Accessibility links

Reuters: ОАР билігі өз азаматтарының Донбасқа қалай тап болғанын тексереді


Оңтүстік Африка республикасының президенті Сирил Рамафоса
Оңтүстік Африка республикасының президенті Сирил Рамафоса

Оңтүстік Африка республикасының (ОАР) үкіметі Ресей-Украина соғысында жүрген 17 азаматының көмек сұрағанын мәлімдеді.

"Оңтүстік Африка үкіметі Донбасс аймағында алданып қалған 20-39 жас аралығындағы 17 оңтүстікафрикалық ер адамнан өздерін үйге қайтару туралы көмек сұрағаны жөнінде жедел хабарлама алды" деп жазылған үкімет хабарламасында.

ОАР президенті Сирил Рамафоса оқиғаның жай-жапсарын анықтауды тапсырды.

Үкімет хабарламасында олардың қай тарапта соғысқа жазылмаған, бірақ онда тамызда ОАР үкіметінің жастарға әлеуметтік желіде тараған "Ресейде жұмысқа тұру туралы жалған хабарламаларға" алданбауды сұрағаны атап көрсетілген. Оның алдында осындай хабарламаларға сеніп, Алабұғадағы дрон жасау зауыттарына алдап жеткізілген оңтүстікафрикалық әйелдер жөнінде ақпарат шыққан.

ОАР билігінің айтуынша, Оңтүстік Африка азаматтарына немесе ұйымдарына шетелдегі әскери қақтығыстарға қатысуға, әскери көмек беруге тыйым салынған.

Бұған дейін бірнеше ел үкіметтері Ресейдің азаматтарды жалған хабарландырулар арқылы соғысқа тартқанын мәлімдеген.

  • 2024 жылы ақпанда мың шақты непалдықтың соғысқа тартылғаны туралы хабар түсті
  • Ресей жағында 5 мыңнан астам Куба азаматы да соғысып жүргені хабарланған: оларға да "жоғары жалақы" ұсынылған. Осы сияқты Үндістан азаматтары да тартылып жатқаны айтылды. Бұл мәселе Үндістан билігі президент Владимир Путинмен кездескен кезде де талқыланған.
  • Bloomberg жазуынша, Ресейге оқуға барған шетел студенттеріне де соғысқа бару туралы ұсыныс айтылған. Ресей билігі қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасамағандарға визасын ұзартпайтынын айтып, қысым жасаған. Дәл осындай қысым оңтүстікафрикалықтарға да жасалған деп жазды басылым.


XS
SM
MD
LG