Accessibility links

ФИФА хиджабқа бола Иранның футбол құрамасын жарысқа қатыстырмады


Футболдан Иранның әйелдер құрама командасы.
Футболдан Иранның әйелдер құрама командасы.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Иранның әйелдер командасына Олимпиада ойындарының іріктеу жарысына қатысуға тыйым салды. Оған ирандық футболшы әйелдердің киімі себеп болды.

Маусымның 3-і күні халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) футболдан Иранның әйелдер құрама командасын келер жылы Лондонда өтетін Жазғы Олимпиада ойындарының іріктеу жарысы аясында Иордания командасымен жоспарланған ойынға алаңға шығармай қойды.

Ирандық футболшы әйелдердің киім үлгісі ФИФА талаптарына сай келмейді деген уәж айтылып, Иордания құрамасының пайдасына автоматты түрде 3 ұпай жазылды.

ФУТБОЛШЫ ӘЙЕЛДЕР КИІМІНЕН ШЫҚҚАН ДАУ

Иран ФИФА-ның бұл шешімін «әділетсіз» деп бағалап, жайсыз хабар ұлттық құраманың Олимпиада ойындарына қатысуға деген үмітін үзіп кеткеніне қынжылыс білдірді. Иран тарабы осындай шешім қабылдаған ФИФА қызметкерлеріне қарсы сотқа шағым түсіретін ниеті барын мәлімдеді.

Рейтер агенттігіне берген сұқбатында Иран футбол федерациясының әйелдер ісі жөніндегі жетекшісі Фариде Шожаи өз елі Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін енді уыстан шығарып алды деп санайды.

– Бұның бәрі немен бітерін дәл айту қиын, бірақ меніңше, біз жоғалтқанымызды қайтара алмайтын сияқтымыз, өйткені іріктеу

Иран футбол федерациясының әйелдер ісі жөніндегі жетекшісі Фариде Шожаи. Тегеран, 6 маусым 2011 ж.


ойындарын қайта өткізбейді ғой. Екінші кезеңде ойнау үшін қаншама уақыты мен қаржысын жұмсаған елдер, әсіресе келесі турға кімнің өтетіні осы аптада анықталған соң, бұл ойындарды қайталап өткізуге келісе қоймас, – дейді ол.

Фариде Шожаи иран футболының ресми адамдары жарыс қарсаңында қандай да бір жаңа ережелердің бар екендігінен хабарсыз болғанын айтады.

Оның сөзінше, былтыр ФИФА киімдерге қатысты жаңалықтар енгізген соң Иран әйелдер құрамасының киімдерін өзгерткен. ФИФА президенті Зипп Блаттер иран әйелдер құрамасының жаңа киім үлгісін мақұлдағаннан кейін бірнеше ойында иран футболшылары осы киіммен алаңға шыққанын айтады Фариде Шожаи.

– Біз түсінік беруін өтініп ФИФА ұйымына электронды хат жолдадық. Олар тек бұған дейін алдын ала жарияланған болатын деген құрғақ жауаппен шектелді. Алайда біз осы ойындардың алдында ешқандай хат алған жоқпыз. Мүмкін, олар былтыр енгізілген өзгерістерді айтып отырған болар, бірақ біз одан кейін киім үлгісін жаңартып, содан кейін бірнеше ойынға қатыстық. Келесі турға қатысуымызға да ешкім тыйым салған жоқ, олар дұрыс емес дейтіндей ештеңе таппады. Осының барлығы біздің Олимпиадаға қатысуымызға ешқандай бөгеттің болмағанын көрсетеді, – дейді Фариде Шожаи.

МОЙЫН МЕН ҚҰЛАҚ

Әйткенмен ФИФА Иранның да, Иорданияның да футболға жауапты ресми адамдары командада ойнайтын әйелдердің шашы, мойны мен құлағын тұтас жауып тұратын орамал байлауына тыйым салынатыны туралы «тиісті дәрежеде хабардар етілген» деп отыр.

«2010 жылы наурызда қабылданған ФИФА шешімі әйел ойыншыларға шашты тұтастай жауып, бірақ мойын мен құлақты ашық қалдыратын бас киіммен жүруге рұқсат беретін. Сол шешім осы іріктеу жарысында толық

Футболдан Иранның әйелдер ұлттық құрамасы Берлин қыздар командасымен жолдастық кездесу ойынында. 29 сәуір 2010 ж.


күшінде болды», – деп хабарлады ФИФА.

Бірақ, Иран делегациясы осының бәрін түсінетіні туралы алдын ала сендіргенімен, ойыншылар алаңға басы мен мойнын тұтас жауып тұратын хиджап киіп шықты, бұл ойын ережесін бұзу болып саналады деп атап көрсетті ФИФА.

Әйелдер киіміне қатысты дау-дамай ФИФА тарихында бұған дейін де болған. 2004 жылы әйел ойыншыларға «денеге жабысып тұратын шорты» сияқты «неғұрлым әйелге тән киімдер» киюге кеңес бергені үшін ұйым президенті Зипп Блаттердің өзі сынға қалған еді.

XS
SM
MD
LG