Accessibility links

Ресейдің миграциялық саясаты тұйыққа тірелді


Мәскеудегі Қазан вокзалында тұрған еңбек мигранттары. Ресей, 17 қараша 2012 жыл.
Мәскеудегі Қазан вокзалында тұрған еңбек мигранттары. Ресей, 17 қараша 2012 жыл.

Кремль заңсыз жүрген миллиондаған шетелдік жұмысшыларды заңдастыру арқылы салықтан пайда тапқысы келеді. Бірақ мигрантарға қарсы көзқарастар бұл жобаны бөгеп тұр.

Бек Тахиров есімді мигрант жұмысшылардың басындағы проблемамен жақсы таныс.

38 жастағы этникалық өзбек Ресейге 2004 жылы келіп, алкогольді ішімдіктер сататын қоймада жүк жинаушы болып заңсыз жұмыс істеп жүрген. Ол екі жыл бұрын заңды түрде тіркелу үшін Ресей азаматтығын алуға өтініш беріп, ұзақ мерзімнен соң ақыры алған.

Бек Тахиров қазір Санкт Петербург қаласында күндіз аудармашы, түнде күзетші боп жұмыс жасайды. Сонымен қатар Өзбекстаннан жаңадан келген мигранттарға Ресейдің күрделеніп бара жатқан еңбек рыногында жүріп-тұруды үйрету үшін олармен тәжірибе бөліседі.

– Жыл сайын жағдай қиындап барады. Бұрын жұмысты тез тауып алуға болатын еді. Ешкім ешқандай құжат сұрап жатпайтын. Қазір көп құжат толтырасың. Соның өзінде олар сені алдап, ақыңды жеп кетеді. Мұндай алдау амалдары барлық жерде толып жатыр, – дейді ол.

Мұның қатарына жұмыс жасауға рұқсат алу үшін үлкен көлемде пара сұрау, мигранттарды полицияның жөн-жосықсыз қамай беруін де қосуға болады. Бұл жағдайдың қалыптасуына Ресейдегі 10-12 миллион мигранттың бар болғаны екі-ақ миллионының заңды түрде тіркелуі ықпал еткен.

Еңбек мигранттарының көбі Ресейге бұрынғы Совет Одағы құрамында болған Орталық Азия елдерінен барған. Тіркелмеген мигранттар «көлеңкелі» экономикада еңбек етеді.

«ЖАСАНДЫ КЕДЕРГІЛЕР»

«Ресейдің миграция саясаты тұйыққа тірелді дейді» сарапшылар. Кремль бір жағынан шетелдік жұмысшыларды заңды жолмен тіркеуден түсетін пайда арқылы бюджетті өсіргісі келеді. Билік өкілдері халықтың қартаюына байланысты босап қалған жұмыс орындарын толтыру үшін мигранттарға мұқтаж екендерін түсініп отыр.

Бірақ елдегі анти-иммигранттық көңіл күй мен реттеу тетіктерінің әлсіздігі, заңсыз
Еңбек мигранттары туралы ойын. Ресей, 1 қазан 2012 жыл.
Еңбек мигранттары туралы ойын. Ресей, 1 қазан 2012 жыл.
мигранттар есебінен гүлденіп жатқан көлеңкелі экономика олардың еңбегін заңдастыру мәселесін қиындата түсуге мүдделі.

Мәсукедегі «21-ғасыр миграциясы» ұйымының өкілі Василий Кравцовтың айтуынша, мигранттар жолығатын кедергілер күрделеніп бара жатыр.

– Елде заңды түрде жұмыс жасап, Ресейге орнығып, азаматтық алғысы келетін адамдар үшін барлық кедергілер қолдан жасалып жатыр. Мұндай фактілер әсіресе соңғы екі жылда белең алды, – дейді ол.

Кравцов – Кремльдің маусым айында жарияланған, миграцияға байланысты саяси құжатының авторларының бірі. Бұл құжат бойынша миграция процесі Ресей экономикасындағы жағымды фактор ретінде танылған. Осы құжаттың негізінде жергілікті басшыларға шетелдік жұмысшыларды жұмысқа орналастыру ісін жеңілдетуге нұсқау берілген. Одан бөлек мигранттардың Ресей қоғамына сіңісуіне жәрдем беруге шақырған.

Кремль құжатта қаралған 2025 жылға дейінгі саяси бағыттың негізі ретінде мигранттарды қолдау сияқты негізгі концепцияны ресми түрде қолдады.

ПУТИННІҢ СӨЗІ ЖӘНЕ КРЕМЛЬДІҢ ҚҰЖАТЫ

Бірақ «21-ғасыр миграциясы» ұйымының өкілі Кравцов іс жүзінде бұлай емес екенін ескертеді.

– Мемлекеттің миграция туралы концепциясы қызық, жаңа әрі маңызды болатын. Бірақ олар қабылданғанымен нақты ештеме өзгерген жоқ. Мен ешқандай өзгеріс
Мәскеудегі Қазан вокзалында қамауда отырған заңсыз өзбек мигранттары. Ресей, 24 қаңтар 2012 жыл.
Мәскеудегі Қазан вокзалында қамауда отырған заңсыз өзбек мигранттары. Ресей, 24 қаңтар 2012 жыл.
көрген жоқпын. Біз заңды тіркелген мигранттар санының өскенін көрдік пе? Не болмаса мигранттардың азаматтық алуы жеңілдеп, олардың қоғамға араласуы оңайлады ма? Жоқ, біз ондай нәрсені көре алмадық. Бұл мәселе әуелгі концепцияда қалай қаралған еді?» деген сұрақты тудырады, – дейді ол.

Ресей президенті Владимир Путинның халыққа айтып жүрген саяси сөздері де Кремльдің қолдау білдірген саясатына қайшы келеді.

Былтыр президенттік сайлау кезінде Путин мигранттардың тиісті органдарға барып, заңды түрде тіркелуін талап ететін заңдарды күшейтуге уәде еткен. Ол сонымен қатар мигранттарды елдегі жұмыс орындарына орналастыру үшін оларды орыс тілінен, Ресей тарихы мен мәдениетінен емтихан тапсыруға үндеген болатын. Бұл ұсыныстар заңға еніп, құжатқа қол қойылған. Мәскеу 2012 жылы қараша айында Қырғызстан азаматтарының Ресей азаматтығын алуын жеңілдету үшін 1996 жылы жасасқан келісімнің күшін жойды.

Путин былтыр желтоқсан айындағы жылдық жолдауы кезінде парламентті заңсыз миграцияға қарсы жазалау шараларын күшейтуге шақырды. Президент «мигранттардың қолында халықаралық төлқұжаты болмаса, елге кіргізбеңдер» деді. Бұған дейін бұрынғы Совет Одағы құрамында болған елдер азаматтары Ресейге өз еліндегі төлқұжаттарымен кіре беретін еді.

«МИГРАНТТАРДЫ ҮРКІТУ»

Ресей академиясындағы экономикалық болжау ғылыми институтының миграцияны зерттеу кафедрасының меңгерушісі Жанна Зайончковская «мұндай риторика мен саяси қадамдар Ресей қоғамындағы ксенофобиялық көңіл-күйді әлсірету үшін мақсатты түрде әдейі жасалатынын» айтады.

– Мен мұндай қатты айтылған риторикалар ел үшін пайдалы деп ойламаймын, себебі ол мигранттарды үркітеді. Мигранттардың да ақпарат алмасатын өзара ішкі
Еңбек мигранттарына арналған нұсқаулықтың мұқабасындағы сурет. Ресей, 22 қазан 2012 жыл.
Еңбек мигранттарына арналған нұсқаулықтың мұқабасындағы сурет. Ресей, 22 қазан 2012 жыл.
байланыстары бар. Олар осы жаңалықтарды бір-біріне таратады. Мұндай жаңалықтар мигранттар толқынын әлсіретеді, – дейді ол.

Зайончковскаяның айтуынша, мигранттардың Ресейде заңды түрде жұмыс жасауын қиындатқан тағы бір себеп – құрылыс секторын айтарлықтай баяулатып тастаған әлемдік экономикалық дағдарыстың соққысы.

Осы проблемаға орай Ресей басшылары тіркелген мигранттардың жартысына ғана жұмыс жасауға рұқсат берді. Осының кесірінен заңды мигранттардың көбі «көлеңкелі» экономикаға кетуге мәжбүр болды.

Қазіргі Ресейде саяси ахуал да жайлы емес. Қараша айында тәуелсіз Левада орталығының жүргізген сауалнамасы кезінде ресейліктердің 65 пайызы елге мигранттардың аз мөлшерде келуін қалайтынын айтты. Сұралғандардың 73 пайызы «заңсыз жүргендерді елдеріне қайтару керек» деп біледі.

Осыларды көрген өзбек мигранты Тахиров жағдайдың жуық арада жақсаратынан күмәнмен қарайды.

– Көптеген мигранттар заңды түрде жұмыс іздеп табуға қауқарсыз. Олар теледидардан ғана «бәрі тамаша» деп көрсете береді. Бірақ бұл жұмыстар беті бүркемеленген құлдық қамыт сияқты. Мигранттар бәрібір келіседі. Себебі олар мұнда айына 500-600 доллар шамасында табыс тауып, үйлеріне жібере алады. Өзбектер мен тәжіктер үшін бұл – көп ақша, – дейді ол.
XS
SM
MD
LG