Accessibility links

Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.
Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.

Елде 5-7 қаңтар арасында не болды? Оқиғалардың толық хроникасы

5-7 қаңтар арасында Қазақстанда болған наразылық пен тәртіптсіздіктің хронологиясын осы парақшадан оқи аласыз.

10:15 5.1.2022

Қазақстанда наразылық күшейген тұста үкімет отставкаға кетті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет отставкасын қабылдады деп хабарлады 5 қаңтарда Ақорда сайты. Премьер-министр міндетін уақытша үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов атқарады.

Үкімет мүшелері жаңа кабинет құрамы бекітілгенге дейін өз міндетін атқара береді.

Жаңа жылдың алғашқы күндері Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында газдың күрт қымбаттауынан басталған наразылық Қазақстанның өзге өңірлеріне де тарады.

4 қаңтарда үкімет газды 50 теңгеге дейін төмендетуге келісті, бірақ наразылар саяси талаптар айта бастады, олар үкімет отставкасын да талап еткен.

Сәрсенбіге қараған түні елдегі ең ірі қала Алматыда орталық алаңға жиналып, үкіметке наразылық білдірген мыңдаған наразы азаматқа қарсы шулы жарық граната қолданып, көзден жас ағызатын газ шашты. Түн ішінде президент Тоқаев өз жарлығымен Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізді.

Алматыда 5 қаңтар түнде болған оқиғалар

Алматыдағы түнгі оқиғалар
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:16 0:00

10:21 5.1.2022

Тоқаев президент әкімшілігі мен ҰҚК басшылығында ауыс-түйіс жасады

Қазақстанда билікке жаппай наразылық өршіп, үкімет отставкаға кеткен тұста президент Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Мұрат Нұртілеуді қызметінен босатып, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары етіп тағайындады.

Қырымбек Көшербаев мемлекеттік хатшы қызметінен босатылып, оның орнына Ерлан Қарин тағайындалды. Бұған дейін Қарин президент көмекшісі болған.

4 қаңтарда, наразылықтың үшінші күні билік газды 50 теңгеге дейін төмендетуге келіскен, бірақ наразылар саяси талаптар қоя бастады, олар үкімет отставкасын да талап еткен.

Алматыдағы наразылық. 5 қаңтар 2022 ж.
Алматыдағы наразылық. 5 қаңтар 2022 ж.

10:30 5.1.2022

Алматы әкімі Сағынтаев наразылықты "арандатушылар мен экстремистер талпынысы" деп атады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 5 қаңтар таңертең қала тұрғындарына үндеу жасады. Сағынтаев өткен түні қалада билікке қарсы болған жаппай наразылықты "экстремистік әрекет" деп атап, оның артында "ішкі және сыртқы арандатушылар тұр" деп мәлімдеді.

Әкім тәртіп сақшыларының көмегімен қалада жағдайды тұрақтандыру, қауіпсіздікті сақтау шаралары жүріп жатқанын айтты.

"Қазір қаладағы жағдай бақылауға алынды. Арандатушылар мен экстремистер ұсталып жатыр. Бүлікшілер анықталып жатыр" деді Сағынтаев. Бірақ "экстремист, арандатушы" деп кімді меңзегенін нақты айтпады.

Қала басшысы азаматтарды "арандатушылық пен заңсыздыққа ермеуге" шақырды.

Одан бірнеше сағат бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мен Маңғыстау облысында 5 қаңтардан бастап 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жариялаған. Сәрсенбіде Алматыда қоғамдық көліктер жүрісі баяулады. Қалаға кіріп-шығу шектелді. Қазақстан тұрғындары түрлі аймақта мобильді интернет пен телефон байланысы шектелгені жөнінде хабарлап жатыр.

Жаңа жылдың алғашқы күндері Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында газдың күрт қымбаттауынан басталған наразылық Қазақстанның өзге өңірлеріне де тарады.

4 қаңтарда үкімет газды 50 теңгеге дейін төмендетуге келісті, бірақ наразылар саяси талаптар айта бастады, олар үкімет отставкасын да талап еткен.

Алматы әкімдігіне жақын маңда тұрған полиция көлігі. 5 қаңтар 2022 ж.
Алматы әкімдігіне жақын маңда тұрған полиция көлігі. 5 қаңтар 2022 ж.

10:46 5.1.2022

Шымкентте түнгі шеруге мыңдаған адам шықты

5 қаңтарға қараған түні Шымкентте бірнеше мың адам әл-Фараби даңғылынан шамамен он шақырым жердегі қала әкімдігіне дейін жаяу жүріп өтті. Екі сағатта әкімдік алдына жеткен наразылар қала әкімі Мұрат Әйтеновтің келуін талап етті. Наразылық барысында әкімдік жанында тұрған полиция көлігі бүлінді, кейбір көлікті аударып тастады.

Жиналған халық Қазақстан әнұранын айты, "Оян, қазақ!", "Шал, кет!", "Жинал!", "Қосыл!", "Жаңаөзенмен біргеміз!" деп айқайлады.

- 30 жылда Қазақстанда айтарлықтай өзгеріс болмады. Жұмыс жоқ, халық аш. Қымбатшылық. Газ бағасын 50 теңгеге түсіру халыққа ештеңе бермейді, тұрмысын жақсартпайды. Бұл - уақытша алдау, - деді наразылардың бірі.

Жиналғандар арасында дауыс зорайтқыш құралын ұстаған адамдар көпшілікті арандатуға жол бермеуге, ештеңені бүлдіріп-қиратпауға, қоқыс тастамауға шақырып жүрді.

Түнгі сағат үштер кезінде жиналғандар толық тарады. Полиция наразылыққа араласпады. Сейсенбіде Шымкент Плаза маңында наразылық басталған сәттен бастап интернет ажырап қалды. Қазір қалада интернет байланысы істемейді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG