Accessibility links

Холокост қалай басталды?


Первый день Холокоста. 80 лет "Хрустальной ночи"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:40 0:00

1938 жылы қарашаның 9-нан 10-на қараған түні Берлин және Германияның өзге қалаларында, бұған қоса аннексияланған Австрияда еврейлерге қарсы қуғын басталып, оларға тиесілі дүкен, мейрамхана, синагогалар қиратылған. Әскерилер әйелдерді соққыға жығып, ерлерді ұстап әкеткен. Тарихта бұл күн “Хрусталь түні” немесе "Витриналар қиратылған түн" деген атпен қалды.

Қанды бүлікке Парижде неміс дипломаты Эрнст фом Раттың өлімі себеп болды деп түсіндіріліп келген. Ол еврей босқыны Гершель Гриншпан атқан оқтан қаза тапқан. Бірақ кейбір тарихшылар дипломат өлімінің қырғынға тек жанама себеп болғанын, қанды бүліктің бірнеше жыл бұрын жоспарланғанын дәлелдеген. Гитлердің жақын серіктерінің бірі Йозеф Геббельс мұны 1936 жылы жасағысы келген. Бірақ Берлиндегі Олимпиада ойындарына байланысты кейінге шегерілген.

Бұл уақытта Германия аумағында еврейлердің құқықтары қатты шектелді. Мысалы, оларға немістерге үйленуге, тұрмыс құруға, қару ұстауға тыйым салынды. Заңды бұзған еврейлер лагерьлерге жіберілді.

“Хрусталь түні” кемінде 400 адамның қаза тапқаны айтылады. Олардың арасында қысымға шыдамай өз-өзіне жұмсағандар, жарақаттан көз жұмғандар да болған.

“Хрусталь түні” ұсталған 30 мың адамның үштен екісі Дахау, Заксенхаузен және Бухенвальд лагерьлеріне жіберілді. Ондаған адам атылды, қашып шықпақ болған жүздеген адам оққа ұшты, бірақ басым бөлігі кейінірек босатылды. Еврейлер мүліктерін мемлекетке тапсырып, Германиядан кететіні туралы қолхатқа қол қойған.

“Хрусталь түні” болған қырғын бостандықта жүрген еврейлерді Германиядан кетуге мәжбүрледі. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін Германиядан 300 мың еврей кеткен. Ол кезде елден кету өте қиын болды. Көп мемлекет босқындарды қабылдаудан бас тартты.

“Хрусталь түнінің” ертесінде Гитлер еврейлердің Германия экономикасына еш қатысы болмайтындай тетік жасауды бұйырды. Оқиғаға қатысқан кейбір азаматтар “мүлікті бүлдірді” деп айыпталды. Ол кезде “мүлікті бүлдіргеннен гөрі еврейлерді өлтіру тәуірлеу іс болып саналды”. “Хрусталь түні” бүлінген ғимараттардың шығынын еврейлерге айыппұл төлету арқылы толтырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG