Accessibility links

Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.
Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.

Елде 5-7 қаңтар арасында не болды? Оқиғалардың толық хроникасы

5-7 қаңтар арасында Қазақстанда болған наразылық пен тәртіптсіздіктің хронологиясын осы парақшадан оқи аласыз.

19:09 7.1.2022

7 қаңтардағы жағдай бойынша, Шымкентте жағдай тұрақты. Қала әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан Азаттық тілшісіне құқық қорғау органдары қаланы толық бақылауға алғанын жеткізді. "Екі күннен бері бірнеше ғимарат, оның ішінде әкімдік, көрме орталығы, Түркістан сарайы, театр, "Нұр Отан" партиясының ғимараты бүлінген. Онға жуық нысанға зиян келген. Шығын есептеліп жатыр. 5 қаңтарға қараған түні 59 көлік өртенген, 45 адам ұсталған. Қаза тапқандар, жараланғандар бар" деді ол. Бірақ әкім орынбасары олардың нақты санын айта алмады.

19:08 7.1.2022

Азаттық тілшісі 7 қаңтарда Ақтөбедегі облыстық әкімдік ғимаратынына кірген. Алты қабат ғимарат түгелдей бүлінген, терезелері шағылған. Маңайды қазір әскерилер қоршап, күзетіп тұр. Тілшінің көз алдында олар бірнеше адамды ұстаған. Азаттық журналисі жедел жәрдем ауруханасына да барды. Бірақ күзетшілер оны ішке кіргізбеді. Тілші жараланғандар туралы ақпарат ала алмады.

19:08 7.1.2022

7 қаңтар таңертеңгі мәлімет бойынша, Ақтаудың Ынтымақ алаңында 700-ге жуық адам тұр. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, олар президенттің отставкасын талап етіп жатыр. Жиналғандарға жергілікті зиялы қауым өкілдері келіп, тарауға шақырған.

Азаттық тілшісіне жергілікті белсенділер «Маңғыстау арена» ғимаратында отырған әскерилерге бара жатқан белсенділер Әмин Елеусінов пен Қыстау Қосшығұловты жолда көліктерін тоқтатып, терезесін шағып, белгісіз біреулер ұстап әкеткенін хабарлады. Олардың қазір қайда екені белгісіз. Әмин Елеусінов Ақтауда 2 қаңтарда басталған наразылардың жетекшісі ретінде белгілі.

19:07 7.1.2022

7 қаңтар жергілікті уақытпен таңғы сағат 4 жарымда Ақтөбеде алаңда тұрған жүзден аса адамға полиция оқ атып, митингіні күшпен таратты. Ақтөбелік белсенділер Азаттық тілшісіне жараланғандар барын, оларды ауруханаға әкеткенін хабарлады. Қаза тапқандар бар ма, ол жағы белгісіз. Әкімдік маңын қазір полиция күзетіп тұр.

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында 7 қаңтарға қараған түні митингішілер өз еркімен тараған. Бүгін таңертеңнен бастап шахтадағы жұмыс қайта жанданған. Бұл туралы Азаттық тілшісіне шахтерлердің өзі хабарлаған.

Қарағандыда 7 қаңтарға қараған түнде бірнеше адам ұсталды. Облыстық ішкі істер департаменті "ахуалды ушықтырғысы келгендердің ұсталғанын" мәлімдеген. Жергілікті билік өңірдегі ахуалды толық бақылауға алғанын хабарлады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG