Қытайда АҚШ долларымен есептегенде 2 миллион 700 мың миллионер, 251 миллиардер бар. Бұл мәліметтерді Қытайдың The Hurun Report зерттеу институты жариялады. Ал BMG мәліметтеріне қарағанда, Қытайдағы 1 миллиард 300 миллион халықтың 13 пайызының табысы күніне 1 доллар 25 центтен аспайды.
Қытайдағы бай мен кедей
1
Пекин көшесінде жаңбыр астында велосипед және мотоцикл мінген адамдар мен Porsche мінген қытайлық.
2
Үйінде әке-шешесін күтіп жүрген бала мен бос уақытын ойынмен өткізетін бала.
3
Пекиндегі ас ішіп отырған кедей отбасы мен бес жұлдызды мейрамханадан тамақтанып отырған байлар.
4
Пекин маңындағы Хэбэй провинциясындағы егістікте демалып жатқан шаруа және сол шақта Пекиннің сұлулық салонында жатқан қытайлық.
5
Пекиндегі әйелдердің шаш күтімі.
6
Пекин көшесінде ағаштан жасаған үй бұйымдарын сатып жүрген адам мен сол тауарларды супермаркеттен алуға кірген азамат.
7
Қытайда көшеде сұхбаттасып отырған адамдар.
8
Қытайдың Хэбэй провинциясы Ланфан қаласындағы жұмысшының аяғы мен байлардың аяқ киімі.
9
Пекиндегі арзан және қымбат дүкендер.
10
Пекиндегі екі отбасының үйі.
11
Пекиндегі екі түрлі сауда орталығы.
12
Түскі астарын ішіп отырған қытайлықтар. Табысы төмен азаматтар мейрамханадан ас ішуді армандайды.