Accessibility links

Қырғызстанда ұшақ апатынан ондаған адам қаза тапты

Құлаған ұшақтың бөлшегі. Қырғызстан, Шу облысы, Манас әуежайының маңы, 16 қаңтар 2017 жыл.
Құлаған ұшақтың бөлшегі. Қырғызстан, Шу облысы, Манас әуежайының маңы, 16 қаңтар 2017 жыл.

Қырғызстанның Шу облысында Манас әуежайы маңында жүк ұшағы тұрғын үйлерге құлады. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқан адамдар саны 32-ге жеткен. Олардың көбі - жергілікті тұрғындар.

Ұшақ апаты қаңтардың 16-сы күні таңертең болған. Түрік әуе компаниясының Гонконгтен Стамбулға бара жатқан "Боинг-747" жүк ұшағы Қырғызстанның Шу облысында орналасқан Манас әуежайының қонатын жолағына жете алмай, сол маңдағы Дача-Суу саяжайы үйлерінің үстіне құлаған. Алдын ала тараған мәліметтерге қарағанда, ұшақ 20 шақты үйді басып қалған.

Ұшақ құлаған саяжайдан түсірілген суреттер:

Қырғызстандағы ұшақ апаты

Ұшақ құлаған аймақ. 
1/13 Ұшақ құлаған аймақ. 
Ұшақ құлаған жерде жүрген әскерилер мен әуежай маңында тұратын халық. 
2/13 Ұшақ құлаған жерде жүрген әскерилер мен әуежай маңында тұратын халық. 
Үйлердің үстіне құлаған ұшақтың бөлігі. 
3/13 Үйлердің үстіне құлаған ұшақтың бөлігі. 
Манас әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ Гонконгтан Стамбулға ұшып бара жатқан. 
4/13 Манас әуежайының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ Гонконгтан Стамбулға ұшып бара жатқан. 
Қаза тапқан адамдар арасында балалар да бар. 
5/13 Қаза тапқан адамдар арасында балалар да бар. 
Саяжай үйлерінің үстіне құлаған ұшақтың бір бөлігі.  
6/13 Саяжай үйлерінің үстіне құлаған ұшақтың бір бөлігі.  
Ұшақ құлаған саяжайда өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмыс істеп жатыр.  
7/13 Ұшақ құлаған саяжайда өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем дәрігерлері жұмыс істеп жатыр.  
Ұшақ апатынан кейін Манас әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты. 
8/13 Ұшақ апатынан кейін Манас әуежайы жұмысын уақытша тоқтатты. 
Ұшақ апаты болған жерде жүрген адамдар. 
9/13 Ұшақ апаты болған жерде жүрген адамдар. 
Құлаған ұшақтың бөлігі.
10/13 Құлаған ұшақтың бөлігі.
Ұшақ құлаған жер үйдің бірі.
11/13 Ұшақ құлаған жер үйдің бірі.
Ұшақ сынығын ұстап тұрған тұрғындардың бірі. 
12/13 Ұшақ сынығын ұстап тұрған тұрғындардың бірі. 
Қырғызстан төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, жарақат алған бірнеше адам ауруханаға жеткізілген, апаттан мерт болғандар саны көбеюі мүмкін. 
13/13 Қырғызстан төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, жарақат алған бірнеше адам ауруханаға жеткізілген, апаттан мерт болғандар саны көбеюі мүмкін. 
Previous slide
Next slide

Азаттықтың Қырғыз қызметінің ақпаратына қарағанда, 32 адам қаза тапқан. Олардың көбі - саяжай тұрғындары. Мерт болғандар арасында балалар да бар. Бұл ақпаратты Азаттыққа Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі Кубатбек Боронов айтты.

- Жиыны 32 адам қаза болды. Оның 28-і - біздің (Қырғызстанның - ред.) азаматтар, төртеуі - ұшақ экипажының мүшелері,- деді Боронов.

Министр құрбандар саны көбеюі мүмкін екенін ескертті. Опат болғандар мен жараланғандар жайындағы мәлімет әлі де нақтыланып жатыр.

Ал Бішкек қаласының жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Егор Борисов Азаттық тілшілеріне «жарақат алған алты адамға жедел медициналық жәрдем көрсетіліп жатқанын, оқиға орнына бірнеше реанимациялық көлік барғанын» айтқан.

Апат орнынан түсірілген видео:

Қырғызстандағы ұшақ апаты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:43 0:00

Қазір әуежай уақытша жабылған. Оқиға орнында ықшам штаб құрылып, құтқару және өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

"АПАТ СЕБЕБІ БЕЛГІСІЗ"

Әзірге жүк ұшағының неден құлағаны белгісіз. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі тілшісіне халықаралық "Манас" әуежайының баспасөз хатшысы Әлия Құрбанова мәлімдеді.

- Ұшаққа қалың тұман кесірін тигізуі мүмкін, бірақ біз әзірге анық ештеңе айта алмаймыз. Анық ақпарат болса, кейінірек хабарлаймыз, - деді ол.

Әлия Құрбанова құлаған ұшақтың Гонконгтен Стамбулға ұшып бара жатқанын растады. Оның сөзіне қарағанда, ұшақ жанармай толтыруға қонбақ болған.

Азаттықтың Қырғыз қызметі жариялаған видео:

Айдар
XS
SM
MD
LG