Accessibility links

Ғазиз Алдамжаровтың онлайн-конференциясы


Қазақстанның коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаров. Алматы, 3 мамыр 2012 жыл.
Қазақстанның коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаров. Алматы, 3 мамыр 2012 жыл.

Азаттық радиосы 3 мамыр күні оппозициялық саясаткер Ғазиз Алдамжаровпен онлайн-конференция өткізді.


2011 жылы қазан айында, парламент сайлауының қарсаңында сот шешімімен Қазақстанның коммунистік партиясының қызметі тоқтатылды. Оған партия жетекшісі Ғазиз Алдамжаровтың «Халық майданы» қозғалысына қатысуы себеп болған.

Ғазиз Алдамжаровтың саяси қызметі Қазақстан компартиясының Гурьев облыстық комитетінің, осы облыстың Теңіз аудандық комитетінің бірінші хатшысы болудан басталды (1987–1990 жылдар).

Ол 1995-2003 жылдары партиялық қызметтерде болды. Қазақстанның жоғарғы кеңесінде еңбек етіп, мемлекеттік компанияларда басшылық қызметтер атқарды. Қазақстан президенті әкімшілігінде жұмыс істеді.

2003 жылы дипломатиялық қызметке ауыстырылды. 2008 жылы Қазақстанға оралып, компартия қатарына қосылды.

2010-2011 жылдары Қазақстан компартиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы болды.
XS
SM
MD
LG