Accessibility links

Конституциялық кеңес қайтарған заң жобасына түсінік берді


Қазақстан конституциясының ескерткіштегі бейнесі. Астана. (Көрнекі сурет)
Қазақстан конституциясының ескерткіштегі бейнесі. Астана. (Көрнекі сурет)

Қазақстан конституциялық кеңесі «дәстүрлі емес сексуалды қатынастарды насихаттауға тыйым салу» туралы заң жобасын неге кері қайтарғаны туралы Азаттыққа түсінік берді.

27 мамырда Қазақстан конституциялық кеңесі аталған заң жобасын кері қайтаруының себебін Азаттыққа түсіндірді.

Мамырдың 18-інде конституциялық кеңес «Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» және «кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарап, Қазақстан конституциясына сәйкес емес деп таныған.

Конституциялық кеңес мұны «заңдардың бірқатар ережелері заңдық тұрғыдан айқын тұжырымдалмаған» деп тапқан. Кеңестің түсіндіруінше, соның салдарынан заңды қолдану кезінде адамдардың конституциялық құқығы бұзылуы мүмкін.

Заң жобасын әзірлеген жұмыс тобының жетекшісі, парламент мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл да бұл хабарды Азаттыққа растады. Депутаттың сөзіне заң жобасына толықтырулар мен өзгертулер енгізілген соң қайта қабылданады.

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заң жобасы 2013 жылы мәжілісте мақұлданған болатын.

Сол кезде Азаттық сұқбат берген мәжіліс депутаты Алдан Смайыл заң жобасы жұмыс топтары мен қоғамдық ұйымдар бір жылға жуық талқылағанын айтқан.

Оның сөзіне қарағанда «Заңның негізгі мақсаты – әр жастағы балаға қандай ақпараттық өнімді ұсынуға болатынын белгілеу. Балаларды «теріс әсерден қорғау мақсатында» олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық өнімдерге (баспа, аудио және видео өнімдер) арнайы белгі қою міндеттелген. Мәселен, ақпараттық өнім қай жастағы балаларға арналғанын көрсететін "6-", "6+", "12+", "16+" и "18+" сияқты арнайы белгілермен таңбалануы қажет»

Бір топ спортшы халықаралық олимпиада комитетін Қазақстанда қабылданатын заң жобасын кері қайтаруға ықпал етуге шақырған болатын.

«Дәстүрлі емес сексуалды бағдарларды насихаттауға тыйым салуды» ұсынатын бұл заңды сарапшылар 2013 жылы Ресейде қабылданып, халықаралық айыптауларға ілік болған заңмен ұқсастығын айтқан.

Өзін Ресей мен оның төңірегінде елдердегі сексуалды азшылық құқығын қорғаушы ұйым ретінде таныстыратын Human Rights First құқық қорғау ұйымы Қазақстан Конституциялық кеңесінің бұл шешімін құптап, «2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін Қазақстанның ұмтылысын күшейте түсетінін хабарлаған.

Биыл мамыр айында бір топ спортшы халықаралық олимпиада комитетін «дәстүрлі емес сексуалды бағдарды насихаттауға тыйым салу туралы» Қазақстанда қабылданатын заң жобасын кері қайтаруға ықпал етуге шақырған болатын.

27 кәсіби спортшының үндеуінде халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахты олимпиадалық комитетті «кемсітушілікке жол бермеу жөніндегі» қағидаттарды сақтауға шақырған. Хатты сексуалды азшылық қоғамдастығының спорттағы теңдігі үшін күресетін спортшылар одағы ұйымдастырған.

2022 жылы өтетін Қысқы олимпиада ойындарын өткізуге Алматы мен Пекин қалалары үміткер. Қай қаланың өткізетіні биыл шілденің 31-іне Куала-Лумпурда анықталады.

XS
SM
MD
LG