Accessibility links

Либерал мен ұлтшылдың оппозициялық одақ болуы қиын


Сайлау нәтижесіне қарсы наразылық шеруі. Мәскеу, 10 желтоқсан 2011 жыл.
Сайлау нәтижесіне қарсы наразылық шеруі. Мәскеу, 10 желтоқсан 2011 жыл.

Ресейдегі парламент сайлауының нәтижесіне қарсы шеруге бірге шыққан либералдар мен ұлтшылдардың ортақ мақсаты – жемқорлық пен әділетсіз сайлауға наразылық таныту. Бірақ кейбір демонстранттардың әсіреұлтшылдығы бұл қозғалыстың жаппай бұқаралық қолдау табуына кедергі болуы мүмкін.


Наил Набиуллин Ресейдің көптеген қаласында өтіп жатқан Кремльге қарсы шеруді қолдап шығуға дайын жүр еді.

Бірақ Қазан қаласындағы «Бостандық» деп аталатын жастар ұйымының жетекшісі болып отырған этникалық татар Набиуллин интернеттен «ұлы орыс халқын қолдаймыз» деп ұрандап жатқан демонстранттардың үндеулерін көрген кезде екіойлы боп қалады. Азаттық радиосының Татар-Башқұрт қызметіне берген сұқбатында ол:

- Бір жағынан, бұл шеруді толығымен қолдаймын. Себебі мен үшін өте маңызды мәселелер көтеріліп жатыр. Бірақ екінші жағынан, олардың интернеттегі вебсайттарын қарап отырсаң, ұйымдастырушылар «ұлы орыс халқы үшін» деп шулап жатыр. Маған олардың орыстық, ұлтшыл мәселелерді құрал қылғаны ұнамайды. Сондықтан, шеруге шыға алмаймын, - деді.

Бір жағынан алып қарағанда, орыстану процесін жақсы сезінетін және орыс шовинизмі әбден сіңген жерде тұратын Набиуллиннің дилеммасы Татарстанға тән құбылыс. Шамамен 2000-дай шеруші кесте бойынша
Ресейдегі сайлау нәтижесіне қарсы наразылық шеруі. Тюмень, 10 желтоқсан 2011 жыл.
Ресейдегі сайлау нәтижесіне қарсы наразылық шеруі. Тюмень, 10 желтоқсан 2011 жыл.
келесі күнгі шеруді жалғастырып кетуге тиіс 70 қаланың бірі Қазан қаласында қалайда жиналуы керек еді. Дегенмен жаппай жиналуды ұйымдастырып жүрген жергілікті белсенділер аз ұлттардың секеміне тиетіндей ұлтшыл ұрандарын бәсеңдетті.

НАРАЗЫЛЫҚ ШЕРУІНДЕГІ ТОПТАР

Бірақ Татарстаннан бөлек жерлерде де бұл қарама-қайшылық анық байқалады. Қоғамдағы әртүрлі көзқарас ұстанатын топтарды құрамына қосып алған қарсылық қозғалысын жасырын сызаттар айқұш-ұйқыш бөліп жатыр. Олардың ішінде премьер-министр Владимир Путиннің режиміне қарсы батыстық бағыттағы либералдар да, славяншыл-ұлтшыл элементтер де толып жүр.

Өткен аптада Мәскеуде болған наразылық шерулерінде беттеріне маска киіп, «Ресей алға!» деп ұрандап жүрген ұлтшылдар саны аз болып көрінді. Ресейдегі жеккөрініштен туындайтын қылмыстарды бақылаушы «Сова» орталығының басшысы Александр Верховскийдің айтуынша күш алып бара жатқан және құрамы ала-құла қарсылық қозғалысында саны аз болса да, қалыпты һәм радикал ұлтшылдар өріп жүр.

Верховскийдің айтуынша, әлеуметтік желілер арқылы табысып, жетекшілері Алексей Навальный мен Илья Яшиннің қамалуына қарсы шығу кезінде құрылған бұл қозғалыстың көзге-көрінбейтін ішкі қарама-қайшылықтары бар.

- Дәл қазір қозғалысты екіге жаратындай келіспеушілік жоқ. Себебі қарсылық әрекеті тек сайлау қорытындысын бұрмалауға қарсы шығуға қатысты ғана туған. Бұл туралы дауласатын да ештеңе жоқ. Алайда кейбір шерушілер көпшілік жаратпайтын ұрандарды көтеретін болса, онда проблемалар тууы мүмкін. Бұл - жалғыз ұлтшылдар үшін ғана емес, барлық радикал демонстранттар үшін де проблема. Осы арада мұндай жағдай туса, полиция қалай әрекет етер екен деген сұрақ көкейде тұр, - дейді Верховский.

НАВАЛЬНЫЙ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН ҰЛТШЫЛДЫҚ

Бұл болашақ бөлінушілік Алексей Навальныйдың мысалында анық көрініп тұр. Ол - осы қозғалыстың негізгі дем беруші жетекшілерінің бірі. Навальный өзін коррупцияға қарсы күрескер ретінде танытып, Ресейдің қазіргі билеуші партиясын «ұры-қарылар партиясы» деп сипаттап, ол сөзі мәтелге айналып кетті. Бірақ оның ұлтшылдығы да баршылық. Көптеген шовинист элементтерді тартқан биылғы «Орыс маршын» ұйымдастырушылардың бірі осы Навальный еді.

Мәскеудегі «Карнеги» орталығының саяси сараптамашысы Мария Липман:

- Бұл өте қызық, ыңғайсыз көрініс. Навальныйдың ұстанымы – жемқорлықпен күрес. Оның іс-әрекеттері негізінен жемқорлықты жоюға
Полиция блогер, саяси белсенді Алексей Навальныйды әкетіп барады. Мәскеу, 6 желтоқсан 2011 жыл.
Полиция блогер, саяси белсенді Алексей Навальныйды әкетіп барады. Мәскеу, 6 желтоқсан 2011 жыл.
шақырады, халықты жемқорлықпен күресуге және үкіметке қарсы шығуға үгіттейді. Ал ұлтшылдар дегеніміз сол баяғы ұлтшылдар. Оларды қозғалыстың батысқа бет бұрған либерал мүшелері жаратпайды, - дейді.

Бұл аралықта Кремль қарсылық шеруіне ұлтшылдардың қатысуын саяси ойынға айналдырып отыр. РТР өткен апта (7-8 желтоқсан) хабарларында бүкіл қозғалысқа түгелдей ұлтшылдық реңк бергісі келіп, демонстрацияға барынша мән бермеуге тырысты.

Шеруге «тек қана либералдар ғана, емес ұлтшылдар да қатысты. Енді полициямен қалай төбелесу керек, қандай киім кию керек, «молотов коктейлін» қалай жасау керек деген мәселеде ақыл-кеңес алудың еш қиындығы жоқ » деді тележүргізуші қатулы дауыспен.

Хабар осы арадан үзіліп кетіп, Мәскеудің көшесінде үстіне қара куртка киіп сөйлеп тұрған журналист Владимир Соловьев сөйлеп шыға келді:

- Ресейде көтеріліске шығу дәстүрі қалыптасқан және бұл көтеріліс үнемі қанмен аяқталады. Адам құқықтары үшін заңды тұрғыда күресудің дәстүрі жоқ. Заңдық нигилизм сол көтерілісті бастағандар мен олардың маңына жолағандарды өлім құштыртады, - деді ол.

ПУТИННІҢ «ҚАУПІ»

Өткен аптадағы сөзінде Путин ресейліктерді дүрбелең туып кетуі мүмкін деп қорқытуға тырысты.

- Біздің халқымыз Ресейдің Қырғызстанда, я жақында ғана Украинада туғандай жағдайға ұрынғанын қаламайды. Ешкім де хаостың туғанын қалап отырған жоқ, - деді Путин.

Мария Липман Кремль тарихи түрде оппозицияны тұншықтыру әрекетін дүрбелеңнің алдын-алу деп ақтап алға тырысып, ұлтшылдардың қорқынышын тиімді түрде пайдаланып келген. Бірақ бұл жолы мұндай жоспар кері толқын туғызуы мүмкін дейді.

- Кремль мұндай кампания түрлерін тұрақты және ашық түрде жүргізіп
Мария Липман, «Карнеги» орталығының саяси сараптамашысы. Мәскеу, 7 мамыр 2009 жыл.
Мария Липман, «Карнеги» орталығының саяси сараптамашысы. Мәскеу, 7 мамыр 2009 жыл.
келді. Қазір олар осылай істесе, таң қалмас едім. Бірақ биліктің тарапынан мұндай ыңғай көріп тұрғам жоқ. Себебі шерушілердің негізгі бөлігі ұлтшылдар емес. Оларға жала жабу болашақта олардың мемлекет тағы да алдап жатыр деп айыптауына дем бере түспек, - деді Липман.

Желтоқсанның 10-ы күні «Әділ сайлау үшін» деген атаумен Ресейдің 80-ге тарта ірі қаласында өткен парламент сайлауына наразылық таныту акциялары мыңдаған адамның басын қосты. Мәскеу мен Санкт-Петербургта он мыңға жуық адамның басын қосқан митингілер өтіп, наразы жұрт биліктен сайлау қорытындысын бұрмаламауды талап етті.

Ресей президенті елде соңғы жылдары болып көрмеген наразылық қозғалысының пайда болуына қатысты тек желтоқсанның 11-і күні Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында реакция танытты. Дмитрий Медведев қысқаша жазбасында шерушілердің мәлімдемелерімен келіспейтінін, сайлау учаскелерінен түскен барлық хабрламаларды қайта тексеруге тапсырма бергенін айтады.
XS
SM
MD
LG