биліктен кетіп, ықпалы әлсіреген авторитар басшының оқулықтағы бейнесі мен оған берілген баға кейінгі жылдары қалай өзгерді деген сұраққа Азаттық жауап іздеп көрді.
Германияда ұсталған прокурор Дүйсенов кім? Қазақстанның бас прокуоры болған Қайрат Қожамжаровқа қандай жақындығы бар? Әскерде тағы бір сарбаз қаза тапты. Қазақстан халқының армияға сенімі қандай? Трамп сынап кетті. Тоқаев реформалауды ұсынды. Біріккен ұлттар ұйымы мінберінен кім не айтты?
Қазақстан мен Украина президенттері Нью-Йоркте жолықты. Америкада жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президентімен де сөйлесті. Қызылорда түрмесінде жатқан журналист Думан Мұхаммедкәрім тағы да аштық жариялаған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстандағы Талибанның бақылауындағы Баграм әуе базасын қайтарып алғысы келеді. 2021 жылы АҚШ әскері тастап кеткен база Трампқа не үшін керек болып қалды?
Астананың азаматтық істер соты марқұм Болат Назарбаевтың ұлына қарсы істі қарап жатқанын "За нами уже выехали" telegram-арнасы хабарлады. Оның жазуынша, шағымды Бас прокуратураның заңсыз активтерді қайтару комитеті берген, жауапкер – Нұрбол Назарбаев. Бірақ іс не жайлы екенін билік құпия жасап отыр.
Жер ресурстары департаменті Болат Назарбаевтың бала-шағасына тиесілі жерлерді қайтаруға берген арызынан бас тартты. Нұрбол Назарбаев пен Бас прокуратура соттасып жатыр. Батыс елдері біртіндеп Палестина тәуелсіздігін мойындап жатыр.
Семей қаласы алғаш рет әкім сайламақ. Кандидат болғысы келгендердің жартысы тіркеуден өте алмаған. Ақорда "саяси өзгеріс" деп дәріптейтін әкім сайлауына халық қызыға ма? Сарапшымен сұхбат. Қайрат Сатыбалдыға тиесілі "Байсат" базары аукциона шықты. Ерболат Досаевқа Ақордадан қызмет бұйырды.
Алматыда қоғам белсендісі өзен бойындағы гранит тастарды құлыптас жасайтын жерге тасып жатқанын анықтады. Граниттерге жауапты компания құрылтайшыларының бірі Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың әйелімен серіктес. Трамптың Ұлыбританияға мемлекеттік сапары жалғасып жатыр. Алғашқы күн қалай өтті?
Белсенді Санжар Боқаев Үлкен Алматы өзені бойындағы гранит тастарды әлдекімдер жеке бас пайдасына жарату үшін ұрлап жатқанын әшкереледі. Оның айтуынша, қала мүлкіне қол сұғу бір реттік ұрлық емес, жүйелі схемаға айналған. Әкімдік болса бұл дауды "жеке адамдардың ұрлық әрекеті" деп түсіндірді.
Президент Тоқаев мемлекеттік күзет қызметінің құзырын кеңейтетін жарлық шығарды. Бұған дейін жоғары лауазымды тұлғалар мен маңызды нысандарды қорғаған МКҚ енді қорғаныс өнеркәсібі, әскери техникаларды сынақтан өткізу, басқару, әскери-техникалық ынтымақтастыққа араласу сияқты жаңа өкілетке ие болды.
Тағы