Accessibility links

Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты

Алашорда қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйі. Алматы, 24 ақпан, 2009 жыл. Азаттық архивіндегі сурет.
Алашорда қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйі. Алматы, 24 ақпан, 2009 жыл. Азаттық архивіндегі сурет.

1990 жылы "Азат" қозғалысының жетекшісі Сәбетқазы Ақатай мен тағы бірнеше белсенді кезінде совет өкіметі кәмпескелеген Алашорданың мүлік-мүкәмалын қайтаруды Мәскеу мен Қазақстандағы компартия басшылығынан талап еткен. Билік жауап бермеді.

1990 жылдың аяғында Азаттық радиосы советтік Қазақстанда қоғамдық-саяси ортада жаңадан пайда болған, коммунистік идеология құрсауынан шығуға, шынайы демократиялық қоғам орнатуға, совет билігінің озбырлығын әшкерелеп, тарихи әділетке қол жеткізуге талпынған қоғамдық қозғалыстар өкілдерінен сұхбат алған. Бүгінгі хабарда азаматтық "Азат" қозғалысының жетекшісі, ұлтшыл-демократиялық бағыттағы оппозициялық саясаткер Сәбетқазы Ақатаймен болған сұхбатқа шолу жасаймыз. Азаттық радиосының Алматыдағы тілшісі Қиял Сабдалин алған сұхбат эфирден 1991 жылғы 31 қаңтарда берілген.

Горбачев пен Назарбаевқа хат. Алашорданың мүлкі қайда?
please wait

No media source currently available

0:00 0:25:35 0:00

ҚАРА ЖҰМЫСШЫ ҚАЙРАТКЕР

Сәбетқазы Ақатай қазан айында туып, қазан айында қайтыс болды. Ол 1938 жылғы 11 қазанда дүниеге келген. Мектептен кейін зауыт-фабрикаларда қара жұмысшы болды. Қарағанды шахтасында еңбек етті.

Кейін Мəскеудегі Ломоносов университетін философ мамандығымен бітірді. Студент шағында қазақ жастарының "Жас тұлпар" ұйымына белсене ат салысты. "Ұлтшыл" атанып оқудан қуылған кезі де болды.

Азаттық радиосы Қазақ қызметінің директоры Хасен Оралтай (ортада тұр) Қазақстанға алғашқы сапары кезінде қоғам белсенділерімен бірге түскен сурет. Фотода Сәбетқазы Ақатай сол жақтан бірінші отыр. Алматы, 1991 жылғы маусым айы. Хасен Оралтайдың жеке қорындағы фото.

Сәбетқазы Ақатай – ғылымда əйгілі ғалым Əлкей Марғұланның шəкірті. Философия ғылымының докторы, профессор, ондаған ғылыми монография мен жинақтардың, 500-ге тарта мақаланың авторы. Аудармалар жасады. Оннан аса кітап жазды.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасында адам құқығы жанышталғаны туралы этнограф Жағда Бабалық екеуі халықаралық ұйымдарға жасырын хат жолдады. 1990 жылы демократиялық "Азат" қозғалысын құрды. Сол жылы Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануына атсалысты.

1999 жылы ол жетекшісі болған "Алаш" ұлтттық партиясы парламент мәжілісі сайлауына түсті. Бірақ қажет дауыс жинай алмағандықтан, парламентке өтпей қалды.

Cәбетқазы Ақатай 2003 жылы қазан айында дүние салды.

Ақатай кейбір советтік мекемелер бір кездегі Алашорда үкіметі меншігінде болған ғимаратты мекендеп, "Алаш" партиясының мүлкін иемденіп алған дейтін. Ол 1990 жылдың аяғында Азаттық радиосына берген сұхбатында Совет билігінен бір кезде кәмпескеленген Алашорданың мүлік-мүкәмалын қалай талап еткенін таратып түсіндірген.

"ӘДІЛЕТ ЖОЛЫНДА ШӘҺИД БОЛЫП КЕТЕЙІК"

Сәбетқазы Ақатай бастаған бірнеше адам Алашорда меншігінде болған мүлікті қайтару туралы сол кезде биліктен кету мерзімі таяған СССР жетекшісі Михаил Горбачев пен билікке енді жеткен Қазақ ССР-і басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазған.

"Біз әуелде бұл туралы жастардың өздерін "алашпыз" деп жүрген бейресми ұйымдары әрекет қыла ма деп ойлап едік. Бірақ жастардың арасынан ой салып жүрген ешкімді көрмеген соң Әмина Нұғыманова, Жағда Бабалық, психолог Күләш Бәсібекова төртеуміз ортақ мәмілеге келдік те, Горбачев пен Назарбаевқа хат жаздық. Ажалымыз осыдан болса, әділет жолында шәһид болып кетейік дестік", – деген еді Сәбетқазы Ақатай сұхбатында. Мұнда аты-жөні аталғандар ішінде Әмина Нұғыманова – белгілі әнші, өнер зерттеушісі, халық әндерінің жоқтаушысы Әмина Бафина, кейін Мұсылман әйелдер лигасын басқарған белсенді.

"Азат" азаматтық қозғалысын ұйымдастырушылар. Бірінші қатарда сол жақтан екінші тұрған – Сәбетқазы Ақатай. Алматы, 1990 жыл. Журналист Марат Тоқашбаевтың жеке архивіндегі сурет.
"Азат" азаматтық қозғалысын ұйымдастырушылар. Бірінші қатарда сол жақтан екінші тұрған – Сәбетқазы Ақатай. Алматы, 1990 жыл. Журналист Марат Тоқашбаевтың жеке архивіндегі сурет.

Азаттыққа берген сұхбатында Сәбетқазы Ақатай совет өкіметіне жолдаған талап хаттағы Алашорда мүлкі жайлы тарқатып айтқан.

"Алашорданың 12 жерде әскери, оқу-ағарту, партиялық, мемлекеттік органдары болған. Жеке баспасөзі болған. Оны шығаратын нәшрияты – баспаханасы болған. Өзінің партиялық, мемлекеттік мүлкі болған. Мемлекеттік істі іске асыратын мекемелері болған. Мұның бәрі "Алаш" партиясының және Алашорда үкіметінің жеке меншігі болған", – деді "Азат" қозғалысының басшысы.

ҚҰНЫКЕР – БОЛЬШЕВИКТЕР

Сәбетқазы Ақатай Алашорда үкіметінің мүліктерін Қызыл армия мен қызыл комиссарлар қиянат жасап иемденіп кетті дейтін.

"Алашорда басшылары мен мүшелері түгелдей тізімге алынып, құртылды. Басқаша айтқанда, өзін-өзі билейтін қазақтың саяси – мемлекеттік мекемесіне қиянат жасалды. Соның бәрі халықаралық құқық негізінде тиісті бағасын алып, қазір биліктің айтқаны өтірік болмайтын болса, праволық мемлекет құрғысы келетін болса, алдымен өзі жасаған қиянаттың орнын толтыруы керек. Оны толтыратын – Совет мемлекеті мен коммунистік партия", – деп атап айтқан Сәбетқазы Ақатай.

Оның құнын есептеуді жауапкер тараптың ырқына бердік деді саясаткер.

"Бір кездегі Алашорданың мекемелерінің бәрі – осылардың меншігі. Біз осының құнын сұрап отырмыз. Құнын есептеуді большевиктердің өзіне қалдырдық", – деді "Азат" қозғалысының жетекшісі.

"ПРЕЗИДЕНТТІҢ ПРОГРАММАСЫНА КІРУІ КЕРЕК"

Сәбетқазы Ақатай Алашордаға қарасты кейбір мүліктерді де атап өткен. Ол совет билігі талаптарын орындамайтын болса, халықаралық сотқа жүгінетінін, жалпы бұл талап жүзеге асқанша мәселені бей-жай қалдырмайтынын айтқан. Ол Алаш қайраткерлеріне қатысты мүліктерді қайтару талабын жалпыхалықтық науқанға айналдырудан да қайтпайтынын білдірген еді.

"Біз оны сұрамаймыз – талап етеміз. Қазір "Азат" қана талап етсе, ертең 10 млн қазақ халқына талап еткіземіз", – деді саясаткер.

Азаттыққа берген сұхбатында Сәбетқазы Ақатай Алаш қайраткерлеріне қатысты мүліктерді қайтарудың саяси әдіс, тәсілдері туралы да тоқталған.

"Бұл мәселені парламент, президент сайлауы, референдум кезінде де көтермекпіз. Кім де кім Қазақстан президенті болғысы келсе, бұл соның программасына кіруі керек. Бұл тарихта болған қиянат пен әділетсіздіктің орнын толтыру үшін қажет", – деді "Азат" жетекшісі.

Сәбетқазы Ақатай Азаттық радиосына осы сұхбатты берген кезінде Қазақстанда тұңғыш жалпыхалықтық президент сайлауы өтуіне әлі бір жыл уақыт бар еді.

БІР ЖЫЛ ПҰРСАТ

"Азат" қозғалысының жетекшісі егер совет билігі Алашорда мен Алаш қайраткерлеріне тиесілі болған мүліктерді қайтарғандай болса, оны кәдеге жарату жоспары барын да айтқан.

Оның сөзінше, Алашорданың 12 баспаханасы, бірнеше техникумы, бірнеше әскери-мемлекеттік училищесі болған. Саясаткер соның бәрін тек "Азат" қозғалысына сұрап отырмағанын айтқан еді. Ол егер осы мүліктер қайтарылғандай болса, оны азаматтық ұйымдар арасын бөліп берген дұрыс деген ой білдірген.

Болат Мүрсәлімнің Алаш жасағы жайлы сұхбаты
please wait

No media source currently available

0:00 0:19:06 0:00

"Біреуін "Азатқа" берсін, біреуін "Алаш" партиясына берсін, енді бірін социал-демократтарға берсін. Соның бәрін қазақтың барлық демократиялық ақыл-ой мекемелеріне қайтарып берсін деп отырмыз", – деді оппозициялық саясаткер. Ол осыны қайтарып беруге Совет билігіне 1990 жылдың қазан айынан бастап бір жыл пұрсат беріп отырғанын айтты. Егер бұл талап бір жылда орындалмайтын болса, билікті халықаралық сотқа береміз деген Сәбетқазы Ақатай бұған тікелей жауапкер Совет одағы коммунистік партиясы мен Қазақстанның коммунистік партиясы екенін тағы да атап өткен. Бірақ кейін компартия тарап, совет мемлекеті де ыдырап тынған еді.

"Әділет бар болатыны рас болса, біз мұны өмір бойы жоқтаймыз", – деген сонда "Азат" қозғалысының басшысы.

Сәбетқазы Ақатай атаған Социал-демократиялық партияның сол кездегі жетекшілерінің бірі Дос Көшімнен осы туралы сұрадым.

– Иә, біз, "Азат" қозғалысы митинг жасап, Жоғарғы Кеңестің алдында шатыр тігіп жатып алғанда осы – компартияның ақшасы туралы мәселе көтерген кез есімде. Бірақ аяғы немен біткенін білмеймін. Мен басқарған социал-демократиялық партия да бұл талапқа қосылды, – деген ол Азаттыққа.

"АЛМАТЫДА БІР ҮЙ БАР"

"Азат" азаматтық қозғалысы жетекшілерінің бірі Сәбетқазы Ақатай Алаш қайраткерлері тұрған, мекендеген ғимараттарды музейге айналдыру мәселесін де көтерген.

"Ахмет Байтұрсыновтың, Әлихан Бөкейхановтың, Мағжан Жұмабаевтың, Міржақып Дулатовтың үй-жай, мүкәмалдары, кітаптары бар. Соның бәрін олардың туған-туысқандарына қайтарып беру керек. Мәселен, Ахмет Байтұрсынов тұрған үй Алматының Шевченко және Космонавтар көшелері қиылысында әлі күнге дейін тұр. Ағаштан салынған алты бөлмелі ескі үй. Сол үйді біз "Азатқа" қайырып берсін дейміз. Біз сол үйдің екі бөлмесін музей ғылып, қалған бөлмелерін "Азаттың" кеңсесі ретінде ұстамақпыз", – деген Сәбетқазы Ақатай.

Алашорда қайраткерлері

Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы үкіметінің (Халық Кеңесінің) мүшелері Алаш қаласына (Заречная Слободка, Семей) көшіп келіп қоныстанған 1918 жылы. Үшінші қатарда отырғандар: солдан оңға қарай бірінші - Ахмет Байтұрсынұлы, бір кісіден кейін басына ақ кепкі киген - Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейхан. 1918 жыл. 
1/20 Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы үкіметінің (Халық Кеңесінің) мүшелері Алаш қаласына (Заречная Слободка, Семей) көшіп келіп қоныстанған 1918 жылы. Үшінші қатарда отырғандар: солдан оңға қарай бірінші - Ахмет Байтұрсынұлы, бір кісіден кейін басына ақ кепкі киген - Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейхан. 1918 жыл. 
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
20-ғасыр басындағы қазақ зиялыларының тобы. Бірінші қатарда ортада қолтықтасып отырғандар: ақ жейде киген - Әлихан Бөкейхан (оң жақта), сақалды адам - Абайдың ұлы Тұрағұл. Өзгелері белгісіз.
2/20 20-ғасыр басындағы қазақ зиялыларының тобы. Бірінші қатарда ортада қолтықтасып отырғандар: ақ жейде киген - Әлихан Бөкейхан (оң жақта), сақалды адам - Абайдың ұлы Тұрағұл. Өзгелері белгісіз.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
"Қазақ" газетінің құрылтайшылары (оңнан солға қарай): Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан және Ахмет Байтұрсынұлы.
3/20 "Қазақ" газетінің құрылтайшылары (оңнан солға қарай): Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан және Ахмет Байтұрсынұлы.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Әлихан Бөкейхан, Алашорда ұлттық-территориялық автономиясын бастап Алаш (Заречная Слободка, Семей) қаласына көшіп келген 1918 жылы. Бұл сурет Алашорда автономиясы үкіметі мүшелері топтасып түскен суреттен үлкейтіліп алынды.
4/20 Әлихан Бөкейхан, Алашорда ұлттық-территориялық автономиясын бастап Алаш (Заречная Слободка, Семей) қаласына көшіп келген 1918 жылы. Бұл сурет Алашорда автономиясы үкіметі мүшелері топтасып түскен суреттен үлкейтіліп алынды.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Бірінші қатарда отырғандар: "Қазақ" газетінің демеушісі Хасен Ақайұлы мен бәйбішесі. Тұрғандар: ортада Смайыл Байтенұлы, екіншісі - белгісіз.
5/20 Бірінші қатарда отырғандар: "Қазақ" газетінің демеушісі Хасен Ақайұлы мен бәйбішесі. Тұрғандар: ортада Смайыл Байтенұлы, екіншісі - белгісіз.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Әлихан Бөкейхан, Мәскеуде саяси қуғында жүрген жылдарында.
6/20 Әлихан Бөкейхан, Мәскеуде саяси қуғында жүрген жылдарында.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Шәкерім қажы Құдайбердіұлы, ақын, "Қазақ" газетінің авторларының бірі. 
7/20 Шәкерім қажы Құдайбердіұлы, ақын, "Қазақ" газетінің авторларының бірі. 
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Мұхамеджан Қаратайұлы, заңгер, І Мемлекеттік Думаның депутаты, 20-ғасыр басындағы қазақ зиялыларының бірі. "Қазақ" газетіне сирек те болса мақала жазып тұрды.
8/20 Мұхамеджан Қаратайұлы, заңгер, І Мемлекеттік Думаның депутаты, 20-ғасыр басындағы қазақ зиялыларының бірі. "Қазақ" газетіне сирек те болса мақала жазып тұрды.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Міржақып Дулатұлы, совет билігі жылдарында. 
9/20 Міржақып Дулатұлы, совет билігі жылдарында. 
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Мағжан Жұмабайұлы, "Алаш" қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. «Қазақ» газетінің белсенді авторларының бірі.
10/20 Мағжан Жұмабайұлы, "Алаш" қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. «Қазақ» газетінің белсенді авторларының бірі.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Ғұмар Қарашұлы, 20-ғасыр басындағы танымал дін қайраткері, ақын. "Қазақ" газеті авторларының бірі, әрі Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясының белсендісі.
11/20 Ғұмар Қарашұлы, 20-ғасыр басындағы танымал дін қайраткері, ақын. "Қазақ" газеті авторларының бірі, әрі Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясының белсендісі.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Мұхамеджан Тынышбайұлы, теміржол инженері, тарихшы, Алаш қайраткері, әрі Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясының) бірінші төрағасы. "Қазақ" газеті авторларының бірі.
12/20 Мұхамеджан Тынышбайұлы, теміржол инженері, тарихшы, Алаш қайраткері, әрі Түркістан мұхтариятының (Қоқан автономиясының) бірінші төрағасы. "Қазақ" газеті авторларының бірі.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
20-ғасыр басындағы қазақ зиялылары. Ортада отырған - "Қазақ" газетінің өкілетті өкілі Міржақып Дулатұлы. Ташкенттегі фотостудиялардың бірінде түсірілген сурет.
13/20 20-ғасыр басындағы қазақ зиялылары. Ортада отырған - "Қазақ" газетінің өкілетті өкілі Міржақып Дулатұлы. Ташкенттегі фотостудиялардың бірінде түсірілген сурет.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Жүсіпбек Аймауытұлы, ақын, жазушы, драматург, мемлекет қайраткері. "Қазақ" газеті авторларының бірі.
14/20 Жүсіпбек Аймауытұлы, ақын, жазушы, драматург, мемлекет қайраткері. "Қазақ" газеті авторларының бірі.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Жақып Ақбайұлы, заңгер, құқық магистрі, 1903 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін үздік бітірген. "Қазақ" газеті авторларының бірі, Алаш қайраткері.
15/20 Жақып Ақбайұлы, заңгер, құқық магистрі, 1903 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін үздік бітірген. "Қазақ" газеті авторларының бірі, Алаш қайраткері.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Халел Досмұхамедұлы (1883-1939), "Алаш" қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. «Қазақ» газеті авторларының бірі.
16/20 Халел Досмұхамедұлы (1883-1939), "Алаш" қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. «Қазақ» газеті авторларының бірі.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Биахмет Сәрсенов (1885-1921 жж.) - Алашорданың көрнекті қайраткері. «Қазақ», «Сарыарқа» газеттеріне мақалалар жазып тұрған. 1918 жылы түсірілген бұл сурет жеке мұрағаттан алынды.
17/20 Биахмет Сәрсенов (1885-1921 жж.) - Алашорданың көрнекті қайраткері. «Қазақ», «Сарыарқа» газеттеріне мақалалар жазып тұрған. 1918 жылы түсірілген бұл сурет жеке мұрағаттан алынды.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Смайыл (Ысмайыл) Байтенұлы, Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясының қайраткері. "Қазақ" газеті авторларының бірі.
18/20 Смайыл (Ысмайыл) Байтенұлы, Алаш қозғалысы мен Алашорда автономиясының қайраткері. "Қазақ" газеті авторларының бірі.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Ахмет Байтұрсынұлы ізбасарларының ортасында.
19/20 Ахмет Байтұрсынұлы ізбасарларының ортасында.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
"Қазақ" газетінің 1914 жылғы 14 ақпан күнгі 50 саны.
20/20 "Қазақ" газетінің 1914 жылғы 14 ақпан күнгі 50 саны.
1917 жылы 13 желтоқсанда Орынборда Алашорда үкіметі құрылды. "Алаш" қозғалысы платформасын насихаттаған "Қазақ" газетінің авторларын осы фотогалереядан көре аласыздар. (Суреттер Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан алынды).
Previous slide
Next slide

Сол кезде "Арыс" қорында қызмет атқарған зерттеуші, журналист Аманқос Мектептегі бірнеше ай бұрын Азаттыққа берген сұхбатында осы туралы тоқталып еді. Ол сонда Байтұрсыновтың үйі туралы "Алматы ақшамы" газетіне "Арыс" қорының жетекшісі Ғарифолла Әнеспен бірігіп мақала жазғанын да еске алды. "Арыс" қоры сол үйді Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейіне айналдырмақ болған.

– Біз көрген кезде сол үйде сегіз жанұя пәтерде тұрып жатты. Примуспен тамақ істейді, ішінің бәрін ыс басқан, үй тозып кеткен екен. Осы үй туралы Ғарифолла екеуміз "Алматы ақшамы" газетінің бірінші нөміріне "Алматыда бір үй бар" деген мақаланы шығардық, – деді Азаттыққа Аманқос Мектептегі Ахмет Байтұрсынов тұрған үйдің 1991 жылғы ахуалы жайлы.

Шолпан Ахметқызы Байтұрсынова (сол жақта) мен Аманқос Мектептегі Ахмет Байтұрсыновтың үйінің алдында тұр. Алматы, 1991 жыл. Фото авторы – Ерғали Жүсіп.
Шолпан Ахметқызы Байтұрсынова (сол жақта) мен Аманқос Мектептегі Ахмет Байтұрсыновтың үйінің алдында тұр. Алматы, 1991 жыл. Фото авторы – Ерғали Жүсіп.

Ол Алаш қайраткерлерінің Торғай, Орынбор, Қызылорда сияқты қалалардағы үйлерін және Семейдегі педтехникум үйін де музейге айналдыру керектігін айтқан.

СӘБЕТҚАЗЫ АҚАТАЙ ЖӘНЕ СОВЕТ БИЛІГІНІҢ СОҢҒЫ КҮНДЕРІ

Қазақстанның жаңа тарихында "Азат" қозғалысы араласқан белгілі саяси акцияның бірі – Орал оқиғасы болатын. 1991 жылы, Қазақстан тәуелсіздік алардан тура 3 ай бұрын, Орал казактары орыс патшасына қызмет етуінің 400 жылдығын тойламақшы болып, қазақтар бұл бастамаға қарсы шыққан. үлкен жанжалға ұласып кете жаздаған Орал казактары шеруі "Азат" қозғалысы мүшелерінің араласуымен таратылған еді. Қозғалыс мүшелері одан бұрын да билікке Жайық казактарының саяси реңкі бар басқосу өткізуіне наразылық білдірген болатын. Жалпы, сол кездегі мәмілелер мен координацияға қарағанда Қазақстан билігі казактар мәселесін реттеуде Азат қозғалысына жүгінгені байқалады.

Жалпыхалықтық президент сайлауы қарсаңында сол кезде жалғыз кандидат Нұрсұлтан Назарбаев ел аралап жүріп Жайыққа соққанда, Орал оқиғасы туралы да айтқан. Және оған тойтарыс берген "Азат" қозғалысының іс-әрекетіне ықылас білдіргені бар. Азат қозғалысының жетекшісі Сәбетқазы Ақатай Азаттыққа сұхбат берген кезде Орал оқиғасына әлі бір жыл уақыт қалған еді.

1990 жылдың аяғында Азаттық радиосының Алматыдағы алғашқы тілшісі Қиял Сабдалин сол кезде Қазақстанда "неформалдар", "бейресми ұйымдар" деп айдарланған қоғамдық бірлестіктер басшыларынан сұхбат алған. Бұл сұхбаттар 1991 жылдың қаңтар айынан бастап эфирге берілген.

"Азат" қозғалысының жетекшісі Сәбетқазы Ақатаймен болған сұхбатқа шолу толығырақ "Азаттық толқынында" подкасында баяндалды.

Подкастың барлық эпизодын Азаттық сайтынан, подкаст платформаларынан және Азаттықтың YouTube-арнасынан тыңдауға болады.

  • 16x9 Image

    Қуанышбек ҚАРИ

    "Азаттық-70", "Азаттық толқынында" подкастарының және "Шайхана" блогының авторы. Азаттықтың Алматы бюросының бас редакторы болған. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

    Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған.

Айдар
XS
SM
MD
LG