Accessibility links

ЕО шенеуніктерінің Украинада өтетін Еуро-турнирге барар-бармасы белгісіз


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенкоға байланысты Еуропа Одағы мен Украинаның арасында туған саяси келіспеушілік жайлы карикатура.
Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенкоға байланысты Еуропа Одағы мен Украинаның арасында туған саяси келіспеушілік жайлы карикатура.

Брюссельде өтіп жатқан Еуропа Одағы (ЕО) елдерінің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Еуро-2012 турниріне қатысты түпкілікті шешім қабылданған жоқ.

Еуропа Одағы Еуро-турнирге бойкот жасамайтынын жариялағанмен, көптеген елдердің сыртқы істер министрлері Украинаға бару-бармау мәселесін шеше алмай отыр. Шенеуніктердің талабы – «Украина билігі елдегі саяси жағдайды реттеуі керек».

Бельгия сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс «Біздің елден Украинадағы жарысқа бірде-бір шенеунік бармайды. Украина билігін әділ болуға шақырамыз. Тимошенко – биліктен қысым көріп отырған мыңның біреуі ғана» деп мәлімдемеді.

Ал Голландия министрі Ури Розенталь «Біздің ел әлі бойкот жайлы қандай да бір шешімге келген жоқ. Сондықтан Украина билігі үшін жағдайды оңалтуға әлі де уақыт бар» деген ескерту жасады.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Уильям Хейг «Ағылшын билігі де Украинаға бару-бармау жағын нақтылаған жоқ» деп отыр.

Италиялық шенеунік Джулио Терце «Барлық жағдайды әлі саралаймыз. Біздің футболшылар Еуропа чемпионатына қатысады. Ал саясаткерлердің сапары әлі шешілген жоқ» деген мәлімдеме жасады.

Ал Люксембург сыртқы істер министрі Жан Ассельборн «Саясаткерлердің чемпионатқа бармауы ойын нәтижелеріне әсер етпес» деген тұжырым жасаған.

ЕО елдері сыртқы істер министрлігінің Брюссельдегі «Еуро-2012» жарысына арналған төрт сағаттық жиыны жабық есік түрінде өтті. Бірақ 27 елдің шенеуніктері
ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон. Брюссель, 14 мамыр 2012 жыл.
ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон. Брюссель, 14 мамыр 2012 жыл.
еуро-турнирге қатысты қандай да бір тұжырымға келген жоқ. ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон:

– Бойкот мәселесіне қатысты талқылау әлі жалғасады. Бірақ саясаткерлердің алдағы уақытта қабылдар нақты шешімдерінің қандай болатындығына қарамастан, чемпионатқа қатысатын 16 елдің барлығы өз құрамаларын чемпионатқа жібереді, – деген қорытынды жасады.

Ал Брюссельдегі жиынға байланысты пікірін білдірген Украина президенті Виктор Янукович «шенеуніктердің чемпионатқа келмеуі – жеке шаруалары» деп отыр.

– Саясат – қашанда саясат. Ал өмір жалғаса береді. Футболсүйер жанкүйерлер мен біздің достарымыз Украинаға келеді. Біз оларды құшақ жая қарсы аламыз, – дейді Украина президенті.

Еуропа чемпионатының директоры Маркиян Лубкивскийдің айтуынша, «Саясаткерлердің бойкот жайлы байбаламы билет сатуға кедергі келтіріп жатқан жоқ. Чемпионатқа келгісі келетін жанкүйерлер мен туристердің қатары күннен күнге артып келеді».
XS
SM
MD
LG