Accessibility links

Платини: Расизм байқалса, матч тоқтатылады


УЕФА президенті Мишель Платини. Украина, 12 сәуір 2012 жыл.
УЕФА президенті Мишель Платини. Украина, 12 сәуір 2012 жыл.

УЕФА президенті Мишель Платини Еуро-турнирдің ашылу салтанаты өтетін Варшавадағы «Ұлттық стадионда» маусымның 5-і күні баспасөз мәслихатын өткізді.

Мишель Платини сөзін «2007 жылдың сәуірінде Польша мен Украинаға Еуропа чемпионатын өткізу құқығы берілгенінен» бастады.

– Осы уақыт аралығында талай жағдай болды. Еуропа чемпионатының өтуіне талай қауіп те төнді. Украина қаржылық дағдарыстан көп зардап шекті. Польшаның да шығыны баршылық. Еуропа чемпионаты басталар тұста Тимощенконың тұтқындалуына байланысты саяси қарсылық күшейіп, турнирге жаппай бойкот жариялау басталды, - деді ол.

Мишель Платини "ВВС арнасындағы хабарларда айтылған расизм мәселесі, тән саудасы, Италиядағы футбол коррупциясы Еуропа чемпионатының алдындағы біраз жайттарды ушықтырып жібергенін" де айтты.

- Бірақ осы жайттардың барлығына қарамастан біз чемпионаттың басталар күнге де жеттік, – дейді УЕФА президенті.

«БҮКІЛ ӘЛЕМДЕ РАСИЗМ БАР»

Мишель Платинидің айтуынша, қазір әлемде нәсілдік кемсітушілік белең алып барады.

– Бір ғана Украинада емес, бүкіл әлемде расизм бар. Егер Еуропа чемпионаты кезінде алаңда расизм оқиғасы болса, төрешілер ойынды уақытша тоқтатуға, тіпті
Қала көшелерінде жүрген полицейлер. Киев, 5 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Қала көшелерінде жүрген полицейлер. Киев, 5 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
матчтың уақыты аяқталмай жатып бітіруге құқылы, – дейді УЕФА басшысы.

Бұған дейін Англия құрамасының ойыншысы Окслейд-Чемберлен Украинаға өзінің отбасын апармайтынын мәлімдеген еді. Ол бұл елдегі расизм мәселесінен қорқатынын жасырмаған.

– Біз Еуропа чемпионатына келетін жанкүйерлердің барлығын қорғай алмаймыз. Бірақ Украина билігі «расизмге қатысты мәселені қатаң бақылаймыз» деп отыр, – деді Мишель Платини бұл мәселеге орай.

УЕФА басшысы Италиядағы коррупция мен келісілген ойындарға қатысты да мәлімдеме жасады.

– УЕФА келісілген ойындарды жою үшін қолдан келгенді жасайды. Егер Италиядағы соңғы шуға қатысты ойыншылардың ісі дәлелденсе, оларды футболдан өмір бойы шектеуіміз мүмкін, – деді Мишель Платини.

ИСПАНИЯ МЕН ГЕРМАНИЯ ТУРАЛЫ

Платинидің болжауынша, Украина мен Польша бұл чемпионатты жоғары деңгейде өткізеді.

– Біз біріншілікті екі елге тапсырғанда үлкен сенім арттық. Сол сенім ақталуға жақын. Енді Еуро-турнирдің аяқталған күні УЕФА қос елдің жұмысына толық баға береді. Ал 2016 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайтын Франция қазірдің өзінде дайындықты бастап кетті, – дейді ол.

УЕФА басшысы биылғы біріншілікте Испания мен Германияның басты фаворит санайды. Бірақ көптің көзіне іліне бермейтін команда да топ алдына шығуы мүмкін жоққа шығармады.
XS
SM
MD
LG