Accessibility links

Коронавирус пандемиясын тоқтатуға ДДСҰ-ның қауқары жете ме?


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының белгісі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының белгісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемде 200 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған коронавирус пандемиясына қарсы іс-шарасын кейбіреулер қатаң сынға алды. Алайда кей сарапшылар бұл ұйымның өкілеті мен қаржылай шамасы шектеулі екенін айтады.

Бір тарап БҰҰ-ның қарамағына кіретін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДСҰ) былтыр желтоқсанда Қытайда басталған індетке дұрыс тойтарыс бере алмады деп айыптап жатса, екінші жақ ДДСҰ-ның әлем елдеріндегі ақпараттың ашықтығын қадағалайтын немесе айтқанын міндеттеп орындататын орган ретінде құрылмағанын, жедел түрде мәлімет жинап, әрекет ететін мекеме ретінде жарақтандырылмағанын айтып, оны қорғап жатыр. COVID-19 індетінен дүниежүзі жапа шегіп жатқанда бұған шынымен ДДСҰ кінәлі болуы керек пе?

ҚАТАҢ СЫНШЫЛАР

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын ең қатаң сынаған - АҚШ. Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сай, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тізімінде көш бастап тұрған АҚШ-та науқас саны екінші орындағы Испаниядағыдан төрт есе, ал вирустан қайтыс болғандар көрсеткіші екі есе көп (28 сәуірдегі мәліметте бұл елде коронавирус 1 миллионнан астам адамға жұққаны айтылған).

Бұл тізім әр ел үкіметінің берген мәліметі негізінде жасалады. Кей мемлекеттер ақпаратты жасыруы мүмкін, мәлімет жинау әдістері, оның сапасы және үкіметтің ашықтығы әр елде әртүрлі.

Вашингтон ДДСҰ-ны денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай қалыптасқанда тым сылбыр қимылдады, Қытайды сынаудың орнына оған мақтау айтты, Пекин індеттің ауқымын азайтып көрсеткенде, бұған көз жұма қарады, сөйтіп аурудың әлемге жайылуына ықпал етті деп айыптайды.

Трамп ДДСҰ-ны қаржыландыруды тоқтатты. 15 сәуір 2020 ж.

Трамп ДДСҰ-ны қаржыландыруды тоқтатты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:07 0:00


АҚШ президенті Дональд Трамп бұл халықаралық ұйымды "тым қытайшыл" деп сөкті, әрі Қытай коронавирусты "біле тұра" таратқан болса, мұның салдары болады деп ескертті және ДДСҰ-ны қаржыландыруға беретін 400 миллион долларды төлеуді кідіртіп қойды.

Сөйтіп, ұйымның ең ірі қаржы көзінен ақша тоқтап қалды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның айтуынша, ДДСҰ-ның реттеуші органы мүше мемлекеттерді "қоғам денсаулығына төтенше қауіп төнгені туралы ақпаратты жылдам таратуда ашық та елгезек болуға міндеттей алмады".

Сәуірдің 22-сіндегі сөзінде Помпео ДДСҰ-ның басты екі функциясы бар деді. Олар – реттеу және кеңес беру, ал "ең бастысы – денсаулық сақтау бойынша төтенше әрекет етіп, гуманитарлық көмек көрсету".

Мұнымен қоса, Помпео бұл ұйымды 2007 жылы күшіне енген "Халықаралық медициналық-санитарлық ережелерде" көзделген талаптарды орындай алмады деп кінәлады. Ол ереже бойынша мүше мемлекеттер ДДСҰ-ға "қоғам денсаулығы жөнінде толық әрі шынайы ақпаратты уақтылы беріп отыруы тиіс".

ДДСҰ МІНДЕТТЕЙ АЛА МА?

ДДСҰ-ны жақтаушылар оған негізгі айыптар тағылып отыр деп санайды.

Сәуірдің 10-ына Азаттық радиосына берген видеосұхбатында АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Саманта Пауэр ДДСҰ-ны "жылдам әрекет етуі тиіс мекеме" деп атау "оның қандай ұйым екенін мүлде түсінбегеннен" болды деді.

"Ол – техникалық жұмыс. Індетті эпидемия не пандемия деп жариялау үшін бүкіл әлемнен дерек жинау керек. Яғни, бұл – дабыл қағу жүйесі, тіпті әрекет ету жүйесі, сондықтан бізге қосымша әрекет ету жүйесі қажет" деді Барак Обама АҚШ президенті болған тұста елші қызметін атқарған Саманта Пауэр.

АҚШ-та мамандар COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны сынап жатыр. Көрнекі сурет.
АҚШ-та мамандар COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны сынап жатыр. Көрнекі сурет.

ДДСҰ-ның ғаламдық денсаулық құқығы орталығының директоры, Джорджтаун университетінің профессоры Лоуренс Гостин сәуірдің 9-ы күні ұйымды президент Трамптың сынынан қорғап, оның рөлін түсіндірді.

Гостиннің айтуынша, Қытай толық ашықтық танытпай, коронавирустың аңнан адамға жұққаны туралы ақпаратты бірнеше апта, тіпті ай бойы ДДСҰ-ға бермей, кешеуілдетті деген – рас сөз.

"Бірақ бұл – ДДСҰ-ның емес, Қытайдың кінәсі деді ол.

- ДДСҰ әлем халқын бірден құлағдар етті, - дейді Лоуренс Гостин.

Сонымен бірге ол "ДДСҰ уақытында төтенше жағдай жарияламады" деген сөзді "жаңсақ факті" деді.

"COVID-19 жұқтырған алғашқы адамдар тіркеле салысымен ДДСҰ қоғам денсаулығына төтенше қатер төнгенін жариялады" деді ол. Қытайда мыңдаған адамның дертке шалдыққаны анықталған қаңтардың 30-ына ДДСҰ төтенше қауіп туралы мәлімдеме жасаған.

Оның айтуынша, жұрт мұны індетті пандемия деп жариялаған наурыздың 12-сімен шатастырып жүр, бірақ іс жүзінде мұның "ешқандай құқықтық мәні жоқ".

- Іс жүзінде, ДДСҰ-ның пандемия жариялайтын өкілеті жоқ, бұл – жай ғана көзқарас. Ол тек өз өкілетін толық пайдаланды, - деді Гостин.

ДДСҰ-НЫҢ ҚАНДАЙ ӨКІЛЕТІ БАР?

Ол соншалықты салмақты өкілет те емес.

Washington Post басылымына берген сұхбатында Билл Клинтон президент болған тұста АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі болған Дэниел Спейгел "ДДСҰ Қытайдың айтқанына күдікпен қарауы керек еді, бірақ олар түгелдей үкіметтердің берген ақпаратына тәуелді" деді.

"Олардың тергеу-тексеру жүргізуге құзыреті де жоқ" деді ол.

Коронавирус инфекциясын жұқтырмағанын анықтау мақсатында тестен өткізу. Көрнекі сурет.
Коронавирус инфекциясын жұқтырмағанын анықтау мақсатында тестен өткізу. Көрнекі сурет.

ДДСҰ Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1948 жылы әлемде денсаулық сақтауды насихаттау және тырысқақ, полиомиелит сияқты жұқпалы аурулардан қорғау мақсатында құрылған. Сарапшылардың айтуынша, ДДСҰ-ның тәуелсіз құзыреті жоқ әрі ол қаржы жағынан ұйымға мүше 194 мемлекетке және жеке мекемелерге тәуелді.

Гостин осының алдындағы екі жылда (2018-2019 жж.) 4,4 миллиард доллар болған ДДСҰ бюджетін АҚШ-тағы ірі аурухананың бюджетімен салыстырды. Оның айтуынша, бұл сома оның "әлемдегі міндеттемелерінің ауқымымен салыстыруға келмейді".

Әлемнің ірі державалары, соның ішінде Қытай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ақшаны аз бөліп келеді.

Лоуренс Гостиннің айтуынша, Қытай ДДСҰ-ға "тиын-тебен ғана" берген. Оның үстіне, ДДСҰ өз бюджетінің 25 пайызын ғана пайдалана алады, себебі оған бөлінетін қаржының басым бөлігі төтенше жағдайда арнайы мақсаттарға ғана жұмсалуы керек.

Гостин халықаралық құқық негізінде әр мемлекетті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруға міндеттеуді ұсынды.

- Бұл ұйым болмаса, біз оны бәрібір құрған болар едік, - дейді ол.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG