6 желтоқсанда кешке Ресей әскері Запорожьеге соққы жасады деп хабарлады облыстық әкімшілік жетекшісі Иван Федоров. Кейінгі мәлімет бойынша, 9 адам қаза болған, 17 адам жараланған. Жараланғандар арасында екі бала бар.
Соққының нәтижесінде техникалық қызмет көрсету станциясы өртенген, үйлер мен дүкендер бүлінген.
Бұған қоса, Кривой Рог қаласы да атқыланып, екі адам қаза болған, 16 адам зардап шеккен деп хабарлады Украинаның төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік қызметі. Үйінді астында бір адам қалған болуы мүмкін. Төтенше қызметінің мәліметінше, үш қабатты ғимарат қираған, тұрғын үйлер мен көліктер бүлінген.
ПІКІРЛЕР