Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева (сол жақта) мен Ресей федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко. Мәскеу, 22 қазан 2019 жыл.
Қазақстанның бұрынғы президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева елді отыз жылға жуық билеген әкесі отставкаға кеткен наурыздың 20-ы күні мемлекеттік билік иерархиясында президенттен кейінгі екінші лауазым - сенат төрағасы қызметіне отырды. Назарбаева бұл қызметке келген соң өзіне дейінгі сенат төрағаларынан байқалмаған белсенділік танытты. Ресми ақпарат құралдары оның кез келген кездесуі немесе мәлімдемесі туралы жаңалық беріп отырды. Азаттық тілшісі "Бұл белсенділік нені білдіреді және Дариға Назарбаеваның қазіргі саяси жүйедегі рөлі қандай?" деген сұрақты сарапшыларға қойып көрді.
Картоп өсірушілермен, бау-бақша, май және балық шаруашылығы өкілдерімен кездесу. Урюпинск балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған фестивальге қатысу. Жергілікті өкілді органдардың құрылғанына 25 жыл толуына орай өткен конференцияда сөз сөйлеу. Кездесулерге қатысу, қонақ қабылдау, сапарға шығу, мәлімдеме жасау, бастама көтеру – биыл наурызда сенат төрағасы қызметіне келген Дариға Назарбаеваның әр қадамы ресми ақпарат құралдары мен парламенттің жоғарғы палатасының сайтында жарияланып отырды. Мұндай белсенділік елеусіз қалмай, елде ондаған жылдар бойы айтылып келе жатқан "Қазақстан билігі династиялық жолмен беріледі" және "Дариға Назарбаеваны №1 қызметке дайындап жатыр" деген болжамдарға жол ашты.
- Назарбаева ханым жылдың екінші жартысында барынша белсенді болды. Мен мұны өз образын "түзету" ниетімен байланыстырамын. Ол Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін қызу талқылаудың ортасында қалып, өзіне қарсы пікірлерге тап болды. [Талқылау кезіндегі] аргументтердің басым бөлігі оның қызметі мен ақпарат құралдарында айтқан сөздерімен байланысты. Кеңесшілер негізгі мәселе – нашар образда деген шешімге келгенге ұқсайды. Демек, мұны өзгерту керек, - дейді саясаттанушы, Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының директоры Толғанай Үмбетәлиева.
Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы парламенттің жоғарғы палатасына 2016 жылы өткен. Оны депутат етіп сол кезде президент қызметінде отырған әкесі тағайындаған. Бұл Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қазасынан кейін болған еді. Назарбаевтың қызын сенат депутаты етіп тағайындауын "болашаққа қамданып жатыр" деп бағалағандар да табылды. Конституцияға сәйкес, президент қайтыс болған немесе қызметінен бас тартқан жағдайда оның қызмет өкілеті мерзімі аяқталғанша сенат төрағасына өтеді. Бұл механизм биыл сынақтан өтті: 2019 жылдың наурызына дейін сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың отставкасынан кейін Қазақстан президенті қызметіне ауысты. Ал босаған сенат төрағасының орнын Тоқаевтың ұсынысымен, президенттіктен кетсе де мемлекеттік аппараттың маңызды тетіктерін уысынан шығармаған, елдегі барлық негізгі лауазымдарға тағайындауды талқылауға қатысатын Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып отырған Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева басты.
Қазақстан президенті қызметіне жаңадан кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президенттің үлкен қызы, әкесі отставкаға кетісімен сенат төрағасы лауазымын иеленген Дариға Назарбаева қол алысып тұр. 20 наурыз 2019 жыл.
Алдын-ала айтылған болжамдар шындыққа айналып, Тоқаев жеңіске жеткен президент сайлауынан кейін екі ай өткен соң, тамыздың 12-сі күні, президент Тоқаев Дариға Назарбаеваны сенат депутаты етіп қайта тағайындады. Қыркүйекте парламенттегі әріптестері Назарбаеваның кандидатурасын биылғы наурыз айындағыдай тағы да бірауыздан қолдап, оны сенат спикері етіп қайта сайлады.
ШЕТЕЛГЕ САПАР ЖӘНЕ ЕЛ ІШІНДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІК
Келесі төрт айда Дариға Назарбаева бірқатар шетелдік мемлекет қайраткерімен кездесті. Ол Ресейге ресми сапармен барып, премьер-министр Дмитрий Медведевтің қабылдауында болды. Сенат сайтының хабарлауынша, Назарбаева кездесу барысында Ресейдің Қазақстаннан Украинаға көмір тасымалдауына байланысты енгізген шектеулері елдегі көмір өндіруші кәсіпорындардың жұмысына тежеу болып отырғанын айтып, мәселе көтерген. Ресей премьерінің сайты Медведев пен Назарбаеваның қандай тақырыптарда келіссөздер жүргізгенін хабарлаған жоқ, тек кездесудің суретін жариялады. Ресейдің Кремльді жақтайтын ақпарат құралдары Дариға Назарбаеваның Мәскеу түбіндегі Горки ауылындағы жағдайға қызығушылықпен қарап, "Мұнда қандай әдемі!" дегенін жазды. Дариға Назарбаева қазан айындағы бұл сапарында Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен жоқ.
Қазақстан парламенті сенатының спикері Дариға Назарбаева (сол жақта) мен Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев. Мәскеу, 23 қазан 2019 жыл.
Қыркүйек айында, Қазақстанда Қытайға қарсы наразылық акциялары өтіп жатқан кезде, Дариға Назарбаева Еуразия мемлекеттері парламенттерінің кеңесінде Қытай парламентінің басшысы Ли Чжаньшумен келіссөздер жүргізді. Қазақстанның ресми ақпарат құралдары бұл туралы "тараптар Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының ойдағылай дамып жатқанына ризашылық білдірді" деп жазды. Бірнеше күннен кейін Қытайдың Xinhua ақпарат агенттігі жариялаған хабарға сәйкес, Ли Чжаньшу Қазақстан парламенті палаталарының басшыларымен кездесу барысында Қытай мен Қазақстан арасындағы инвестицияларды қорғау, кедендік рәсімдеу, жұмыс істеуге рұқсат алу және қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру туралы келісімінің жаңартылған нұсқасын тезірек ратификациялау керегін айтқан.
Қазақстанның ақпарат құралдары Назарбаеваның Арменияға сапары және премьер-министр Николь Пашинянмен кездесуі туралы да жазды.
- Қандай лауазымда болғанына қарамастан, Дариға Назарбаеваның қызметі туралы көп жазылып келді. Ол елді Нұрсұлтан Назарбаев басқарған соңғы жылдары қатаң сақталған "көзге көп түспеу" ережесін ұстанған жоқ, - дейді Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының директоры Виктор Ковтуновский. Ол бұрынғы президенттің үлкен қызының PR науқанынан өзгешелік байқамағанын айтады.
Назарбаеваның белсенділігі ел ішінде де аңғарылды. Ол спикер қызметінде жүріп, өңірлерге жұмыс сапарымен барды, қауіпсіздік пен қорғаныс қабылетіне байланысты мәселелерді көтерді. Дариға Назарбаеваның қыркүйек айының соңында киносыншылардың бірі қымбат "сайлауалды ролик" деп бағалаған "Томирис" көркем фильмінің көрсетіліміне баруы да жұрт назарын аударды. Ол киноға "Қазтрансгаз" ұлттық компаниясының басшысы, бірқатар ақпарат құралдары "Назарбаеваның күйеуі" деп атайтын Қайрат Шәріпбаевпен бірге келді.
"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев биыл жалғыз Дариға Назарбаеваның ғана емес, билік басындағы басқа адамдардың да белсенділігі артқанын айтады.
- 2019 жылдың екінші жартысында елде қызық процестер байқалды. Дариға Назарбаева мен оның Мәжілістегі әріптесі Нұрлан Нығматулин көбірек белсенділік танытса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы Кәрім Мәсімов президент пен оның әкімшілігінен бойын аулақ ұстауға тырысты (ол әлі күнге Тоқаевтың алдына кірмеген күш құрылымының жалғыз басшысы). Мұның бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың "ұжымдық мұрагерінің" өзіндік моделін қалыптастыруға деген талпынысты көрсетеді. Яғни, мұнда ресми және бейресми әдістерді пайдаланып, елді бірлесіп басқару туралы сөз болып отыр. Биліктің мұндай моделінде Дариға Назарбаеваға басты болмаса да, маңызды рөл берілген. Мұндай модель негізінен "елбасының" қамқорлығымен және қолдауымен ғана жұмыс істей алады, сондықтан оның болашағы бұлыңғыр, - дейді Андрей Чеботарев.
Желтоқсанның соңында журналистермен кездескен Назарбаева гендерлік дискриминация тақырыбында парламенттілік тыңдау өткізуге уәде берді. 56 жастағы Дариға Назарбаева қоғамда 45 жастағы әйелдерді "қарт" санайтынын айтып, шағынды.
Оған дейін, қарашаның 27-і күні Назарбаева Петропавлдағы ерекше актерлер театрының "Біздің қанымыз бір" қойылымын тамашалап, жас әртістермен кездескен. Дариға Назарбаеваның алты жыл бұрын мүмкіндігі шектеулі балаларды "кемтар" деп атағанын қазір екінің бірі еске ала бермейді. 2013 жылы парламенттегі әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет отырысында Назарбаева жасөспірімдерді тәрбиелеу тақырыбында сөйлеп отырып, "жасынан ерте жауапсыз жыныстық қатынасқа түсудің қандай салдары болатынын көрсету үшін балаларды ара-тұра жетімдер үйіне, мүгедек балаларға арналған интернаттарға экскурсияға апарып тұру керек. Оларға әлгі балаларды - кемтарларды, мүгедектерді көрсету керек, көрсін!" деп мәлімдеген.
- Оның әртүрлі саладағы белсенділігі мен мәлімдемелерін қызық деуге келмейді. Олар қоғам оң көзбен қарайтындай емес. Бұдан бөлек, қате басқан саяси қадамдар мен сөздері де болды. Мәселен, оның әкімдерді әзілдеп сенатқа шақыруы. Менің ойымша, бұл саяси тұрғыдан дұрыс емес. Сенат – жоғарғы өкілді орган, әкімдер атқарушы билікке жатады. Министрліктер, үкімет, ең бастысы мемлекет басшысы бар. Бірақ сенат төрағасы ретінде ол саяси, әкімшілік ережелерді қаперіне алмады. Оның үстіне сенат төрағасы айналып өткен этика ережелері бар. Бұл оны саяси ойыншы ретінде жақсы қырынан көрсетпейді, - дейді Толғанай Үмбетәлиева.
Дариға Назарбаева петропавлдық ерекше актерлер театрының қойылымын көруге келген сәт. Нұр-Сұлтан, 25 қараша 2019 жыл.
ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ЖӘНЕ № 1 ҚЫЗМЕТ
Дариға Назарбаева президент болуы мүмкін деген пікірлер әкесі мемлекет басшысы болған жылдардың өзінде айтылған. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев билік "мұрагерлік жолмен" берілуі мүмкін деген сөзді жоққа шығарып, Дариға Назарбаева президент болуға ниеті жоғын айтқан.
Дариға Назарбаеваның Қазақстан президенті болуы мүмкін бе? Азаттық сөйлескен сарапшылар ондай болуы ықтимал екендігіне күмәнмен қарайды.
- Транзиттің мұндай түрі мүмкін болса, неге қазір президент қызметінде Дариға Назарбаева емес, Қасым-Жомарт Тоқаев отыр? Маған Дариға Назарбаева біраз уақыт бұрын үлкен саясатқа қызығушылығын жоғалтып, онда тек әкесінің қалауымен ғана мәжбүрлі түрде қалғандай көрінеді. Сенат төрағасы қызметінде ол екінші президенттің құзыретін шектеу арқылы маңызды рөл атқарады. Дариғаға қазіргі дуалистік басқару жүйесінде маңызды рөл берілген. Бұл жүйенің неге айналып бара жатқанын айту қиын. Жағдайдың екі ықтимал сценариі бар: бұрынғы авторитарлы президенттік модельге оралу немесе парламенттік басқару жүйесіне ұқсас басқа жүйеге өту.
Толғанай Үмбетәлиева "жоғарыдағылар" мен "төмендегілер" Назарбаеваны мемлекет басында көруге дайын емес деп есептейді.
- Элита Тоқаевты Дариға Назарбаеваға ауыстыру арқылы тәуекелге бара ма? Оған күмәнім бар. Бұрынғы президенттің өзі мұндай тәуекелге бармайды деп ойлаймын. Оған сынның астында қызы емес, өзі қалатын бүкіл ел аумағындағы наразылық керек емес. Қауіп өте жоғары. Бизнес элитаның ешқайсысы Назарбаеваны қолдауға ықыласты емес. Ойын ережесін ұстанбайтын ол тұрақты әрі сенімді серіктес емес, - дейді Үмбетәлиева.
Андрей Чеботаревтың пікірінше, Назарбаева билікте қалады және болашақта позициясы күшеюі мүмкін. Сарапшы билік "ұжымдық мұрагер" моделін күшейту үшін 2020 жылы кезектен тыс парламент сайлауын өткізуі мүмкін деп топшылайды. Сонда жаңа конфигурацияда Дариға Назарбаеваға ерекше рөл беріледі.
- Келер жылы ақпанда өтетін "Нұр Отан" партиясының сьезінде Назарбаева ханым партия төрағасы болып сайлануы мүмкін. Бұл бір жағынан, қазір жұмыс істеп тұрған партиялардан тыс Тоқаевтың мемлекет басшысы ретіндегі мәртебесін сақтау үшін керек. Екінші жағынан, "елбасының" үлкен қызының позициясын күшейтуді көздейді. Ол қазір президент квотасы бойынша депутат болып отыр және оның құзыреті 2022 жылы аяқталады. "Нұр Отан" төрағасы болу арқылы ол сенат спикерінің позициясына кез келген тиісті мәслихаттың сайлауымен тағайындала алады. Басқа нұсқа да бар - парламент сайлауына дейін немесе кейін "елбасы" мен президенттің келісілген бастамасы бойынша жаңа конституциялық реформа жүріп, нәтижесінде парламент пен оның палаталары билік жүйесінде күшеюі мүмкін. Мұндай жағдайда Дариға Назарбаеваның құзыреті мен мүмкіндіктері кеңейеді. Орта мерзімді перспективада оның "ұжымдық мұрагерлік" моделіне қатысуы қамтамасыз етіледі, - дейді сарапшы.
Дариға Назарбаеваның әр қадамы қоғамда белсенді талқыланғанына қарамастан, оның отбасының жеке өмірі жайлы сұрақтар жауапсыз қалып отыр. Ақпан айында ұлы Айсұлтан Назарбаев "Ресейдегі наркологиялық ауруханада ем қабылдап жатыр-мыс" деген сыбыс тараған кезде Дариға Назарбаева оның қайда жүргені туралы мәлімдеме жасаған жоқ.
Бірнеше айдан кейін бұрынғы президенттің жиені Ұлыбритания астанасында бөтен біреудің пәтеріне кіріп, жергілікті полицияға шабуыл жасады. Қазан айында Лондон соты Айсұлтан Назарбаевқа 18 ай шартты жаза кесіп, есірткіге тәуелділіктен емделуге міндеттеді. Назарбаевтар отбасы Айсұлтанның басындағы жағдай мен Ұлыбритания сотының шешімі жайлы пікір берген жоқ.
Дариға Назарбаева бұған дейін өз отбасына байланысты күрделі жағдайлардан мансабына нұқсан келтірмей шығып кетудің жолын табатын.
Дариға Назарбаеваның саяси мансабы
1/24Дариға Назарбаева – Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның отбасындағы үш қыздың үлкені. Ол совет заманында Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша тәмамдап, кейін Мәскеу мемлекеттік университеті аспирантурасында оқыған. Саяси ғылымдары докторы деген атағы бар.
Суретте: Дариға Назарбаева. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/24СССР ыдыраған тұста Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ересек екі қызы мен күйеубалалары өзге замандастары тәрізді әртүрлі салада қатардағы қызметтер атқаратын. Арада бірнеше жыл өткенде мемлекеттік қызмет пен бизнесте олардың тасы өрге домалай бастады.
Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелері. 1990 жылдардың басында түсірілген сурет.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/241995 жылы Дариға Назарбаева жаңадан құрылған "Хабар" агенттігі жабық акционерлік қоғамның басшысы болып тағайындалды. Жаңа агенттіктің құрылуы елдегі бірқатар оппозициялық ақпарат құралдарының "тендерден өте алмай" жабылуымен тұспа-тұс келді. Дариғаның күйеуі, медициналық білімі бар Рахат Әлиев әуелі салық комитетін басқарды, кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына дейін жоғарылады. Ерлі-зайыптылар Қазақстандағы бірқатар медиа-компаниялар, ірі кәсіпорындар мен коммерциялық банктің меншік иесіне айналды.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
4/24Дариға Назарбаева 2002 жылдан бастап өзі негізін қалаған Еуразия медиа-форумының ұйымдастыру комитетін басқарды. Сонымен бірге ол 2002 жылы өз бастамасымен құрылған Қазақстан журналистері конгресі ұйымы жетекшісі болып сайланды.
Суретте: Дариға Назарбаева кезекті Еуразия медиа-форумында сөйлеп тұр. Астана, 25 сәуір 2013 жыл.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/24Дариға Назарбаева 2003 жылы президент қызметіндегі әкесіне қолдау таныту мақсатында жаңадан құрылған "Асар" саяси партиясының жетекшісі болып сайланып, 2004 жылы партия атынан парламент мәжілісінің депутаты атанды.
Суретте: Дариға Назарбаева өзі басқаратын "Асар" партиясы жиынында сөйлеп тұр. 2005 жылғы қараша.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/242006 жылы "Асар" партиясы өзге билікшіл партиялармен бірге президенттік "Отан" (қазіргі "Нұр Отан") партиясына біріккен соң Дариға Назарбаева әкесі басқаратын партия төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Суретте: Қазақстан президенті сайлауында, ресми мәлімет бойынша 91 пайыз дауыс жинап жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) өзін қолдайтын "Асар" партиясын басқаратын үлкен қызы Дариғаның бетінен сүйіп тұр. Астана, 5 желтоқсан 2005 жыл.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
7/24Қазақстан билігі 2007 жылы көктемде алматылық "Нұрбанк" топ-менеджерлерін ұрлаған деген айыппен Венада Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметінде жүрген Рахат Әлиевтің үстінен сырттай қылмыстық іс қозғап, оны тұтқындауға санкция берді, кейін оған сырттай үкім шығарып, "адам ұрлау" қылмысымен бірге "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған" деген айып тақты. Арада бір ай өткенде баспасөз құралдары Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің сырттай ажырасқаны туралы ақпарат таратты.
Суретте: Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиев. 4 желтоқсан 2005 жыл.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
8/24Қазақстан билігі 2007 жылы хабар-ошарсыз кеткен "Нұрбанк" топ-менеджерлерінің мүрделері төрт жылдан кейін Алматыда табылғанын хабарлап, Қазақстан прокуратурасы қылмысқа Рахат Әлиевті айыптады. 2014 жылы жазда Австрия құқық органдарына "өз еркімен келгені" хабарланған Рахат Әлиев 2015 жылы ақпанда Вена түрмесінің жалғыз кісілік камерасында асылып тұрған жерінен табылған. Австрия тергеу орындары "бұл - суицид" деген қорытынды жасаған. Бірақ Әлиевтің жақтастары ол "қастандықпен өлтірілген" деп санайды.
Суретте: Рахат Әлиев (сол жақта) қайынатасы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге тұр.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
9/24Рахат Әлиев шетелге қашқан соң Дариға Назарбаева да біраз уақыт саяси сахнадан көрінбей кетті. Баспасөзге шыққан сирек сұхбаттарында ол "билікке құмарпайтынын" бірнеше рет мәлімдеген еді. 2011 жылдың аяғында Дариға Назарбаева Мәскеуде концерт беріп, көпшілік алдына қайта шықты. Осыдан соң президенттің қызы үлкен саясатқа да қайта оралды.
Суретте: Дариға Назарбаева "Алма-Ата – алғашқы махаббатым" ретрофестивалінде ән шырқап тұр. Алматы, 7 қыркүйек 2013 жыл.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
10/24Дариға Назарбаева 2012 жылдың қаңтарында президенттік "Нұр Отан" партиясының тізімі бойынша парламент депутаты болып сайланып, мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарды.
Суретте: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақтан екінші) пен оның қызы Дариға Назарбаева (оң жақта) "Нұр Отан" партиясының парламент сайлауындағы жеңісін тойлау шарасында ән шырқап тұр. Астана, 16 қаңтар 2012 жыл.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
11/242014 жылы сәуірде Қазақстан парламенті мәжілісі депутаттары төменгі палата төрағасының орынбасары қызметіне Дариға Назарбаеваны бірауыздан сайлады.
Суретте: Мәжіліс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева. Астана, 18 ақпан 2015 жыл.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
14/24Дариға Назарбаева жаңа қызметке тағайындалған соң көп ұзамай президент әкесі оны өзімен бірге Ұлыбританияға ертіп апарды, екеуі британ патшайымы екінші Елизаветаның қабылдауында болды.
Суретте (солдан оңға қарай): Дариға Назарбаева, Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета және оның жұбайы Филипп ханзада Букингем сарайында. Лондон, 4 қараша 2015 жыл.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
15/24Қазақстанда билік басына совет заманында келген Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси мұрагері туралы сөз болғанда кейбір сарапшылар президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның да есімін атайтын. 2016 жылғы маусымда Санкт-Петербургте өткен экономика форумында президент Назарбаев әйел адамның билікке келуі жайлы сұраққа жауабында Қазақстанда гендерлік саясаттың табысты жүріп жатқанын, үш қыздың әкесі екенін айта келе, ешкімнің аты-жөнін атамаса да, елде президент болуға лайық "дайындалған әйелдер" бар деп мәлімдеген еді. Жиынға қатысып отырған Ресей президенті Владимир Путин ондай "дайындалған әйелдердің" кейбірін танитынын айтқан.
Суретте: Нұрсұлтан Назарбаева (сол жақта) үлкен қызы Дариғамен бірге мерекелік шарада отыр. Алматы, 1 мамыр 2016 жыл.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
16/242016 жылы көктемде халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) панамалық Mossack Fonseca заң фирмасының көмегімен оффшорлық есеп-шот ашқан әлемдегі бірқатар саясаткер, бизнесмен, спорт және шоу-бизнес саласындағы белгілі тұлғалардың аты-жөні бар құпия деректерді жариялады. ICIJ дерегінше, Dariga N. Nazarbayeva есімді адам 2007-2012 жылдары британ Виргин аралдарында тіркелген, 2011 жылы қарашада қызметін доғарған Asterry Holdings LTD оффшорлық компаниясының тең қожайыны болған. Mossack Fonseca материалдарында есімі аталған тағы бір адам – Дариға Назарбаеваның үлкен ұлы Нұрәлі Әлиев "Панамагейт" деректері жария болардың алдында аяқ астынан Астана әкімінің орынбасары қызметінен кеткен еді. Нұрәлі Әлиев пен Дариға Назарбаева оффшор есеп-шоттардың қожайыны ретінде аты-жөндері көрсетілген деректерге байланысты ешқандай түсініктеме берген емес.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
17/242016 жылы 13 қыркүйекте президент әкесінің жарлығымен 53 жастағы Дариға Назарбаева парламент сенатының депутаты болып тағайындалды. Ал екі күннен соң жоғарғы палата депутаттары Дариға Назарбаеваны сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің жетекшісі етіп сайлауды бірауыздан қолдап дауыс берді. Конституцияға сәйкес, сенаттың 15 депутатын президент өз жарлығымен тағайындайды.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
18/242019 жылы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті қызметінен кететін мәлімдеді. Ертесіне парламент сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа президенті ретінде ант берген соң іле-шала Дариға Назарбаеваны сенат спикері етіп тағайындауды ұсынды. Қазақстан парламенті Назарбаеваны сенат жетекшілігіне тағайындауды бірауыздан мақұлдады.
Суретте: Сенат жетекшісі Дариға Назарбаева (оң жақта) әкесі Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" төс белгісін тапсырып тұр. Нұр-Сұлтан, 6 маусым 2019 жыл.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
19/242020 жылғы мамырдың біріне президент Тоқаев Дариға Назарбаеваға "белсенді де жемісті жұмысы" үшін алғыс білдіріп, экс-президенттің қызының парламент сенаты депутаты өкілетін доғару жөнінде жарлық шығарды.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
20/242021 жылғы қаңтардағы даулы парламент сайлауының ресми қорытындысына сәйкес, Дариға Назарбаева экс-президент әкесі Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын "Нұр-Отан" партиясы тізімі бойынша парламент мәжілісі депутаты болып сайланды. Кей сарапшылар Назарбаева мәжіліс спикері болады деп болжам жасаған, бірақ оның кандидатурасы ұсынылмады. Дариға мәжілістің эконлмикалық реформа және аймақтық даму комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұған қоса ол биліктегі "Нұр-Отан" партиясы саяси кеңесінің мүшесі болды.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
21/242020 жылы көктемде Ұлыбританияның қылмыспен күрес агенттігі (NCA) Лондондағы жалпы құны 80 миллион фунт (100 миллион доллардан астам) тұратын екі зәулім үй мен бір элиталық пәтерді бұғаттады. Британ билігі осы жылжымайтын мүліктердің соңғы қожайындары Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиевтің ол үйлерді қандай ақшаға сатып алғанын анықтау үшін "шығу төркіні белгісіз байлық" ордерін (UWO) қолданған. Бірақ 8 сәуірде британ жоғарғы соты ордердің күшін жойып, мүліктерді бұғаттан босатқан.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
22/24Билы ақпанның басында Ұлыбритания парламенті депутаты Маргарет Ходж Қазақстандағы байлықтың басым бөлігі бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жақын санаулы адамдарға тиесілі екенін, олардың халқын тонап байығанын мәлімдеп, британ сыртқы істер министрлігінен "клептократтарға" санкция салуды сұрады. Ходж аты-жөнін атаған 28 адамның арасында Дариға Назарбаева да бар. Ходждың сөзі Қазақстан қоғамында да қызу талқыланды. Алайда Дариға Назарбаева және өзге адамдар әлі күнге дейін ешқандай пікір білдірген жоқ.
Суретте: Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда әкесінің аты берілген саябақта балалар алаңын ашу шарасы кезінде доп лақтырып тұр. 27 мамыр 2021 жыл.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
23/24Қаңтар оқиғасынан кейін бұрынғы және қазіргі президенттердің жақтастары арасында тартыс өршігені туралы болжам кең тараған. Көп ұзамай экс-президент Назарбаевтың туыстары мен оған жақын шенеуніктер қызметтен кете бастады. 18 қаңтарда жасаған видеомәлімдемесінде Назарбаев "элита арасында тартыс жоғын" айтып, барлық билік Тоқаевтың қолында екенін, өзі қарапайым "зейнеткер" екенін мәлімдеген. 28 қаңтарда "Нұр Отан" партиясы съезінде бекітілген жаңа саяси кеңес құрамына Назарбаева да, оның әкесі де енген жоқ.
Суретте (солдан оңға қарай): Дариға Назарбаева, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы жиынында. Нұр-Сұлтан, 23 сәуір 2020 жыл.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
24/2458 жастағы Дариға Назарбаева 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шыққан жоқ. Көмекшісі оның коронавирусқа шалдыққанын, Алматыдағы үйінде екенін айтқан еді. Кейінірек Назарбаева "ақпанның аяғына дейін ақысыз демалыста" екені жайлы ақпарат тарады.
25 ақпанда Назарбаеваға қатысы бар делінетін сайт оның қысқа мәлімдемесін жариялады. Онда "Нұр Отан" партиясына дауыс берген" қазақстандықтарға, партия мүшелеріне және ел билігіне "өзіне артқан сенімі үшін" алғыс білдірген Дариға Назарбаева депутаттық өкілетін доғару себебін түсіндірмеген.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға парламент мәжілісі депутаты өкілетін мерзімінен бұрын доғаратынын мәлімдеді. 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жұрт алдына шықпаған Назарбаева бұл шешімін 25 ақпанда жариялады. Әкесі билікте отырған кезде саясатқа араласуын бастаған ол кезінде ірі медианы басқарды, үкіметте де, парламентте де басшы қызметтер атқарды, өзінің саяси партиясын да құрды, Қазақстанда және шетелде қымбат мүліктері бар бай адам атанды. Азаттық Дариға Назарбаеваның саяси мансабы жайлы фотогалерея ұсынады.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Previous slide
Next slide
2006 жылы Дариға Назарбаева президент отбасымен байланысы бар басылымда оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасы туралы "Дежа вю" деген мақала жариялап, сол кездегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаевты сынаған. Назарбаеваның сөзінше, Дүтбаев президентке кіріп, қылмысқа қатысы бар деген күдіктілер арасында президент отбасының мүшелерін, сенат спикері және Назарбаевтың жақын серігі Нұртай Әбіқаевты атаған (Әбіқаевтың қол астында жұмыс істеген сенат аппаратының жетекшісі Ерлан Өтембаев көп ұзамай "қылмысқа тапсырыс беруші" деп танылды). Көп ұзамай Дариға Назарбаева "Дежа вю" мақаласын ашу үстінде жазғанын айтты.
Жеті жылдан кейін Қазақстан билігі істі қайта қарап, "қылмысқа Рахат Әлиев тапсырыс берген" деп тапты. Ол кезде президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева туған елінде өзі басқарған банк менеджерлерін өлтіру, қылмыстық топ құру, мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс және мемлекетке опасыздық жасау баптары бойынша айыпталып, сырттай 40 жылға түрме жазасына кесілген күйеуі Рахат Әлиевпен ажырасып кеткен болатын.
Шетелге қашқан Рахат Әлиевке 2007 жылы осындай ауыр айыптар тағылған кезде Дариға Назарбаева біраз уақыт қоғам назарына түспей кетті. Бірақ 2015 жылы өзіне тағылған айыптарды "саяси астары бар" деп мойындаудан бас тартқан Рахат Әлиевтің ұсталғанда және кейін ол Австрия түрмесінен өлі табылғанда сыр берген жоқ. Саяси сахнаға қайта оралған Дариға Назарбаева парламентке өтіп, мәжіліс төрағасының орынбасары болды. Әлиевтің қазасынан кейін Назарбаеваның тасы өрге домалады: 2015 жылы қыркүйекте ол премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалып, бір жылдан кейін сенатқа ауысты. Тағы үш жылдан кейін Дариға Назарбаева жоғарғы палатаны басқарды. Қазір ол елдегі №1 мемлекеттік қызметтен бір қадам жерде тұр.
Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.