Accessibility links

Қырғыз депутаттары жұма намазына бару үшін үзіліске шығады


Жогорку Кеңеш ғимараты алдындағы Алатоо алаңындағы айт намазы. Бішкек, 10 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Жогорку Кеңеш ғимараты алдындағы Алатоо алаңындағы айт намазы. Бішкек, 10 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан парламентінде намазхана ашу жайы, депутаттардың жұма намазға баруы үшін екі сағаттық үзіліс жариялау мәселесі қоғамда қызу пікірталас туғызып отыр.


Қаңтардың 14-інде қырғыз депутаты Тұрсынбай Бакирұлы Азаттық радиосына берген сұхбатында жұма намазын оқу үшін мешітке барып келгенін айтты.

– Жұма намазды жамағатпен бірге мешітте оқып келдім. Бәріміз тұрып, жұма намазға барып келдік. Қазір мен Жогорку Кеңеште, парламент ғимаратында жұмысымды жалғастырып жатырмын, – деді «Ар-намыс» партиясының мүшесі Тұрсынбай Бакирұлы.

Жогорку Кеңеште жұма намазын оқуға жағдай жасу мәселесі көтеріліп отыр. 28 желтоқсанда жұма намазға баруды заңдастыру, осыған байланысты еңбек кодексіне өзгерістер енгізу мәселесі парламент отырысында айтылды. Кей депутаттар парламент төрағасынан жұма күні намаз оқу үшін түскі сағат 12:30–14:30 аралығында, яғни екі сағат үзіліс беруді өтінген болатын. Сол кезде парламент төрағасы Ахматбек Келдібеков намазхана ашуға уәде етті.

– Жұма намазға бару – әрбір азаматтың құқығы. Оларға тыйым салуға
Қырғыз парламентінің спикері Ахматбек Келдібеков. Бішкек, 17 желтоқсан 2010 жыл.
құқығымыз жоқ. Намаз оқитын депутаттарға жағдай жасап беруге мемлекет міндетті. Біз олардың діни сенімдерін сыйлауымыз керек. Сондықтан намаз оқуға лайық бөлмені қарастырып жатырмыз. Жақын арада парламентте намаз оқу бөлмесін ашамыз, – деді Келдібеков.

Депутат Тұрсынбай Бакирұлы парламентте намаз оқитын жердің анықталғанын растады:

– Депутаттардың көпшілігі, оның ішінде билік пен оппозициялық партиялары мүшелері де, Жогорку Кеңеш спикері Келдібеков те бұл мәселені қолдап, үкімет ғимаратының ішінде намаз оқитын жерді анықтадық. Сол жерде келесі жұмадан бастап намаз оқылады.

«Парламентте жұма күнгі намаз оқу үшін екі сағаттық үзіліс жариялау мәселесі қалай болып жатыр?» деген сұрағымызға депутат Тұрсынбай Бакирұлы былай деп жауап берді:

– Қырғызстан Конституциясы бойынша адамдардың құқығы құрметтелеуі
Жогорку Кеңеш депутаты Тұрсынбай Бакирұлы. 3 қараша 2010 жыл.
тиіс. Сондықтан парламентте кім намаз оқығысы келсе, бәрі мешітке барып, жұма намазын оқып келіп, жұмысын қайта жалғастыруға рұқсат алды.

Бірқатар азаматтық және үкіметтік емес ұйымдар парламентте жұма намаз уақытында екі сағатқа үзіліс алудың заңға қайшы екенін айтады. Олар «Конституцияда Қырғызстанның діннен тыс мемлекет екені, ешбір діннің мемлекеттік бола алмайтыны ескертілген» дейді.

«Демократия мен азаматтық қоғам үшін» коалициясының жетекшісі Динара Ошурахунова Азаттық радиосының Қырғыз қызметіне берген сұхбатында:

– Біз оларға «дінге берілмеңіз» деп айтпадық. Бірақ намазды қашан, қайда және қалай оқитынын өздері біледі. Мемлекет оларға жағдай жасап бермеуі керек. Себебі Қырғызстан Конституциясы бойынша мемлекет пен дін бөлек болуы тиіс. Оларға арнайы бөлме беруіне біз қарсымыз, – деді.
XS
SM
MD
LG