Accessibility links

Египеттегі танымал теледиктордың құлдық сананы жеңгені


Тележурналист Шахира Амин. 5 қараша 2009 жыл.
Тележурналист Шахира Амин. 5 қараша 2009 жыл.

Каирде Хосни Мүбәрәкке қарсы наразылық үдеп тұрған кезде танымал тележүргізуші Шахира Амин шерушілердің қатарына қосылды. Бұл оқиға жұртты айран-асыр етіп, Египет билігінің сырын ашып берді.

Шахира Амин – Египеттің қоғамдық өміріндегі ең әйгілі әйелдердің бірі. Ол соңғы 22 жыл бойы мемлекеттік «Ніл ТВ» телеарнасында жұмыс істеген, арна директорының ағылшын тілінде хабар тарату жөніндегі орынбасары болған адам.

Шахира Амин телеарнадан кету себебін:

– «Ніл ТВ» жұмысқа қабылдаған кезде, қызметтік өсіруде фаворитизмге салынады, оған қоса Египет ішкі істі министрлігі тарапынан қысым көреді, – деп түсіндірді.

Өзінен кейін басқалардың да жұмыстан кеткенін көрген Шахира Амин «үрейді ақыры жеңдік-ау» дейді. Азат Еуропа/Азаттық радиосына сұқбат берген Шахира Амин Египеттегі баспасөз бостандығы туралы ойымен бөлісті.

ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ

Азат Еуропа/Азаттық радиосы хабар тарататын елдердің көбіндегі шектеулер Египеттен де сорақы. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері көбінесе ықпалды адамдар болады, бірақ оларды мемлекет бақылап отыруы мүмкін.

Египеттік Шахира Амин басқа елдердегі әріптестеріне әділдіктен ешқашан таймаңдар деген кеңес береді.

– Журналистиканың қағидаларына адал болып, оқиғаны әділ, анық, еш бұра тартусыз, ашық баяндау керек, – дейді диктор.

Оның айтуынша, өзі телеарнада қызмет еткен 22 жылдан бері – Тахрир алаңындағы оқиға басталғанға дейін осыдан таймаған.

Шахира Аминның айтуынша, халық наразылығы жайлы хабар дайындаған кезде ішкі істер министрлігі баспасөз баянып дайындап беріп, қарсылыққа
Каирдегі Тахрир алаңындағы наразылық шеруі. Египет, 8 ақпан 2011 жыл.
көрсетуге арандатқан «Мұсылман бауырлар» деп айту керегін ескерткен.

– Анығында қарсылықты азаматтық белсенділер, Интернетті қолданушы жастар бастады ғой, – дейді Шахира Амин.

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ НҰСҚАУЫ

Ішкі істер министрлігі мұндай іске бұрын да араласқан еді. «2010 жылы желтоқсанда Александриядағы шіркеуде жарылыс болғанда сол министрліктен не айту керегі жазылған қағаз алғанбыз» дегенді айтады Шахира Амин. Онда «жарылысқа «Джайш Аль-Ислам» («Ислам әскері») ұйымы жауапты» деп жазылған екен. Бірақ қазір ақпарат құралдары ол оқиғаға ішкі істер министрлігінің өзінің қатысы бар деп жазып жатыр.

«Каирде ақпанның 25-інде қарсылық басталғаннан бері «Ніл ТВ» мемлекеттік арнасы анық бұйрық ала бастады» дейді Шахира Амин.

– «Тек бірінші арнада ғана [араб тіліндегі «Ніл ТВ» арнасында] көрсетілген нәрсені таратасыңдар» деді. Сондықтан араб тіліндегі жаңалықтарда не көрсетіп жатқанын мұқият бақылап отырдық. Тікелей эфирде не оқу керегін ылғи жазып беріп отырды. «Мұны шетелдік күштер ұйымдастырып жатыр» дегенді айтыңдар деп қайта-қайта ескертетін. Ресми БАҚ айтуынша, Тахрир алаңыңа шыққандар не бұзақылар, не есірткі сатушылар болған, – деді ол.

ЖҰРТҚА ҚОЗҒАУ

Шахира Аминнің ақпанның 3-і күні жұмысынан кеткенін «Әл-Жазира», «Би-би-си» және «Си-эн-эн» арналары көрсетті. Одан кейін мемлекеттік ақпарат құралдарының басқа наразы қызметкерлері де кетті. Көбі Тахрир
Президент Хосни Мүбәрәктің қызметінен кеткеніне қуанған шерушілер. Египта, 11 ақпан 2011 жыл.
алаңындағы шерушілерге барып қосылды. Оларға мемлекет қаржыландыратын «Аль-Ахрам» газетінің тілшілер, Суэцтегі қызметкерлер де ілесті.

– Мен басқаларға қозғау салғандай болдым, – дейді Шахира Амин, – бірақ оның бәрі жалпыхалықтық толқудың бір екпіні ғой.

ӨЗГЕРІС

Шахира Амин жұмыстан кеткен соң бір аптадан кейін жаңалықтарды көрсету формасында әжептәуір ілгерілеу бар екенін байқады. Әріптестеріне бейнекамера беріп, «Тахрир алаңында не болып жатқанын еш боямасыз түсіріп келіңдер» депті. Бұрын мұндай болмағанын айтады Шахира Амин.

Шахира Амин – «Ніл ТВ» арнасының дикторы ғана емес, оған қоса «Си-эн-эн» арнасының штаттан тыс тілшісі. Ол коптарды кемсіту, Египеттегі судандық босқындар тәрізді шетін тақырыптарды сөз ететін. Соған бола бірнеше рет қысым да көріпті.

– Маған мемлекеттік қауіпсіздік орындары хабарласып, «кәсіби шеберлігіңізді сыйлаймыз, бірақ елдің беделіне нұқсан келтіретін мұндай қылықты ендігәрі қойыңыз» дейтін... Кейде сөгіс жариялайтын... Кейде «тағы осылай десең,
Билікке қарсы шерушілер Каирдегі мемлекеттік телеарнаның алдында. Египет, 11 ақпан 2011 жыл.
арты қайырлы болмайды» деп қорқытатын, – дейді Шахира Амин.

22 жыл жұмыс істеген орнынан кеткен диктор бұл наразылыққа себеп болған – жұртты шатастыратын хабарды тікелей эфирден оқыған күні екенін айтады.

– Тахрир алаңына бірнеше рет барғанмын. «Кентаки Фрайд Чикеннің» тамағын да, евро немесе доллар алып жатқан адамдарды да көрген жоқпын. Балалы-шағалы жұртты, христиандарды, мұсылмандарды, жұмысшы табын, орта тапты – жалпы қозғалысты көрдім, – дейді Шахира Амин.

– Көлігімді тоқтатып, Тахрир алаңынан жетіп жатқан әнді тыңдап отырдым. Сосын жұмысқа бармай, тура алаңға тарттым. Бастығыма: «Кешіріңіз, кеңсеге енді келмеймін. Өйткені билікті жақтамаймын. Халықпен біргемін» деп хат жазып жібердім, – дейді бұрынғы диктор.

Бір аптадан соң Шахира Аминды Египет вице-президенті Омар Сулейманмен ұлттық келіссөз өткізуге ұсыныс дайындайтын топқа қосылуға шақырды.

Шахира Амин сұқбатының соңында Египеттің қоғамдық өміріндегі әйелдің орнын айтып, парламенттегі әйелдердің өте аз екенін сөз қылды. «Бірақ ақпарат құралдары сияқты салада әйелдер ерлерден көп, Египет телеарналарындағы басшылардың бәрі әйел» деді сөз соңында.
XS
SM
MD
LG