Accessibility links

Орталық Азиядағы "демократияға" арналған сыйлық

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. 21 мамыр 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон. 21 мамыр 2017 жыл.

"Демократияны дамыту үшін" берілетін Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон атындағы сыйлық белгіленсе, мұндай сыйлықты әлдеқашан бекітіп тастаған Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын тағы да бірнеше көшеге беруді ұсынды.

Тәжікстанда президент Эмомали Рахмонның атымен аталатын сыйлық пайда болды. "Пешвои миллат – Эмомали Рахмон" сыйлығы демократияны дамытуға ерекше үлес қосқан адамдарға берілмек. Бір қызығы, бұл сыйлықтың Тәжікстан мен шетел азаматтарына қоса азаматтығы жоқ адамдарға да берілетіні хабарланып отыр. Сыйлық туралы бұйрыққа президент Рахмон 2 ақпанда қол қойған. Алайда бұл бұйрық басқа бұйрықтан өзгешелеу. Тәжікстан президентінің қоғамдық даму және қоғаммен байланыс мәселесі бойынша көмекшісі Абдужаббор Рахмонзоданың Азаттықтың Тәжік қызметіне айтуынша, бұл мәселе алдымен ел парламентінің қарауынан өтпек.

"Шешім қабылданғаннан кейін барып бұл сыйлық заңдық күшке ие болады", - дейді ол.

"ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУҒА" БЕРІЛЕТІН СЫЙЛЫҚ

Әдетте Тәжікстанда кадрларға қатысты болмаса, президент бұйрығы парламентте талқыланбайды. Рахмонзоданың айтуынша, "бұл мемлекеттік сыйлық болғандықтан, арнайы заң шығаруды қажет етеді".

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, Рахмонның "Пешвои меллат – Эмомали Рахмон" сыйлығы "демократияның дамуына", "қоғамдағы бейбітшілікті нығайтуға" және "халықтар арасындағы достықты дамытуға" ерекше үлес қосқан адамдарға берілетіні айтылған.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон

Мұндай марапаттың белгіленуіне 2015 жыл қабылданған "Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы – Ұлт көшбасшысы" туралы конституциялық заң негіз болып отыр. Заң бойынша "Пешвои меллат" орденін бекіту де назарға алынған. Бұған қоса заңға сәйкес "Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы" қорын, Ұлт көшбасшысының кітапханасы мен мұрағатын құру да көзделген.

Оқи отырыңыз: Назарбаев жайлы спектакльден соң Рахмон туралы пьеса жазылды

"Пешвои миллат – Эмомали Рахмон" сыйлығының нышанына Рахмонның алтын жалатылған бейнесі оймышталып бейнеленбек. Төсбелгіге қоса сыйлықтың қаржылай бөлігі де қарастырылған. Оның көлемі 125 мың сомониді (14 мың доллардан көп) құрайды. Бұл қаржы мемлекет бюджетінен бөлінеді. Аталған сыйлықпен марапаттау үш жылда бір рет өткізілмекші. Сыйлықтан үміткерлердің кандидатурасын министрліктер, атқарушы билікке қарасты мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар ұсына алады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Тәжікстанды адам құқығын шектейтін елдердің қатарында жиі атайды. Тәжікстанды 26 жылдан бері үздіксіз басқарып отырған Эмомали Рахмонды дәріптеу шаралары соңғы жылдары ерекшелене түскен. Мәселен, 2016 жылдан бері елде Президент күні аталып өтіліп, жоғары оқу орындарында Рахмон туралы лекциялар оқылады.

ВИДЕО: "Ұлт көшбасшысына" сәлем салу ережесі (2016 жылғы қараша)

«Ұлт көшбасшысына» сәлем салу ережесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:14 0:00

ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАЙТАЛАУ МА?

Ел басшысының құрметіне белгіленген марапат Орталық Азия елдері үшін таңсық іс емес. Мәселен, 2000 жылдан бері Қазақстанда президенттің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы да беріледі. Аталған сыйлық "демократия мен әлеуметтік прогресті дамытуға, бейбітшілік пен халықтар арасындағы достықты нығайтуға" үлес қосқандарға арналған.

Бұл марапат "Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңы аясында бекітілген болатын. Осы заң бойынша белгіленген "Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен де бүгінге дейін 25 адам марапатталды. Олардың арасында Алматының бұрынғы әкімі, Қазақстанның бұрынғы энергетика министрі, қазір Швейцарияда тұрып жатқан 69 жастағы Виктор Храпунов та бар. Храпунов пен оның жақындарына Қазақстан билігі коррупциялық айыптарға байланысты іздеу жариялаған. Храпунов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ: Назарбаев және оған ұқсайтын ескерткіштер

Назарбаев және оған ұқсайтын ескерткіштер

Нұрсұлтан Назарбаевтың туған ауылы Үшқоңырдағы (Алматы облысы) музейдегі мүсіні. 15 наурыз 2011 жыл.
1/30 Нұрсұлтан Назарбаевтың туған ауылы Үшқоңырдағы (Алматы облысы) музейдегі мүсіні. 15 наурыз 2011 жыл.
Украинадағы Днепродзержинск қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың бюсті. Назарбаев осы қалада техникалық училищеде оқыған. 15 наурыз 2011 жыл.
2/30 Украинадағы Днепродзержинск қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың бюсті. Назарбаев осы қалада техникалық училищеде оқыған. 15 наурыз 2011 жыл.
Ұлттық музей залындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын мүсіні. Астана, 4 маусым 2015 жыл. 
3/30 Ұлттық музей залындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын мүсіні. Астана, 4 маусым 2015 жыл. 
Ұлттық музей 2014 жылы шілдеде ашылған.
4/30 Ұлттық музей 2014 жылы шілдеде ашылған.
Астана қаласы орталығындағы "Қазақ елі" монументіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың барельефі. Қола барельеф «Тұңғыш президент және Қазақстан халқы» деп аталады. Мұнда Назарбаевтың ант беріп тұрған сәті бейнеленген, оның қолы ел конституциясының үстінде тұр. 4 маусым 2015 жыл.
5/30 Астана қаласы орталығындағы "Қазақ елі" монументіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың барельефі. Қола барельеф «Тұңғыш президент және Қазақстан халқы» деп аталады. Мұнда Назарбаевтың ант беріп тұрған сәті бейнеленген, оның қолы ел конституциясының үстінде тұр. 4 маусым 2015 жыл.
6/30
Астанадағы "Қазақ елі" монументі. Монумент биіктігі 91 метр. Бұл сан Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылды білдіреді. "Қазақ елі" сәулет кешені 2009 жылы салынды. Астана, 4 маусым 2015 жыл.
7/30 Астанадағы "Қазақ елі" монументі. Монумент биіктігі 91 метр. Бұл сан Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған 1991 жылды білдіреді. "Қазақ елі" сәулет кешені 2009 жылы салынды. Астана, 4 маусым 2015 жыл.
"Қазақ елі" кешенінде 11 қола мүсін бар. Ортада тұрған негізгі фигураның биіктігі бес жарым метр. Астана, 4 маусым 2015 жыл.
8/30 "Қазақ елі" кешенінде 11 қола мүсін бар. Ортада тұрған негізгі фигураның биіктігі бес жарым метр. Астана, 4 маусым 2015 жыл.
"Қазақ елі" кешеніндегі еңбекші қазақтың мүсіні. Ол бала көтеріп тұр. Астана, 4 маусым 2015 жыл.
9/30 "Қазақ елі" кешеніндегі еңбекші қазақтың мүсіні. Ол бала көтеріп тұр. Астана, 4 маусым 2015 жыл.
"Қазақ елі" кешеніндегі жас қазақ зиялысының мүсіні.  Астана, 4 маусым 2015 жыл.
10/30 "Қазақ елі" кешеніндегі жас қазақ зиялысының мүсіні.  Астана, 4 маусым 2015 жыл.
Алматыдағы Тұңғыш президент паркіндегі Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші. 19 маусым 2015 жыл.
11/30 Алматыдағы Тұңғыш президент паркіндегі Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші. 19 маусым 2015 жыл.
Алматыдағы Тұңғыш президент паркіндегі Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші. 19 маусым 2015 жыл.
12/30 Алматыдағы Тұңғыш президент паркіндегі Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші. 19 маусым 2015 жыл.
Алматыдағы Тұңғыш президент паркіндегі Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші. 19 маусым 2015 жыл.
13/30 Алматыдағы Тұңғыш президент паркіндегі Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіші. 19 маусым 2015 жыл.
Алматы қаласы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі. 19 маусым 2015 жыл.
14/30 Алматы қаласы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументі. 19 маусым 2015 жыл.
Тәуелсіздік монументі композициясындағы Нұрсұлтан Назарбаев барельефі. 19 маусым 2015  жыл. 
15/30 Тәуелсіздік монументі композициясындағы Нұрсұлтан Назарбаев барельефі. 19 маусым 2015  жыл. 
Қазақстанның Тұңғыш президенті кітапханасында тұрған Нұрсұлтан Назарбаев мүсіні. Астана, 30 наурыз 2015 жыл.
16/30 Қазақстанның Тұңғыш президенті кітапханасында тұрған Нұрсұлтан Назарбаев мүсіні. Астана, 30 наурыз 2015 жыл.
17/30
18/30
Ыстықкөлдегі "Шыңғыс Айтматов атындағы Рух-Орда" мәдени-этнографиялық кешені аумағында тұрған Назарбаев ескерткіші. Қырғызстан, Чолпон-Ата, 2007 жылдың маусымы.
19/30 Ыстықкөлдегі "Шыңғыс Айтматов атындағы Рух-Орда" мәдени-этнографиялық кешені аумағында тұрған Назарбаев ескерткіші. Қырғызстан, Чолпон-Ата, 2007 жылдың маусымы.
20/30
Ыстықкөлдегі "Шыңғыс Айтматов атындағы Рух-Орда" мәдени-этнографиялық кешені аумағында тұрған Назарбаев ескерткіші. Қырғызстан, Чолпон-Ата, 2007 жылдың маусымы.
21/30 Ыстықкөлдегі "Шыңғыс Айтматов атындағы Рух-Орда" мәдени-этнографиялық кешені аумағында тұрған Назарбаев ескерткіші. Қырғызстан, Чолпон-Ата, 2007 жылдың маусымы.
Теміртаудағы Тұңғыш президент тарихи-мәдени орталығы алдында тұрған металлург ескерткіші. 5 маусым 2015 жыл.
22/30 Теміртаудағы Тұңғыш президент тарихи-мәдени орталығы алдында тұрған металлург ескерткіші. 5 маусым 2015 жыл.
Теміртаудағы металлургтер ескерткіші. 5 маусым 2015 жыл.
23/30 Теміртаудағы металлургтер ескерткіші. 5 маусым 2015 жыл.
Теміртаудағы Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығы алдында тұрған металлургтер ескерткіші. 5 маусым 2015 жыл.  
24/30 Теміртаудағы Тұңғыш президенттің тарихи-мәдени орталығы алдында тұрған металлургтер ескерткіші. 5 маусым 2015 жыл.  
Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев музейі. 2009 жылдың маусымы.
25/30 Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев музейі. 2009 жылдың маусымы.
Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаевтың музейіндегі оның алақанының бедері.  
26/30 Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаевтың музейіндегі оның алақанының бедері.  
"Бәйтерек" кешеніндегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы. Астана, 24 наурыз 2013 жыл. 
27/30 "Бәйтерек" кешеніндегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы. Астана, 24 наурыз 2013 жыл. 
Нұрсұлтан Назарбаевтың Анкарада 2010 жылы қойылған ескерткіші. 
28/30 Нұрсұлтан Назарбаевтың Анкарада 2010 жылы қойылған ескерткіші. 
Нұрсұлтан Назарбаевтың Молдованың құрамындағы «Гагауз Ері» автономиясында қойылған ескерткіші. 
29/30 Нұрсұлтан Назарбаевтың Молдованың құрамындағы «Гагауз Ері» автономиясында қойылған ескерткіші. 
Нұрсұлтан Назарбаевтың Талдықорғанда 2016 жылдың 30 қарашасында қойылған ескерткіші. 
30/30 Нұрсұлтан Назарбаевтың Талдықорғанда 2016 жылдың 30 қарашасында қойылған ескерткіші. 
Previous slide
Next slide

Совет Одағы кезінде Ленин атындағы, кейінірек Сталин атындағы мемлекеттік сыйлықтар болған. Сталин билігі кезінде Ленин сыйлығы Сталин сыйлығы болып өзгертілген. Ал Сталин қайтыс болғаннан кейін Ленин атындағы сыйлық қалпына келтірілген. Совет өкіметі екі жылда бір берілетін сыйлықпен негізінен ғылым, техника, әдебиет және өнер саласындағы қайраткерлерді марапаттайтын.

ДӘРІПТЕУЛЕР ШЕРУІ

Соңғы жылдары Орталық Азиядағы Қырғызстаннан басқа бұрынғы совет кадрлары басқаратын елдерде басшыны дәріптеу үрдіске айналды. Әсіресе, жыл өтіп, биліктегі адам қартайған сайын мұндай шаралардың тіптен жиілеп бара жатқаны байқалып отыр.

Басшыны дәріптеу табиғаты жағынан Тәжікстан мен Қазақстан ұқсас келеді. Саяси оппозицияны қудалап, адамдардың қарапайым құқығы шектелетін, демократиялық құндылықтарды аяқасты еткені үшін жиі сыналатын Тәжікстанда "демократияны дамытуға ерекше үлес қосқан" тұлғаларға арналған президенттік бәсірені ел парламенті де көп ұзамай заңдастырып беретіндігіне ешкім шүбә келтірмейді. Бірақ экономикасы мен дамуы және мүмкіндігі Тәжікстаннан ілгері саналатын Қазақстанда соңғы жылдары тіпті демократияны ауызға алатындар да азайған.

ВИДЕО: Президент күні және мадақ (30 қараша 2014 жыл)

Орталық Азияда алғаш рет Президент күнін белгілеп, оны арнайы атап өтуді қолданысқа енгізген Қазақстанда қазір парламент тұңғыш президентке өмір бойы Ұлттық қауіпсіздік кеңесі басшысы болып қалуға ерік беретін заң жобасын қарастырып жатыр. Қазіргі кезде елде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атында университет, мектеп, музей, әуежай және көше бар. Соңғы уақытта елдің бірнеше қаласындағы көше, алаңдарға президенттің есімін беру туралы бастама көтерілген. Бұрын Шымкенттегі Астана алаңына Назарбаевтың атын беру жайлы ұсыныс айтылса, өткен аптада Орал мен Павлодардағы алаң, көшелерді де президенттің есімімен атау туралы мәселе қозғалды.

Оқи отырыңыз: Фурманов көшесін Назарбаев даңғылы етіп өзгертті

Орталық Азия аймағында билікке келген саясаткерлердің екінші толқыны ішінде Түркіменстанның қазіргі президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әрекеті тіптен қызық. Ол былтыр әкесі Мяликгулы Бердымухамедов атындағы медальді бекітті. Бұл медаль алғаш тапсырылғандардың арасында президенттің ұлы Сердар Бердімұхамедов те бар.

АСТАНАНЫҢ АТАУЫ АУЫСА МА?

Қазақстан парламентінің депутаттары мемлекет астанасының атауын президенттің құрметіне алмастыру туралы бастаманы ауық-ауық көтеріп отырады. Биыл қаланың астана мәртебесіне ие болғанына 20 жыл толады. Оны мемлекет көлемінде атап өтпек. Осыған байланысты әлгіндей ұсыныс тағы да қайталанып, тіпті тиісті шешім қабылданып қалуы да ғажап емес.

Астананы Назарбаевтың құрметіне атау туралы мәселені соңғы рет былтыр наурыз айында парламент сенатының депутаты Дархан Қалетаев тағы да еске салған. 2009 жылы президенттік "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде болған кезде Дархан Қалетаев Астана әуежайына Назарбаевтың есімін беру туралы ұсынысты алғаш рет айтқан еді. Былтыр осы ұсыныс іске асып, халықаралық Астана әуежайының атауы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына алмастырылды.

ВИДЕО: Парламент мүшелері Астана әуежайын Назарбаевтың атын беруді құптады (2016 жылдың маусымы)

Орталық Азияда Назарбаевтан бұрын Түркіменстанның тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязов та көзі тірісінде өзінің атындағы әуежайды көріп кетсе, Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің атына әуежай атауы тек ол қайтыс болған соң ғана берілді. Ал осы елдерге көршілес Ауғанстандағы Кабул әуежайының атауы 2014 жылы президенттік қызметі аяқталғанда Хамид Карзайдың атына берілген болатын.

  • 16x9 Image

    Қуанышбек ҚАРИ

    "Азаттық-70", "Азаттық толқынында" подкастарының және "Шайхана" блогының авторы. Азаттықтың Алматы бюросының бас редакторы болған. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

    Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған.

Айдар
XS
SM
MD
LG