Accessibility links

Тарих оқулықтарындағы «Желтоқсан оқиғасы»

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар (алдыңғы қатарда солдан оңға қарай) - Ертай Көпесбаев, Түгелбай Тәшенов, Қайрат Рысқұлбеков, Қайыргелді Күзембаев сотта тұр. Алматы, 16 маусым 1987 жыл. (Юрий Беккер түсірген сурет)

Кейбір тарихшылар оқулықтарда «желтоқсаншылардың» әлі күнге дейін «тәртіп бұзғандар» деп сипатталатынына наразы.

Осыдан 27 жыл бұрын, 1987 жылы қаңтар айында Қазақ ССР-індегі республикалық басылымдар «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан қазақ жастары туралы «зерттеу материалдар» жариялай бастады.

Авторлар 1986 жылғы желтоқсан айында Кремльдің Қазақ ССР-індегі кадр саясатына ашық қарсы шығып, Алматының орталық алаңында наразылық митингісін өткізген мыңдаған студент және жұмысшы қазақ жастарын «білімсіз, бұзақы топ» деп сипаттап жатты. Ол кезде наразылық танытушылардың акциясын арнайы әскер жаншып басқан еді.

1991 жылы СССР құлап, Қазақстан тәуелсіздік алған кезде «желтоқсаншыларды» айыптаған номенклатура өкілдерінің көпшілігі билік басында қала берді. Кейбір жергілікті саясаткерлер мен тарихшылар осы номенклатураның «Желтоқсан оқиғасына» қатысты әркелкі, солқылдақ позициясы оқиғаға ресми түрде әділ саяси және тарихи баға беруге кері әсер етті деп есептейді.

Арада 27 жыл өтсе де мектеп оқулықтарында «желтоқсаншыларды» көкке көтеріп дәріптеу мен олардың «бұзақы әрекеттерін әшкерелеу» әлі қатар кездеседі.

«ҚАЗАҚ БАСШЫ ТАЛАП ЕТТІ»

Орта мектеп бағдарламасы бойынша «Желтоқсан оқиғасы» тоғызыншы сыныпта оқытылады. Алматылық мектеп оқушыларының бірі Әйгерім Қалихан Азаттыққа «Желтоқсан оқиғасы» туралы оқулық арқылы қалыптасқан көзқарасын айтып отыр.

- Ресей Қазақстан басшылығына ұлты орыс адамды әкеліп қойғаннан кейін қазақ халқының наразылығына ұшырады. Қазақ жастары өздеріне қазақ басшы
9 сыныпқа арналған "Қазақстан тарихы" оқулығы.

қою керектігін, өздерінің тәуелсіз ел болғанын талап етіп, «басқаның боданында болмаймыз» деген ұран көтерді, - дейді оқушы.

Тәуелсіздік кезеңін тікелей 1986 жылғы желтоқсан айынан бастап тарататын қазақ жастары қазір аз емес.

Азаттық тілшісі «Желтоқсан оқиғасы» сипатталатын тоғызыншы сыныптың тарих оқулықтарын зерттеп көрді.

Тоғызыншы сынып оқушыларына арналған бірнеше тарих оқулығы бар. Олардың ішінде орта мектептерге кең тараған екеуінің әуелгісін - М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев, екіншісін - Б.Аяған мен М.Шәймерденова атты авторлар тобы жазған.

«ТӘРТІП БҰЗҒАНЫН ДА АТАП ӨТУ»

Кейбір тарихшылар екі оқулықтағы «Желтоқсан оқиғасына» қатысты кейбір мазмұндық қателіктер оқушылардың санасында маңызды тарихи оқиға жайлы қарама-қайшы пікір қалыптастыруы мүмкін деп алаңдайды.

- Мысалы, Б.Аяған оқулығынан сөзбе-сөз келтірейін: «Шеруге қатысушылардың бір бөлігінің әрекеттері заңды тәртіп шеңберінен шығып, тәртіп қорғау күштеріне бағынбай қоғамдық тәртіпті бұзғанын да атап өткен жөн» деп жазылыпты. Ал осыны оқыған балада қандай түсінік қалыптасуы мүмкін? Яғни «шерушілердің өздерінде де бір бәле бар екен, өздері тәртіп бұзған, сосын тәртіп сақшылары тәртіпке келтіремін деп сазайын берген екен ғой, өздеріне де сол керек» деп ойлайды ғой, - дейді тарихшы Досалы Салқынбек.

Досалы Салқынбек, тарихшы. Алматы, 22 қараша 2013 жыл.

Ол оқиғаны тексеру комиссияларының қорытындысына сілтеме жасай отырып, «шын мәнінде Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастар ешқандай тәртіп бұзбағанын, тек ішкі әскер бөлімдері арнайы милиция жасақтарын жіберіп, күш қолдана бастағанда тәртіпсіздіктер басталған» деп санайды.

Тарихшының пікірінше, Қозыбаев оқулығындағы «оқиғаға қатысты бірнеше адам мерт болды» деген сөйлем де «Желтоқсанның» маңызын кішірейтіп жібереді.

Аталған оқулықтардың «тым академиялық сипатта жазылғанын» айтқан тарихшы Бейбіт Қойшыбаев тәуелсіздік алдындағы жағдай, жастар көтерілісінің себептері ескі көзқарас тұрғысынан баяндалғанына қынжылады. Тарихшы оқулықта сол кезеңдегі «ұлттық мәселелердің қыртыс-қыртысы ашылмаған» деп ойлайды.

- «1986 жылдың желтоқсанына дейін бір жыл сегіз айда түбегейлі өзгерістер болмады», «басшылықты бірден ауыстыруға дейін жалғасты», «Қонаев басқарған жылдарда ел ірі жетістіктерге жетті» деумен шектелу мәселені ашпайды. Бар салада ұлттық мүдденің шектеліп тұрғанын, қазақтардың өз астанасында тұрақты тіркеуге тұра алмайтындай ахуал орнағанын, үй-күйі болмағанын, орыс тілінсіз күн көру мүмкін еместігін, жалпы, интернационалдық тәрбиенің қате ұғылғанын, «ұлттық» деген сипаттан тек нашар мағынасындағы ұлтшылдықты көру дағдыға айналғанын түсіндіру керек еді, - дейді ол.

Бейбіт Қойшыбаев «1986 жылғы ұлттық қарсылықтың» себеп-салдары, сабақтары, қорытындылары жаңа көзқараспен толық қайта қаралып, жан-жақты жазылуы керек деп есептейді.

«БІР САҒАТПЕН ШЕКТЕЛМЕЙМІЗ»

Алматыдағы орта мектептердің бірінде тарих пәнінен сабақ беретін мұғалима Гүлшара Мышанқызы оқулықтарға көңілі толатынын, ал «Желтоқсан оқиғасы» туралы толық мәліметтердің бәрін бір жарым бетке сыйдыру мүмкін еместігін айтады.

- Біз тек оқулықпен шектелмейміз. Электрондық оқулық, кітапхана мәліметтерін пайдаланамыз. Бұл тақырыпқа бір-ақ сағат берілгендіктен ол оқиға туралы
9 cыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығының Желтоқсан оқиғасы туралы жазылған беті. Үстінен бассаңыз, сурет үлкейеді.

оқушыларға ылғи қосымша ақпарат айтып отырамын. Өйткені бір сағаттың ішінде тақырыпты толық меңгере алмайды ғой, - дейді ол.

Азаттық тілшісінің аталған оқулық авторларынан пікір алу әрекеті әзірше нәтижесіз болып тұр.

1986 жылғы желтоқсанның 16-18 күндері Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне Геннадий Колбиннің тағайындалуына қарсылық танытқан мыңдаған қазақ жастары Алматының орталық алаңына шығып, наразылық шеруін өткізген еді. Бірақ совет үкіметі жастар наразылығын арнайы әскердің күшімен басып-жаншып, демонстранттарға суық су шашып, әскери келте күрекпен ұрып таратты. Бұл оқиға СССР құлар алдындағы одақ республикаларында басталған әлеуметтік толқудың алғашқы көріністерінің біріне айналды.

Қазақстанның жаңа тарихына «Желтоқсан оқиғасы» деген атаумен енген бұл наразылыққа қатысқаны үшін совет билігі көптеген адамды қуғын-сүргінге салды. 99 адам әртүрлі мерзімге сотталды, екі адам ату жазасына кесілді. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң «Желтоқсан оқиғасына» қатысқандардың барлығы дерлік ақталды.

Азаттық Алматы мұрағатынан тапқан, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде түсірілген фото-құжаттар (саунслайд).

1986 жылғы Желтоқсанда Алматы алаңында түсірілген суреттер

1986 жылғы 17 желтоқсан күні таңертең Алматыдағы Брежнев алаңына (қазіргі Республика алаңы) қаладағы оқу орындарында білім алып жүрген және кәсіпорындарда жұмыс істейтін студент және жұмысшы қазақ жастары жиналды.
1/28 1986 жылғы 17 желтоқсан күні таңертең Алматыдағы Брежнев алаңына (қазіргі Республика алаңы) қаладағы оқу орындарында білім алып жүрген және кәсіпорындарда жұмыс істейтін студент және жұмысшы қазақ жастары жиналды.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Содан бір күн бұрын, 1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ ССР компартиясы орталық комитеті шұғыл пленум өткізіп, ұзақ уақыт бірінші хатшы болып істеген Дінмұхаммед Қонаевты қызметтен босатып, орнына Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Геннадий Колбинді тағайындаған.
2/28 Содан бір күн бұрын, 1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ ССР компартиясы орталық комитеті шұғыл пленум өткізіп, ұзақ уақыт бірінші хатшы болып істеген Дінмұхаммед Қонаевты қызметтен босатып, орнына Ресейдің Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Геннадий Колбинді тағайындаған.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
<div>Орталық алаңға бейбіт шеруге шыққан жастар Қазақстанға бейтаныс адамды басшы етіп тағайындаған Мәскеудің шешіміне наразы екенін айтып, талап-тілегін билікке жеткізуге талпынды.</div>
3/28
Орталық алаңға бейбіт шеруге шыққан жастар Қазақстанға бейтаныс адамды басшы етіп тағайындаған Мәскеудің шешіміне наразы екенін айтып, талап-тілегін билікке жеткізуге талпынды.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Шеруге шыққандардың қолында совет көсемі Владимир Лениннің ұлт саясаты жайлы сөзінен үзінділер, халықтың пікірін ескеруге шақырған, мысалы, &quot;Әр ұлтқа өз көсемі!&quot; деген және тағы басқа жазулар бар плакаттар болған.
4/28 Шеруге шыққандардың қолында совет көсемі Владимир Лениннің ұлт саясаты жайлы сөзінен үзінділер, халықтың пікірін ескеруге шақырған, мысалы, "Әр ұлтқа өз көсемі!" деген және тағы басқа жазулар бар плакаттар болған.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Алматының орталық алаңыңа жиналған адамдар
5/28 Алматының орталық алаңыңа жиналған адамдар
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Алаңға жиналғандар арасында студент және жұмысшы жастар, Алматыдағы түрлі мекеме, ұйымдардың қызметкерлері болды.
6/28 Алаңға жиналғандар арасында студент және жұмысшы жастар, Алматыдағы түрлі мекеме, ұйымдардың қызметкерлері болды.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Желтоқсанда Алматы алаңына шыққандар республика халқы үшін маңызды мәселелер қабылданған кезде жариялық болсын деген талап айтты. 1986 жылғы 25 ақпанда Мәскеуде ашылған Совет одағы коммунистік партиясының 27-съезінде жасаған саяси баяндамасында бас хатшы Михаил Горбачев елде өзгерістер жүргізгенде жариялық болуы қажет екенін алғаш рет мәлімдеген еді.
7/28 Желтоқсанда Алматы алаңына шыққандар республика халқы үшін маңызды мәселелер қабылданған кезде жариялық болсын деген талап айтты. 1986 жылғы 25 ақпанда Мәскеуде ашылған Совет одағы коммунистік партиясының 27-съезінде жасаған саяси баяндамасында бас хатшы Михаил Горбачев елде өзгерістер жүргізгенде жариялық болуы қажет екенін алғаш рет мәлімдеген еді.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
<div>Алматының орталық алаңына жиналған жастар.</div>
8/28
Алматының орталық алаңына жиналған жастар.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Алаңға жиналғандар ақын Жұмекен Нәжімеденовктің өлеңіне жазылған композитор Шәмші&nbsp;Қалдаяқовтың &quot;Менің Қазақстаным&quot; әнін бірге шырқап тұрды.
9/28 Алаңға жиналғандар ақын Жұмекен Нәжімеденовктің өлеңіне жазылған композитор Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнін бірге шырқап тұрды.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Алаңда тұрған жастардың бірі.
10/28 Алаңда тұрған жастардың бірі.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Оқиға куәгерлері алаңда халық көп болғанын, жастар бірігіп ән шырқап, бейбіт шеруде тұрғанын айтады.
11/28 Оқиға куәгерлері алаңда халық көп болғанын, жастар бірігіп ән шырқап, бейбіт шеруде тұрғанын айтады.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
12/28

Шеруге қатысқандардың сөзінше, алаңға жиналған жұрт өздерін толғандырған сұраққа билік толымды жауап береді, я Дінмұхаммед Қонаев ел алдына шығып, жағдайды түсіндіреді деп күткен. Бірақ алаңдағы мінберге шыққан үкімет шенеуніктері мен өзге де адамдар: &quot;Бұларың дұрыс емес, қайтыңдар, әйтпесе жаман болады&quot; дегеннен басқа жарытып ештеңе айтпады <strong><a href="https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty-1986-december-events-33-years/30328934.html" target="_blank">дейді </a></strong>куәгерлер.
13/28 Шеруге қатысқандардың сөзінше, алаңға жиналған жұрт өздерін толғандырған сұраққа билік толымды жауап береді, я Дінмұхаммед Қонаев ел алдына шығып, жағдайды түсіндіреді деп күткен. Бірақ алаңдағы мінберге шыққан үкімет шенеуніктері мен өзге де адамдар: "Бұларың дұрыс емес, қайтыңдар, әйтпесе жаман болады" дегеннен басқа жарытып ештеңе айтпады дейді куәгерлер.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
14/28

15/28

16/28

17/28

18/28

19/28

17 желтоқсанда ымырт үйіріле бастаған шақта алаңда таңертеңнен бері тұрған мыңдаған қыз-жігітті тарату үшін билік арнайы жасақ күшін қолдана бастады.
20/28 17 желтоқсанда ымырт үйіріле бастаған шақта алаңда таңертеңнен бері тұрған мыңдаған қыз-жігітті тарату үшін билік арнайы жасақ күшін қолдана бастады.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Қыстың аязды күні өрт сөндіретін мәшинемен жастарға су шашты, алаңнан тарауға көнбегенін резеңке таяқ және сапер күрегімен ұрып, итке талатты деп еске алады сол күні алаңда болғандар.
21/28 Қыстың аязды күні өрт сөндіретін мәшинемен жастарға су шашты, алаңнан тарауға көнбегенін резеңке таяқ және сапер күрегімен ұрып, итке талатты деп еске алады сол күні алаңда болғандар.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Қақтығыс кезінде жарақат алған жастарды жақтастары оңаша шығарып алып, көмек көрсетіп жатты.
22/28 Қақтығыс кезінде жарақат алған жастарды жақтастары оңаша шығарып алып, көмек көрсетіп жатты.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
23/28

24/28

25/28

26/28

27/28

Күндіз ғана бейбіт адамдар жайбарақат тұрған алаң құдды бір шайқас орнына айналып кеткендей болды. Арнайы жасақ күш қолданып, қолға түскен жастарды алаң шетіндегі көлікке тией бастады.
28/28 Күндіз ғана бейбіт адамдар жайбарақат тұрған алаң құдды бір шайқас орнына айналып кеткендей болды. Арнайы жасақ күш қолданып, қолға түскен жастарды алаң шетіндегі көлікке тией бастады.
Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады. Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Previous slide
Next slide
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Айдар
XS
SM
MD
LG