Accessibility links

Кеден басшысы ауысқаннан кейін түсім де ұлғайды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Өткен айда Қырғызстанда жиналған төлем көлемі күрт ұлғайған. Ош кеденінде түсімнің 10 есеге өскені белгілі болды.

Бұл жайлы 5 ақпанда Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаковтың Мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Қубанычбек Қулматовпен кездесуінде белгілі болды. Кеден төлемінің күрт өсуі коррупция мен кадр мәселесін қозғады.

Былтыр Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметі төрағасы орынбасары Райымбек Матраимов қызметінен босатылған болатын. Оның туған ағасы, Жогорку кенештегі (парламент – ред.) Қырғызстан социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) фракциясының депутаты Ескендір Матраимов "бұл мәселені саясиландырып, інімді қаралап отыр" деп мәлімдеген.

ОШ КЕДЕНІНДЕГІ ТҮСІМ

Үкімет сайты жариялаған анықтамада 2018 жылғы қаңтарда кеден төлемінің өсу қарқыны 146,2 пайызды немесе 907,3 миллион сомды құрады деп көрсетілген. Ал былтырғы жылдың осы кезеңінде бұдан екі еседей аз - 1,6 миллиард сом ғана жиналған.

​ - Сіздің тапсырмаңыз бойынша кейінгі бір жарым айда кеден төлемдерін жинаудың әкімшілік жүйесін жақсарту үшін қарқынды жұмыс істедік, қазір сол жұмысымыз нәтижесін беріп жатыр. Мысалы, 2018 жылғы қаңтарда көлемі 2,8 миллиард сомнан асатын кеден төлемі жиналды, бұл жоспарланған сомадан 907,3 миллион сомға көп, - дейді Кубанычбек Кулматов.

Қырғызстан премьері Сапар Исаков (сол жақта) және кеден қызметінің төрағасы Қубанычбек Қулматов. 5 ақпан, 2018 жыл.

Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметі дерегінше, қазір Ош кеденіндегі күн сайынғы түсім көлемі шамамен 15 миллион сомға жеткен. Мұның алдында күндік түсім жеті миллион сомның шамасында ғана болады деп болжанған. Ертеректе Ош кедені жеті миллион сом жоспарды орындай алмай, күніне 1,5-2 миллион сом ғана жинайтын. Ал бір ай бұрын ғана орталық кеденге түсетін күн сайынғы төлемнің өзі 30 миллион сомға жетпейтін, ал енді екі есеге (шамамен 60 миллион сомға дейін) ұлғайған.

Сапар Исаков мұндай нәтижені кедендік төлемдерді жинау жүйесін басқаруды жақсарту мен коррупцияның азаюымен байланыстырады.

- Кедендік төлемдерді жинауды басқаруды жақсарту үшін жүргізілген реформаның, коррупцияны азайтудың алғашқы нәтижелерінің арқасында айналдырған бір айдың ішінде мемлекет бюджетіне былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, екі есе көп ақша түсті. Түсім динамикасысын кеден органдарының бәрінен көріп отырмыз. Бұл көрсеткіш қатты қуантады. Мен кеден қызметінің резерві мен әлеуеті бұдан да зор екеніне сенімдімін. Коррупцияға қарсы күресте бұдан да батыл қадамдар жасауды талап етемін, - деді премьер.

ҮКІМЕТТІҢ ЖЕТІСТІГІ МЕ?

Кедендегі түсімнің күрт ұлғаюы қилы пікірлерге ұласты. «Республика – Ата Жұрт» фракциясының жетекшісі Руслан Қазақбаев мұны үкіметтің жетістігі деп санайды:

Депутат Руслан Қазақбаев. 26 қаңтар, 2018 жыл.

- Бұл - үкіметтің жақсы жұмысының нәтижесі. Қубанычбек Қулматов – білікті басшы. Бұдан да тұшымды қорытынды шығарсын. Егер "күмәнді" схемаларды шынымен жойып, коррупциялық әрекеттерді тыйып, бүкіл ақша бюджетке түсетін болса, біз мұны қолдауға тиіспіз. Біз бұл жайлы қаншама жылдан бері айтып келеміз. «Көлеңкелі экономиканың» айналымы орташа есеппен алғанда, екі миллиард долларға жуықтайды дегенді бәріміз айтқанбыз. Коррупциямен күрес аясында мұндай әрекеттерді тыйып, ақшаның бюджетке түсуін қамтамасыз ету – маңызды саяси шешім. "Күмәнді" коррупциялық схемалармен айналысатындар көп. Әлдебір адамдардың аты-жөнін атағым келмейді, мұнымен тиісті органдар айналысуы тиіс. Бұған ондаған, жүздеген мемлекеттік қызметші, кәсіпкердің қатысы бар шығар. Сондықтан бұл құбылыспен күресте табанды саяси шешім қажет, - дейді ол.

Жогорку кенештегі "Онугуу-Прогресс" фракциясының депутаты Исхак Масалиев кедендегі түсімнің ұлғаю себебін коррупциямен байланыстыруға әлі ерте деп санайды.

- Коррупция ма, жоқ па - мұны әуелі зерттеп алып, содан кейін ғана айтқан дұрыс болады. Егер жүк тасымалы ұлғайса, кедендік түсімнің өсуінің объективті себептері бар болса, бұл жерде қандай коррупция? Қазір бұрынғыдай емес, кеденде коррупциямен айналысу қиын. Бүкіл процедура электронды жүйеге көшіп жатыр. Электронды есепке көштік деп Қубанычбек Қулматовтың өзі де айтты емес пе. Ол кеден қызметін төрт жыл басқарды. Алмазбек Атамбаев та кедендегі түсім ұлғайды деп бірнеше рет айтқан. Ал Оштағы кеден бұрын төлемді 10 есе аз жинап келіпті дегендері мүмкін өтірік шығар. Меніңше, кедендегі түсім көлемінің ұлғаюына объективті себептері бар. Егер Оштағы кеденді мұқият тексеріп, бұрын 10 есе аз жинап келгенін шынымен анықталса, сол кезде баға беруге болады, - дейді ол.

Саясаттанушы Еркін Әбдіразақов кедендегі түсімнің өсуін үкімет жұмысының нәтижесі ретінде бағалауға болмайды деп санайды.

Саясаттанушы Еркін Әбдіразақов.
Саясаттанушы Еркін Әбдіразақов.

- Бәлкім, мұның себебін кеден қызметі төрағасының жұрт «Райым миллион» деп атап кеткен бұрынғы орынбасарын, оның командасын жұмыстан шығарудан және кедендегі схемаларды жоюдан іздестірген дұрыс шығар. Екіншіден, кеденге Қубанычбек Қулматов қайтып барды. Егер ол табысқа жетпесе, схемаларды жоймаса, бюджетті толтыруға тырыспаса қиын болар еді, өйткені бұл құрылым халықтың сенімінен айырылып барады деп баяғыдан айтылып жүр. Бұдан бөлек, халықаралық донорлардың көмегімен кедендегі терминалдарда таразылар орнатты. Адам факторын алып тастауға қатысты жақсы шаралар жоспарланып, құрылыс жүріп жатыр. Бәлкім, кедендегі түсімнің ұлғаюы осыған байланысты шығар. Бұған қоса, Қырғызстан басшылығын ЕАЭО аясында талай сынаған. Қытаймен шекарадағы Иркештамға қатысты талаптар қойылған. Олар елге әкелінетін тауар көлеміне қатысты нақты статистикалық ақпарат бермейсіңдер деп талай айтқан. Жан-жақтан қысым болған. Сондықтан жаңа басшы келіп, жағдайды өзгертті деп айтудан аулақпын, - дейді ол.

КОРРУПЦИЯ ЖӘНЕ САЯСАТ

Кедендегі коррупция мәселесі былтырғы жылдың аяғында Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында тексеру күшейген кезде қозғалған.

Ресми Астана Бішкекті елге әкелінген тауарларды жасырып, контрабандамен айналысады деп айыптаған. Біраздан кейін Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметі төрағасы орынбасары Райымбек Матраимов қызметінен босатылған. Премьер-министр Сапар Исаковтың бұйрығында Матраимов қызметінен "Мемлекеттік азаматтық қызмет және муниципалды қызмет туралы" заңның 47-бабы 3-бөлімінің 1-тармағына сәйкес босатылды" деп көрсетілген болатын. Бұл бапта "сенімсіздік білдірілген жағдайда қызметкер мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы бастамасымен қызметінен босатылуы мүмкін" деп жазылған.

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың сынынан кейін қырғызстандық азаматтық белсенділер кеден қызметіндегі коррупцияны тексеруді талап етіп, тіпті арнайы топ құрған болатын.

Фотогалерея: Қазақ-қырғыз шекарасы. Қазан айындағы жағдай. 2017 жыл.

Қазақ-қырғыз шекарасынан кезек арылмады

Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінен адамдар мен автокөліктердің өтуі 10 қазанда қиындап кетті.
1/19 Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінен адамдар мен автокөліктердің өтуі 10 қазанда қиындап кетті.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Қазақстанға өту үшін адамдарға шекара бекетінде бірнеше сағат бойы кезекте сарылып күтуге тура келді.
2/19 Қазақстанға өту үшін адамдарға шекара бекетінде бірнеше сағат бойы кезекте сарылып күтуге тура келді.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Қырғызстан шекарасындағы "Ақ Жол" тексеру-өткізу бекетінде Қазақстанға өту үшін кезекте тұрған көліктер. 12 қазан 2017 жыл.
3/19 Қырғызстан шекарасындағы "Ақ Жол" тексеру-өткізу бекетінде Қазақстанға өту үшін кезекте тұрған көліктер. 12 қазан 2017 жыл.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Ақ Жол" тексеру-өткізу бекетінде кезекте тұрған адамдар. 12 қазан 2017 жыл.
4/19 Қырғыз-қазақ шекарасындағы "Ақ Жол" тексеру-өткізу бекетінде кезекте тұрған адамдар. 12 қазан 2017 жыл.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгені туралы хабарлаған.
5/19 Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгені туралы хабарлаған.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Алайда кейбіреулер мұны биыл қызмет өкілеті аяқталатын Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған мәлімдемесімен байланыстырады.
6/19 Алайда кейбіреулер мұны биыл қызмет өкілеті аяқталатын Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған мәлімдемесімен байланыстырады.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Шекарадан өткен адамдар "Қазақстан жағы өте баяу өткізіп жатыр" деп шағым айтты. 
7/19 Шекарадан өткен адамдар "Қазақстан жағы өте баяу өткізіп жатыр" деп шағым айтты. 
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Жамбыл облысындағы "Қордай" шекара бекетінде қазақстандық шекарашылар тосқауыл орнатып, автокөлікті тексеру үшін қарулы сарбаздар қойған.
8/19 Жамбыл облысындағы "Қордай" шекара бекетінде қазақстандық шекарашылар тосқауыл орнатып, автокөлікті тексеру үшін қарулы сарбаздар қойған.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
13 қазанда Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы Токмок тексеру-өткізу бекетінде 70 жастағы Қазақстан азаматы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі қарт әйелдің қан қысымы көтеріліп қайтыс болғанын хабарлады. Марқұмның жұбайының айтуынша, шекарада бес сағатқа жуық кезекте тұрған әйелдің денсаулығы нашарлап, дәрігерлер жетіп үлгергенше жан тапсырған.
9/19 13 қазанда Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы Токмок тексеру-өткізу бекетінде 70 жастағы Қазақстан азаматы қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі қарт әйелдің қан қысымы көтеріліп қайтыс болғанын хабарлады. Марқұмның жұбайының айтуынша, шекарада бес сағатқа жуық кезекте тұрған әйелдің денсаулығы нашарлап, дәрігерлер жетіп үлгергенше жан тапсырған.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі шекаралық бекеттердің маңына кезекте тұрған адамдар жылынып, тамақтануы үшін шатырлар тіккен. Және медициналық көмек көрсететін жедел жәрдем көліктерін де кезекшілік атқаруға қойған.
10/19 Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі шекаралық бекеттердің маңына кезекте тұрған адамдар жылынып, тамақтануы үшін шатырлар тіккен. Және медициналық көмек көрсететін жедел жәрдем көліктерін де кезекшілік атқаруға қойған.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткеннен кейін де қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден арылған жоқ.
11/19 Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткеннен кейін де қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден арылған жоқ.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Алмазбек Атамбаев 15 қазанда президент сайлауында дауыс берген соң "егер шекарадағы жағдай өзгермесе" Еуразия экономикалық одағы елдері президенттерінің кезектен тыс жиынын шақыратынын ескерткен.
12/19 Алмазбек Атамбаев 15 қазанда президент сайлауында дауыс берген соң "егер шекарадағы жағдай өзгермесе" Еуразия экономикалық одағы елдері президенттерінің кезектен тыс жиынын шақыратынын ескерткен.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Тексеру-өткізу бекеттерінде Қырғызстаннан Қазақстанға өте алмай тұрған автокөліктер жиналып қалған.
13/19 Тексеру-өткізу бекеттерінде Қырғызстаннан Қазақстанға өте алмай тұрған автокөліктер жиналып қалған.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
16 қазанда Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстанның сүт өңдейтін бес кәсіпорнының өнімдерін елге кіргізуге тыйым салынғаны туралы хабарлады. Ресми ақпарат бойынша, бұл тыйым "кәсіпорындар жеткізетін өнімдерді тексеру кезінде заң бұзушылық анықталған соң", 10 қазаннан бастап "қазақ-қырғыз шекарасындағы ветеринарлық бақылауды күшейту" аясында енгізілген.
14/19 16 қазанда Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстанның сүт өңдейтін бес кәсіпорнының өнімдерін елге кіргізуге тыйым салынғаны туралы хабарлады. Ресми ақпарат бойынша, бұл тыйым "кәсіпорындар жеткізетін өнімдерді тексеру кезінде заң бұзушылық анықталған соң", 10 қазаннан бастап "қазақ-қырғыз шекарасындағы ветеринарлық бақылауды күшейту" аясында енгізілген.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Қырғызстан экономика министрлігі Қазақстанның Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) "талаптарын орындамай отырғаны" туралы мәлімдеді. Бішкек Еуразиялық экономикалық комитет төрағасы Тигран Саркисянға хат жолдап, 2014 жылдың 29 мамырында қабылданған ЕАЭО жөніндегі келіссөздің талаптарын таяу уақытта алқа жиынында қарауды сұраған.
15/19 Қырғызстан экономика министрлігі Қазақстанның Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) "талаптарын орындамай отырғаны" туралы мәлімдеді. Бішкек Еуразиялық экономикалық комитет төрағасы Тигран Саркисянға хат жолдап, 2014 жылдың 29 мамырында қабылданған ЕАЭО жөніндегі келіссөздің талаптарын таяу уақытта алқа жиынында қарауды сұраған.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
17 қазанда Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалды саясиландырмай шешуге" шақырған. "Менің пікірімше, әлденені саясиландырып, бір нәрсе айтып қалудың қажеті жоқ. Тек біздің және қырғыздардың барлық мүдделі ведомстволарында жедел жұмысты жалғастырып, мәселені шешуге тырысу керек" деген Сүлейменов.
16/19 17 қазанда Қазақстанның ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов "қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалды саясиландырмай шешуге" шақырған. "Менің пікірімше, әлденені саясиландырып, бір нәрсе айтып қалудың қажеті жоқ. Тек біздің және қырғыздардың барлық мүдделі ведомстволарында жедел жұмысты жалғастырып, мәселені шешуге тырысу керек" деген Сүлейменов.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, "Ақ жол - Автожол", "Ақ Тілек" тексеру-өткізу бекеттерінен осыған дейін күніне орта есеппен 8 мыңнан астам адам еркін өтіп, 662 көлік кедергісіз қозғалып келген.
17/19 Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, "Ақ жол - Автожол", "Ақ Тілек" тексеру-өткізу бекеттерінен осыған дейін күніне орта есеппен 8 мыңнан астам адам еркін өтіп, 662 көлік кедергісіз қозғалып келген.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Ал 10 қазаннан бастап қырғыз шекарасынан Қазақстанға қарай тәулігіне 3 мыңнан астам адам мен 357 көлік қана өтетін болған.
18/19 Ал 10 қазаннан бастап қырғыз шекарасынан Қазақстанға қарай тәулігіне 3 мыңнан астам адам мен 357 көлік қана өтетін болған.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі шекарадағы тексеру-өткізу бекеттерінде фитосанитарлық қадағалау күшейтілгеннен бері 117 жүк көлігіне тиелген жалпы салмағы 821,4 тоннадан асатын карантиндік өнім тексерілгенін айтады. Бұл тексеру күшейтілгеннен бері 105 тонна өнім кері қайтарылған.
19/19 Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі шекарадағы тексеру-өткізу бекеттерінде фитосанитарлық қадағалау күшейтілгеннен бері 117 жүк көлігіне тиелген жалпы салмағы 821,4 тоннадан асатын карантиндік өнім тексерілгенін айтады. Бұл тексеру күшейтілгеннен бері 105 тонна өнім кері қайтарылған.
Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы тексеріп-өткізу бекеттерінде адам мен автокөліктің ұзын-сонар кезегі пайда болғанына бірнеше күн өтті. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекарада "жоспарлы операцияға" байланысты тексеру күшейгенін хабарлаған. Алайда кейбіреулер мұны 7 ақпанда Қазақстан билігін "қырғыз сайлауына араласуға тырысты" деп айыптаған Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесімен байланыстырады. Қырғызстанда 15 қазанда сайлау болып өткенімен қазақ-қырғыз шекарасы бойындағы бекеттер кезектерден әлі арылған жоқ.
Previous slide
Next slide

Топ басшысы заңгер Клара Сооронкулованың пікірінше, үкімет басшысының "коррупциямен күрестің алғашқы нәтижесі" туралы мәлімдемесінен кейін кедендегі жемқорлыққа қатысы болған адамдардың аты-жөні аталып, деректер ашық жариялануы тиіс.

- Олар шет жағасын ғана айтты. Кедендегі түсім неліктен өскенін айтқан жоқ. Біз кезінде Ош кеденіне қатысты мәселе көтергенбіз. Егер шет-жағасын айтса, кедендік түсімнің ұлғаю себептерін де айтуы тиіс. Қулматов Ош кеденіндегі схемалар жайлы ашық айтсын. Қандай схемалар болғанын, түсім көлемі мұншалықты неліктен күрт өскенін, әлгі схемаларға қанша адамның қатысы болғанын, олар қашан жауапқа тартылатынын да айтып берсін. Матраимовты қызметінінен "сенімді ақтамағаны" үшін босатты. Бұл құр саяси мәлімдеме күйінде қалды. Сенімді ақтамады, демек оның әрекеттеріне заң тұрғысынан да баға берілуі тиіс. Қулматовтың сөздері бұған дейін мемлекетке зиян келтірілген дегенді білдіреді. Демек, қанша адам жауапқа тартылатын болады деген қисынды сұрақ туады, - дейді ол.

Азаттықтың Қырғыз қызметіне мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары, Ош кеденінің бұрынғы бастығы Райымбек Матраимовпен хабарласудың сәті түспеді.

Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары, Ош кеденінің бұрынғы бастығы Райымбек Матраимов.

Матраимовтың туған ағасы, парламенттегі Қырғызстан социал-демократиялық партиясы фракциясының депутаты Ескендір Матраимов кедендегі түсім шекараны ашудың арқасында және жүк көліктерінің өтуіне рұқсат беру сияқты объективті себептерге байланысты өсті деп санайды. Ол інісінің есімін қилы күмәнді пікірлермен байланыстырмауды сұрайды.

- Бұл мәселені саясиландырып жіберді. Біріншіден, түсімнің көбейгеніне қуаныштымын әрі құдайға ризамын. Тіпті Қырғызстанға бір сом артық түссе де қуанамыз, бұл - біздің зейнетақымыз бен жәрдемақымыз ғой. Салынып бітпеген мектептердің құрылысы бітеді. Бірақ бұл жерде мәселені басқа арнаға бұрып, оны саясиландырып әрі інімнің есімін қосып қойды. Інім қызметінен үш ай бұрын кеткен. Ол қазір демалып жатыр. Жоспар оның тұсында да жыл сайын, ай сайын орындалып тұрған. Бүкіл тапсырма орындалатын. Кедендегі түсімнің ұлғаю себебін шекараны ашу мен жүк көліктерінің ағылуымен түсіндіруге болады. Өзбекстанмен шекараны аштық. Ол жаққа тауардың көбі Иркештам арқылы өтеді. Сондықтан түсім көлемі табиғи жолмен ұлғайып келеді. Ұлғайғаны жақсы. Егер қазіргі басшылар кедендегі түсім қандай себеппен өскенін нақты айтса жақсы болар еді, - дейді ол.

Ресми дерек бойынша, 2017 жылы кеденде жиналған төлемдер көлемі 34 миллиард сомды құрап, жоспар 98 пайызға орындалған.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің мақаласы.

Айдар
XS
SM
MD
LG