Accessibility links

Ұлыбритания "Скрипальді улаған - ГРУ агенттері" деп біледі

Ұлыбритания полициясы жариялаған Скрипальді улау ісі бойынша күдіктілер Александр Петров пен Руслан Бошировтің суреттері
Ұлыбритания полициясы жариялаған Скрипальді улау ісі бойынша күдіктілер Александр Петров пен Руслан Бошировтің суреттері

Ұлыбритания үкіметі осы елдің Солсбери қаласында тұрып келген бұрынғы ГРУ агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальге у беріп қастандық жасаған екі күдікті туралы мәлімет жариялап, оларды "ресейлік арнайы қызмет агенттері" деп сипаттады.

Сәрсенбі күні парламентте сөйлеген Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй қастандық жасаушылардың Ресей билігінің тапсырмасын орындағанын айтты.

- Барлау қызметінің ақпаратына сүйеніп, үкімет полиция мен прокуратура атын атаған екі адамның ресейлік ГРУ әскери барлау қызметінің офицерлері деген қорытынды жасады, - деді премьер-министр.

Сәл кешірек Ұлыбритания бұл іс бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің арнайы отырысын өткізуді талап етті. БҰҰ-дағы Ұлыбритания өкілі Карен Пирстің айтуынша, кеңес 6 қыркүйек күні өтуі мүмкін.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй

Мэй мен Пирстің мәлімдемелерінен бұрын 5 қыркүйекте Ұлыбританияның прокуратурасы осы елде уланған ГРУ-дің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлияға Солсбери қаласында қастандық жасады деген күдікке ілінген екі адам туралы мәлімет жариялады.

Ресми ақпаратқа сәйкес күдікті ресейлік азаматтардың аты-жөндері Александр Петров және Руслан Боширов. Полиция олардың жас шамасы 40-та екенін, жалған құжатпен келіп-кеткенін мәлімдеді. Тексеру мәліметіне сәйкес, 2 наурыз күні олар "Аэрофлот" рейсімен Лондондағы Гэтвик әуежайына ұшып келіп, Скрипальдар уланған 4 наурыз күні Ресейге қайтқан.

Оларға Сергей және Юлия Скрипальді және ұлыбританиялық офицерді "Новичок" атты жүйке жүйесінің уын беріп қастандық жасамақ болды деген айып тағылған. Үш зардап шегуші де Солсберидегі аурухана реанимациясына ауыр халде түссе де, дер кезінде емделіп, тірі қалған еді.

Ұлыбритания прокуратурасының өкілі Сью Хэммингтің сөзінше, Лондон Мәскеуге күдіктілер Петров пен Бошировті экстрадициялау туралы өтініш түсіріп әуре болмайды. Өйткені Ресей шет елге азаматтарын бермейді. Бірақ екі күдіктіге қатысты Еуропа аумағында төбе көрсеткен жағдайда тұтқындау туралы ордер берілген.

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания жариялаған фото мен күдіктілердің аты-жөндері шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

Көре отырыңыз: Скрипаль ісінен соң Батыс Ресейді қайтіп қыспаққа алды?

Жаһан жаңалықтары 30.03.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:17:15 0:00

Полицияның мәліметіне сәйкес, "Новичок" уын екі күдікті Ресейден әтірдің құтысына құйып әкелген де, уды Скрипальдің Солсберидегі үйінің сыртқы есігінің тұтқасына жағып кеткен. Құтыны маусым айында көршілес Эймсбери қаласының тұрғыны Чарли Роули тауып алған. Ол аман қалса да, досы Дон Стерджесс уланып өлген. Полиция құтының наурыздан маусымға дейін қайда боғанын әлі анықтай алмаған. Сол себепті ресейлік екі күдіктіге Стерджесті өлтірді деген айып әзірше тағылмаған.

Сергей Скрипальді 2006 жылы Ресей соты "Ұлыбритания тыңшысы" деп айыптап, 13 жылға түрмеге қамауға үкім еткен. 2010 жылы Мәскеу АҚШ-та ұсталған ресейлік он агентті Ресейде Батыс мүддесі үшін тыңшылық етті деген айыппен сотталған төрт адамға алмастырған кезде солардың арасында Скрипаль да болған. Ол содан бері Ұлыбританияда тұрып жатқан.

Скрипальге қастандық қалай жасалды?

Скрипальді улау ісі бойынша күдіктілердің бірі - Александр Петров.
1/14 Скрипальді улау ісі бойынша күдіктілердің бірі - Александр Петров.
Екінші күдікті - Руслан Боширов. 
2/14 Екінші күдікті - Руслан Боширов. 
"Боширов" есімді күдікті Лондондағы Гэтвик әуежайында тұр. Бақылау камераларынан алынған кадр. Жұма, 2 наурыз, 16:22 (Лондон уақыты). 
3/14 "Боширов" есімді күдікті Лондондағы Гэтвик әуежайында тұр. Бақылау камераларынан алынған кадр. Жұма, 2 наурыз, 16:22 (Лондон уақыты). 
Ұлыбритания полициясы "Петров" деп атаған адам Гэтвик әуежайында. 2 наурыз, 16:22 (Лондон уақыты). 
4/14 Ұлыбритания полициясы "Петров" деп атаған адам Гэтвик әуежайында. 2 наурыз, 16:22 (Лондон уақыты). 
Күдіктілер Солсбери теміржол вокзалында Лондонға кететін пойызды күтіп тұр. Сенбі, 3 наурыз, 16:11. 
5/14 Күдіктілер Солсбери теміржол вокзалында Лондонға кететін пойызды күтіп тұр. Сенбі, 3 наурыз, 16:11. 
Жексенбі, 4 наурыз, 11:48. Күдіктілер Солсбериге қайта келген сәт. Олар теміржол вокзалынан шығып барады. 
6/14 Жексенбі, 4 наурыз, 11:48. Күдіктілер Солсбериге қайта келген сәт. Олар теміржол вокзалынан шығып барады. 
Күдіктілер Солсберидегі Уилтон-роуд көшесінде тұр. Сергей мен Юлия Скрипальды улар алдындағы сәт. 4 наурыз, 11:58.
7/14 Күдіктілер Солсберидегі Уилтон-роуд көшесінде тұр. Сергей мен Юлия Скрипальды улар алдындағы сәт. 4 наурыз, 11:58.
Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:05. 
8/14 Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:05. 
Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:08. 
9/14 Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:08. 
Күдіктілер Солсбериден Лондонға қайтып барады. 4 наурыз, 13:50. 
10/14 Күдіктілер Солсбериден Лондонға қайтып барады. 4 наурыз, 13:50. 
Күдіктілер Лондондағы Хитроу әуежайында төлқұжат тексеруінен өтіп жатыр. 4 наурыз, 19:28. 
11/14 Күдіктілер Лондондағы Хитроу әуежайында төлқұжат тексеруінен өтіп жатыр. 4 наурыз, 19:28. 
Полиция күдіктілер қонған City Stay Hotel қонақ үйін тексеріп жатыр. 5 қыркүйек. 
12/14 Полиция күдіктілер қонған City Stay Hotel қонақ үйін тексеріп жатыр. 5 қыркүйек. 
&nbsp;<span style="font-size: 1em;">Полицияның мәліметіне сәйкес, &quot;Новичок&quot; уын екі күдікті Ресейден әтірдің құтысына құйып әкелген де, уды Скрипальдің Солсберидегі үйінің сыртқы есігінің тұтқасына жағып кеткен. Құтыны маусым айында көршілес Эймсбери қаласының тұрғыны Чарли Роули тауып алған. Ол аман қалса да, досы Дон Стерджесс уланып өлген.&nbsp;</span>
13/14  Полицияның мәліметіне сәйкес, "Новичок" уын екі күдікті Ресейден әтірдің құтысына құйып әкелген де, уды Скрипальдің Солсберидегі үйінің сыртқы есігінің тұтқасына жағып кеткен. Құтыны маусым айында көршілес Эймсбери қаласының тұрғыны Чарли Роули тауып алған. Ол аман қалса да, досы Дон Стерджесс уланып өлген. 
Чарли Роули тауып алған Nina Ricci Premier Jour деген жазуы бар қорап.&nbsp;<span style="font-size: 1em;">Полиция құтының наурыздан маусымға дейін қайда боғанын әлі анықтай алмаған. Сол себепті ресейлік екі күдіктіге Стерджесті өлтірді деген айып әзірше тағылмаған.</span>
14/14 Чарли Роули тауып алған Nina Ricci Premier Jour деген жазуы бар қорап. Полиция құтының наурыздан маусымға дейін қайда боғанын әлі анықтай алмаған. Сол себепті ресейлік екі күдіктіге Стерджесті өлтірді деген айып әзірше тағылмаған.
Previous slide
Next slide

Айдар
XS
SM
MD
LG