Accessibility links

Кіші Рахмонға жол ашатын «техникалық» түзетулер

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (оң жақта) ұлы, Душанбе қаласының әкімі Рустам Рахмонмен бірге Наурыз мерекесіне әзірлікті талқылап тұр.

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы - Өкілдер мәжілісі заңнамаға түзету енгізіп, президенттікке үміткердің жас шектеуін 35-тен 30 жасқа төмендетті. 2016 жылғы референдумда цензді төмендетуді мақұлдап тастағандықтан, ендігі түзету тек техникалық сипатқа ие болды.

Тәжік парламентінің төменгі палатасы ақпанның 7-сі күні сайлау туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді талқылады. Жиын алдында Өкілдер мәжілісінің депутаты Саидджафар Усмонзода Азаттықтың тәжік редакциясына парламент мүшелерінің «Тәжікстан Республикасы президентін сайлау туралы», «Тәжікстан Республикасының Оли Маджилиске сайлау туралы» заңдарға түзетулерді қарайтынын айтқан.

Тәжікстан парламентінің депутаты Cаидджафар Усмонзода.

​2016 жылы Тәжікстанда конституциялық референдум өтті. Соған сай қазіргі президентке «ұлт көшбасшысы және бейбітшілік пен ұлттық бірлік негізін қалаушы» деген мәртебе берілді. Ендігіде Эмомали Рахмон шектеусіз кезеңге президенттік сайлауға түсе алады.

- Оған қоса, референдумда қабылданған, Конститутцияға енгізілген түзету бойынша 30 жасқа толған Тәжікстан азаматы ел президенті және парламент депутаты бола алады. Бұған дейін аталған жас мөлшері 35 және 25 жасты құрайтын, - деді Саидджафар Усмонзода.

Оқи отырыңыз: Орталық Азияда "сарай балалары" өсіп жетілді

2016 жылы мамырдың 22-сі күні Тәжікстанда елдің негізгі заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өтті. Билік ұсынған және тұрғындар мақұлдаған 40 түзетудің ішінде мына мәселелер маңызды болатын. Сол түзетулер бойынша Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон президенттік сайлауға қалауынша түсе береді, шектеу қойылмайды. Және де президент болуға үміткер адамның жас шектеуі 35-тен 30 жасқа төмендетілді. Сарапшылардың айтуынша, билік мұндай өзгерістерді егер Эмомали Рахмон биліктен кетуді ұйғарса, оның үлкен ұлы Рустам Эмомали 2020 жылы сайлауға түсу үшін жасап отыр деп санайды.

- Бұл негізгі түзетулер әлі күнге дейін «Тәжікстан Республикасы президентін сайлау туралы» заңға енгізілмеген болатын, - дейді Саидджафар Усмонзода.

Эмомали Рахмон ұлы Рустамммен бірге.
Эмомали Рахмон ұлы Рустамммен бірге.

Рустам Эмомали былтыр желтоқсанда отызға толды. Бір жыл бұрын ғана ол Душанбе мэрі болып сайланды. Бұған дейін президенттің тұңғыш ұлы Тәжікстанның қаржылық бақылау және жемқорлықпен күрес агенттігіне және Кеден қызметіне басшылық жасап үлгерген еді.

2020 жылдан кейін Эмомали Рахмон Тәжікстан билігінде қала ма, әлде үлкен ұлына билікті табыстай ма немесе мемлекет тағдыры басқаша шешіле ме - оны уақыт көрсетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Эмомали Рахмонның жоғары биліктегі ширек ғұмыры

Рахмонның жоғары биліктегі ширек ғұмыры

Эмомали Рахмон ұлы Рустаммен бірге. Рустам - қазір Душанбе мэрі.
1/20 Эмомали Рахмон ұлы Рустаммен бірге. Рустам - қазір Душанбе мэрі.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Эмомали Рахмон. 1990 жылдардың іші. 
2/20 Эмомали Рахмон. 1990 жылдардың іші. 
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Президент Эмомали Рахмон (оң жақта) оппозиция жетекшісі, "Исламдық жаңғыру" партиясының басшысы Саид Абдулло Нуримен кездесіп тұр. Кейіннен елде бейбітшілік орнаған соң, 2006 жылы Нури қайтыс болғаннан кейін Тәжікстан бұл партияға тыйым салды. Душанбе. 16 желтоқсан, 1997 жыл. 
3/20 Президент Эмомали Рахмон (оң жақта) оппозиция жетекшісі, "Исламдық жаңғыру" партиясының басшысы Саид Абдулло Нуримен кездесіп тұр. Кейіннен елде бейбітшілік орнаған соң, 2006 жылы Нури қайтыс болғаннан кейін Тәжікстан бұл партияға тыйым салды. Душанбе. 16 желтоқсан, 1997 жыл. 
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Тәжікстан оппозициясының жетекшісі, "Исламдық жаңғыру" партиясының басшысы Саид Абдулло Нури (сол жақта), Ресей президенті Борис Ельцин (оң жақтан - екінші) және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (оң жақта). Мәскеу.  27 маусым, 1997 жыл.
4/20 Тәжікстан оппозициясының жетекшісі, "Исламдық жаңғыру" партиясының басшысы Саид Абдулло Нури (сол жақта), Ресей президенті Борис Ельцин (оң жақтан - екінші) және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (оң жақта). Мәскеу.  27 маусым, 1997 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Президент Эмомали Рахмон (сол жақта) және оппозиция жетекшісі, "Исламдық жаңғыру" партиясының басшысы  Саид Абдулло Нуридің келісімге қол қойып отырған сәті. Мәскеу. 23 желтоқсан, 1996 жыл.
5/20 Президент Эмомали Рахмон (сол жақта) және оппозиция жетекшісі, "Исламдық жаңғыру" партиясының басшысы  Саид Абдулло Нуридің келісімге қол қойып отырған сәті. Мәскеу. 23 желтоқсан, 1996 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Тәжік президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) ТМД атқарушы хатшысы Борис Березовскиймен кездесіп отыр. Душанбе. 1998 жыл.
6/20 Тәжік президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) ТМД атқарушы хатшысы Борис Березовскиймен кездесіп отыр. Душанбе. 1998 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Президент Эмомали Рахмон (оң жақта) исмаилиттердің рухани жетекшісі Карим Агаханмен кездесуде. Душанбе. 5 шілде, 2004 жыл.
7/20 Президент Эмомали Рахмон (оң жақта) исмаилиттердің рухани жетекшісі Карим Агаханмен кездесуде. Душанбе. 5 шілде, 2004 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов (оңнан солға қарай), Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу. 8 мамыр, 2007 жыл.
8/20 Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов (оңнан солға қарай), Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу. 8 мамыр, 2007 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиевпен. Бішкек. 18 қыркүйек, 2007 жыл.
9/20 Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиевпен. Бішкек. 18 қыркүйек, 2007 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Президент сайлауы қарсаңында ілінген Эмомали Рахмонның портреті. Душанбе. 6 қараша, 2006 жыл.
10/20 Президент сайлауы қарсаңында ілінген Эмомали Рахмонның портреті. Душанбе. 6 қараша, 2006 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Президент Эмомали Рахмон (оңнан солға қарай), Ресей президенті Дмитрий Медведев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев, Армения президенті Серж Саркисиян. Мәтібұлақ полигоны. Қазақстан. 16 қазан, 2009 жыл.
11/20 Президент Эмомали Рахмон (оңнан солға қарай), Ресей президенті Дмитрий Медведев, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті Құрманбек Бәкиев, Армения президенті Серж Саркисиян. Мәтібұлақ полигоны. Қазақстан. 16 қазан, 2009 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Президент Эмомали Рахмон ұлықтау рәсімінде. Душанбе. 16 қараша, 2013 жыл.
12/20 Президент Эмомали Рахмон ұлықтау рәсімінде. Душанбе. 16 қараша, 2013 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Эмомали Рахмонның алып портреті. Душанбе. 3 қараша, 2013 жыл.
13/20 Эмомали Рахмонның алып портреті. Душанбе. 3 қараша, 2013 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Эмомали Рахмонның ауыл кітапханасындағы портреті.
14/20 Эмомали Рахмонның ауыл кітапханасындағы портреті.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Эмомали Рахмон қолын жуып тұр. Мурғаб.
15/20 Эмомали Рахмон қолын жуып тұр. Мурғаб.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Президент Эмомали Рахмон (сол жақта) Қытай басшысы Си Цзиньпинге шапан жауып тұр. Душанбе. 13 қыркүйек, 2014 жыл.
16/20 Президент Эмомали Рахмон (сол жақта) Қытай басшысы Си Цзиньпинге шапан жауып тұр. Душанбе. 13 қыркүйек, 2014 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Иран президенті Махмұд Ахмадинежадпен (сол жақта) бірге.
17/20 Иран президенті Махмұд Ахмадинежадпен (сол жақта) бірге.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Президент Эмомали Рахмон қызы Озода Рахмонованы марапаттап тұр. Озода қазір президент әкімшілігін басқарады. 28 тамыз, 2015 жыл.
18/20 Президент Эмомали Рахмон қызы Озода Рахмонованы марапаттап тұр. Озода қазір президент әкімшілігін басқарады. 28 тамыз, 2015 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Рогун с-электр станциясы үшін Вахш өзеннің арнасын бұру рәсімі кезінде президент Эмомали Рахмон бульдозерге отырып, құрылыстың ырымын бастап берді. 29 қазан, 2016 жыл.
19/20 Рогун с-электр станциясы үшін Вахш өзеннің арнасын бұру рәсімі кезінде президент Эмомали Рахмон бульдозерге отырып, құрылыстың ырымын бастап берді. 29 қазан, 2016 жыл.
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қабірі басында. 
20/20 Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қабірі басында. 
Биыл 5 қазанда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 65 жасқа толды. Ал 16 қарашада елде президент күні аталып өтті. Тәжікстанда бұл мерекенің пайда болғанына биыл - екінші жыл.
Previous slide
Next slide

Азаттықтың Тәжік қызметінің мақаласы.

Айдар
XS
SM
MD
LG