Accessibility links

Алматыда тұрғын үйді көшкін басып, төрт адам мерт болды

Алматыда лай көшіп, төрт адам қаза тапты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:36 0:00

Медеу ауданында көшкін жүріп, лай топырақ жеке меншік үйді жермен-жексен қылып, бір отбасындағы төрт адам мерт болды. Көшкін тағы бір үй бүлдірді. Алматы, 8 ақпан, 2024 жыл

Алматының Медеу ауданындағы таулы жерде орналасқан Таусамал ықшамауданында көшкін жүріп, лай топырақ жеке меншік үйді жермен-жексен қылды. Онда тұрып жатқан төрт адам мерт болды. Тағы бір үй жартылай бүлінді.

8 ақпан түнгі сағат 2:20 кезінде Таусамал ықшамауданында көшкін жүріп, лай топырақ жеке меншік екі үйді басып қалғаны туралы суыт хабар тарады. Қаланың төтенше жағдайлар департаменті бір үй түгелдей, екінші үй жартылай топырақ астында қалғанын хабарлады.

Бейсенбі күні таңертең қала әкімі Ерболат Досаев көшкін толық басып қалған үйде "төрт адам (екеуі – бала) тұрған, олар үйдің ішінде қалып қойған" деген болжам барын айтты.

Көшкін астында қалған тұрғын үй

8 ақпан түнде Алматының Медеу ауданындағы Таусамал ықшам ауданында көшкін жүріп, лай топырақ жеке меншік екі үйді – бірін толық, екіншісін жартылай басып қалды деп хабарлады жергілікті билік
1/10 8 ақпан түнде Алматының Медеу ауданындағы Таусамал ықшам ауданында көшкін жүріп, лай топырақ жеке меншік екі үйді – бірін толық, екіншісін жартылай басып қалды деп хабарлады жергілікті билік
Қала әкімі Ерболат Досаев көшкін толық басып қалған үйде төрт адам (екеуі бала) тұрған, "олар үйдің ішінде қалып қойған" деген болжам барын айтты
2/10 Қала әкімі Ерболат Досаев көшкін толық басып қалған үйде төрт адам (екеуі бала) тұрған, "олар үйдің ішінде қалып қойған" деген болжам барын айтты
"Жақын аумақтағы үйлерде тұратын адамдар №47 мектепке орналастырылды. Оларға жатын орын, ыстық шай және өзге керек заттар берілді. Бірнеше сағаттан кейін тұрғындар өз қалауы бойынша туыстары мен таныстарына кетті" деп хабарлады жергілікті билік
3/10 "Жақын аумақтағы үйлерде тұратын адамдар №47 мектепке орналастырылды. Оларға жатын орын, ыстық шай және өзге керек заттар берілді. Бірнеше сағаттан кейін тұрғындар өз қалауы бойынша туыстары мен таныстарына кетті" деп хабарлады жергілікті билік
"Құтқару-іздестіру жұмысына 200-ге жуық адам, 30 техника құралы жұмылдырылды. Үйлер тым жақын орналасқандықтан техниканы пайдалануға қиындық туғызып жатыр" деп хабарлады төтенше жағдай департаменті
4/10 "Құтқару-іздестіру жұмысына 200-ге жуық адам, 30 техника құралы жұмылдырылды. Үйлер тым жақын орналасқандықтан техниканы пайдалануға қиындық туғызып жатыр" деп хабарлады төтенше жағдай департаменті
Көшкін астында қалған жеке меншік тұрғын үйдің орнынан 8 ақпан таңертеңгі сағат 10 кезінде бір бозбала өлі табылды деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті
5/10 Көшкін астында қалған жеке меншік тұрғын үйдің орнынан 8 ақпан таңертеңгі сағат 10 кезінде бір бозбала өлі табылды деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті
Арада үш сағат өткенде құтқарушылар көшкін салдарынан опат болған тағы үш кісіні: 1984 жылы туған ер адамды, 1980 жылғы әйелді және 2007 жылы дүниеге келген егіздің сыңарын үйінді астынан алып шықты.
6/10 Арада үш сағат өткенде құтқарушылар көшкін салдарынан опат болған тағы үш кісіні: 1984 жылы туған ер адамды, 1980 жылғы әйелді және 2007 жылы дүниеге келген егіздің сыңарын үйінді астынан алып шықты.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Гүлдана Нұрымбетова көшкін жүрген жерге барған БАҚ өкілдеріне ақпарат беріп тұр. 8 ақпан, 2024 жыл
7/10 Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Гүлдана Нұрымбетова көшкін жүрген жерге барған БАҚ өкілдеріне ақпарат беріп тұр. 8 ақпан, 2024 жыл
Төтенше оқиға болған аумақты бақылауға алған полиция ол жаққа сырт жақтан барған адамдарды өткізбей тұр деп хабарлады бейсенбі күні таңертең сол жерге барған Азаттық тілшілері
8/10 Төтенше оқиға болған аумақты бақылауға алған полиция ол жаққа сырт жақтан барған адамдарды өткізбей тұр деп хабарлады бейсенбі күні таңертең сол жерге барған Азаттық тілшілері
Көшкін қиратқан үйдің орнын аршу жұмысы жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі арматура, әйнек сынықтары араласқан лай топырақтың көптігі, үйге баратын жолдың тарлығы қолда бар техниканы толымды пайдалануға мүмкіндік бермей, шаруаны қиындатып, жұмыс негізінен қол күшімен жасалып жатқанын айтады.
9/10 Көшкін қиратқан үйдің орнын аршу жұмысы жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі арматура, әйнек сынықтары араласқан лай топырақтың көптігі, үйге баратын жолдың тарлығы қолда бар техниканы толымды пайдалануға мүмкіндік бермей, шаруаны қиындатып, жұмыс негізінен қол күшімен жасалып жатқанын айтады.
<div>Алматы қаласының әкімдігі төтенше оқиғаның себептерін тексеру және көшкін салдарын жою жөнінде арнайы топ құрылғанын хабарлаған.</div>
10/10
Алматы қаласының әкімдігі төтенше оқиғаның себептерін тексеру және көшкін салдарын жою жөнінде арнайы топ құрылғанын хабарлаған.
Previous slide
Next slide

Төтенше жағдайлар департаментінің ресми хабарламасында "техногендік сипаттағы оқиғаға қар мен жаңбыр суынан қатты ылғалданған 3200 текше метр лай топырақтың жылжуы" себеп болғаны айтылған.

Таусамал ықшамауданындағы бір-екі қабатты, көбі биік дуалмен қоршалған жеке меншік тұрғын үйлер тар көшенің бойында бір-біріне жақын, тығыз орналасқан. Көшеде жаяу адам жүретін жол жоқтың қасы.

Төтенше оқиғадан кейін жақын аумақтағы жеке меншік үйлерде тұратын адамдар қауіпсіз жерге көшірілген.

"Олар №47 мектепке орналастырылып, жатын орын, ыстық шай және өзге керек заттар берілді. Бірнеше сағаттан кейін тұрғындар өз қалауы бойынша туыстары мен таныстарына кетті. Оқиға болған жерде кезекші дәрігерлер бригадасы, төтенше жағдайлар департаментінің психологтар тобы жұмыс істеп жатыр" деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.

Төтенше оқиға болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Алматы, 8 ақпан, 2024 жыл
Төтенше оқиға болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Алматы, 8 ақпан, 2024 жыл

Хабарсыз кеткен адамдарды іздестіру жұмысына 30 техника құралы мен 200-ге жуық адам – құтқарушылар, сарбаздар, өрт сөндіру қызметінің өкілдері, дәрігерлер мен арнайы үйретілген ит ерткен кинологтар жұмылдырылған.

"Үйлер тым жақын орналасқандықтан техниканы пайдалануға қиындық туғызып жатыр" деп хабарлады төтенше жағдай департаменті.

Төтенше оқиға болған аумақты бақылауға алған полиция ол жаққа сырт жақтан барған адамдарды өткізбей тұр деп хабарлады бейсенбі күні таңертең сол жерге барған Азаттық тілшісі.

Полиция төтенше оқиға болған аумаққа сырттан барған адамдарды өткізбей тұр. Алматы, 8 ақпан, 2024 жыл
Полиция төтенше оқиға болған аумаққа сырттан барған адамдарды өткізбей тұр. Алматы, 8 ақпан, 2024 жыл

Азаттық тілшісі сөйлескен 58 жастағы Анатолий есімді адам туғаннан бері Таусамал ықшамауданында тұратынын, жердің қазіргідей "көшіп-жылжығанын" бұрын-соңды көрмегенін айтты. Ол бүгінгі төтенше оқиға – үй-жайды еш бақылаусыз, бір-біріне иін тірестіре қалай болса солай салудың салдары деп есептейді.

– Жаппай құрылыс салып, бау-бақшаны тып-типыл етіп отап тастады. Бұрын жеріміз көп ағаштың тамырының арқасында берік болатын, ал қазір ол бақтар жоқ. Ағаштарды түгелдей құртып, бетонды аямай құйып, мына үйлерді тұрғызды. Ал олардың салмағы қанша? Мұның бәрі жер қабатына артық күш түсіреді. 15 метр терең қазсаңыз, тасқа барып тірелесіз. [Топырақ қабаты] сол таспен жылжып жатыр, – деді Анатолий.

Оның көршісі Гүлнар 2006 жылы бұл ауданда жер көшкіні болған, бірақ дәл қазіргідей көлемде емес дейді. Ол жолы бір адам зардап шеккен. Жергілікті тұрғындар көшкіннің пайда болуына осы жерден 1250 метр биік тау жотасында орналасқан жеке меншік үйлер мен тұрғын жай кешендеріне су құбырын тарту да әсер еткен болуы мүмкін деп топшылайды.

Көшкін басып қалған үйде төрт адам – егіз ұл мен ата-анасы тұратын дейді көршілері.

"Ұлдар биыл мектеп бітіреміз деп жүрген", – дейді олар.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Гүлдана Нұрымбетова БАҚ өкілдеріне ақпарат беріп тұр. 8 ақпан, 2024 жыл
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Гүлдана Нұрымбетова БАҚ өкілдеріне ақпарат беріп тұр. 8 ақпан, 2024 жыл

Бейсенбі күні таңертеңгі сағат 10 кезінде қалалық төтенше жағдайлар департаменті көшкін басып қалған үйдің орнынан 2007 жылы туған бозбала өлі табылғанын хабарлады.

Арада үш сағат өткенде құтқарушылар көшкін салдарынан опат болған тағы үш кісіні: 1984 жылы туған ер адамды, 1980 жылғы әйелді және 2007 жылы дүниеге келген егіздің сыңарын үйінді астынан алып шықты.

Көшкін қиратқан үйдің орнын аршу жұмысы жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі арматура, әйнек сынықтары араласқан лай топырақтың көптігі, үйге баратын жолдың тарлығы қолда бар техниканы толымды пайдалануға мүмкіндік бермей, шаруаны қиындатып, жұмыс негізінен қол күшімен жасалып жатқанын айтады.

Бұған дейін қала әкімдігі төтенше оқиғаның себептерін тексеру және көшкін салдарын жою жөнінде арнайы топ құрылғанын хабарлаған.

Айдар
XS
SM
MD
LG