Accessibility links

Ресей халқы азайып барады


Башқұртстандағы татарлар Бүкілресейлік санақ нәтижесінің бұрмалануына қарсы ереуілге шықты. Уфа, 27 қазан 2010 жыл.
Башқұртстандағы татарлар Бүкілресейлік санақ нәтижесінің бұрмалануына қарсы ереуілге шықты. Уфа, 27 қазан 2010 жыл.

Ресей үкіметі осы аптада 2010 жылғы халық санағының бастапқы қорытындысын жариялады. Оған сәйкес, 2002 жылғы халық санағымен салыстырғанда, Ресей халқы 2,2 миллион адамға азайған.

Қазан айындағы халық санағының бастапқы нәтижесіне қарағанда, Ресей халқының саны – 142,9 миллион. Бұл 2002 жылы жүргізілген халық санағынан бері Ресей халқының 2,2 миллион адамға немесе 1,6 пайызға азайғанын білдіреді.

ЭТНИКАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАЛАРДА ЖАН САНЫ ӨСКЕН

Осы аптада Ресей үкіметі жариялаған халық санағының бастапқы қорытындысында таң қаларлық мәліметтер бар. Соңғы көрсеткішкерге сәйкес, халықтың 53,7 пайызы – әйелдер. Ресейліктердің 73,7 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. «Росстат» статистикалық агенттігінің басшысы Александр Суринов «Российская газета» басылымына берген сұқбатында гендерлік дисбаланстың өсуі «ерлер арасындағы ерте көз жұму көрсеткішімен байланысты» деп мәлімдеді.

Бұл көрсеткіштер халық саны азайып бара жатқан елде көптен бері қалыптасқан демографиялық дағдарысты дәлелдейді. Халық санағының соңғы нәтижесі 2013 жылдың басына дейін жарияланбайды. Бірақ бұған қарамастан, осы аптада белгілі болып отырған көрсеткіштер БҰҰ-ның 2009
Саясаттанушы Марк Урнов. Мәскеу, 3 ақпан 2009 жыл.
жылғы баяндамасында айтылған болжамды растайды. БҰҰ баяндамасына сәйкес, Ресей халқының саны 2050 жылға дейін азайып, 116 миллионды құрауы мүмкін.

– Бүгінгі демографиялық процесс, яғни халықтың азаюы – бюджет ресурстарының бөлінуі немесе бөлінбеуімен ғана емес, ол сонымен қатар мәдениет мәселесімен байланысты үлкен үдеріс. Біз гедонистикалық, тұтынушылар мәдениетіне айналдық. Мұндай жағдайларда әрдайым бала туу көрсеткіші азайып отыр. Тек бізде ғана емес, Еуропа мен АҚШ-та да осындай жағдай қалыптасып отыр, – деді Мәскеудегі экономика жоғарғы мектебінің саясат бөлімін басқаратын Марк Урнов.

Ресейдің ең ірі қалалары – Мәскеу мен Санкт-Петербургте жан саны көбейген. Ресейдің 83 аймағының 20-сында (олардың көбі этникалық республикалар деп аталып кеткен аймақтар), атап айтқанда, зорлық-зомбылық әрекеттері болып жатқан Солтүстік Кавказда халық саны өскен. Әсіресе мұсылмандар тұратын Шешенстан мен Дағыстан ең жоғары көрсеткішке жеткен.

«САНАҚ НӘТИЖЕСІНЕ СЕНУГЕ БОЛА ҚОЙМАС»

Солтүстік Кавказдағы белсенді Усама Байсиев соңғы дерекке күмән келтіреді. Адам құқығы бойынша «Мемориал» тобымен әріптес Байсиевтің айтуынша, бұл аймақта 2002 жылғы халық санағы қиын жағдайда жүргізілгендіктен, сол кездегі көрсеткіштермен салыстыруға болмайды.

– Шешенстанда 2002 жылғы халық санағы қалай жүргізілгені есімде. Кей жерлерде халық санағын есептеушілер келмеген, әсіресе таулы жердегі ауылдарға бармаған. Сол кезде билік орындарының өкілдері келуге қорқатын. Себебі әлгі ауылдар (әсіресе түнде) шешен жауынгерлерінің бақылауында
Рамзан патриоттық клубының мүшелері Қадыровтың суретін, Ресей мен Шешенстанның туын көтеріп, Конституция күнін атап өтті. Грозный, 23 наурыз 2011 жыл.
болатын, – дейді Байсиев.

Бұған қоса, аймақтардағы жергілікті билік орындары мен Мәскеудегі үкімет «сандарды көбейтіп көрсетуге өте ынталы».

– Осы жолғы халық санағының нәтижесіне сенуге бола қоймас. Өйткені Шешенстан билігі адам көп болса, жақсы болады деп есептейді. Мұның бюджет пен ақшаға қатысты себептері бар. Ресей билігі де бұған қарсы емес: құқық қорғаушы ұйымдардың айтуынша, Шешенстанда әлі де адам өлтіру бар. Егер Шешенстан тұрғындарының саны өсіп жатыр делінсе, бұл статистика көрсеткіштері құқық қорғаушы белсенділердің баяндамаларына қайшы келеді, – деді Байсиев.

Халық санағы Ресейдің демографиялық жағдайына қатысты қызу пікір-таластарға тағы да түрткі болды.

Саясаттанушы Урновтың айтуынша, Ресейдегі демографиялық проблема эмиграцияға, әсіресе білімді жастардың кетуіне байланысты одан сайын нашарлап барады.

«Бала туу көрсеткішінің төмендеуі, ауылдық жерлердегі халық санының азаюы, эмиграция сияқты барлық мәселелерді шешуге болады. Бірақ оған үлкен күш-жігер жұмсау керек» керек дейді мамандар.
XS
SM
MD
LG